Сабақтың тақырыбы: Зейтін Ақышев. Жаяу Мұса Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі74.88 Kb.
#176098
түріСабақ
Ана тілінде әдеби қабілетті оқушыларды жетілдіруге бағытталған сабақ үлгісі

Бастауыш сынып мұғалімі: Сасбаева Құндыз Р

Зейтін Ақышев

«Жаяу Мұса»


Ана тілі

4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Зейтін Ақышев. Жаяу Мұса



Сабақтың мақсаты

1. Әңгіменің тақырыбын ашу, жазушының негізгі айтайын деген ойын аңғарту.



2. Дамытушылық:

Әр түрлі сұрақтар – тапсырмаларды орындату арқылы ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын, ой өрістерін, констуркциялық жобаны талқылау арқылы шығармашылық қабілетін ашу.



3. Тәрбиелік:

Шығарма кейіпкерлері арқылы адами қасиеттерге баулу, өнерді сүюге, бағалауға тәрбиелеу



Көрнекіліктер: автордың, Шоқанның, Мұсаның портреттері, деңгейлік тапсырмалар

Әдісі: Конструкторлық жобалау технологиясы /Қ. Бітібаева / ұжымдық, топтық, жеке

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру

Амандасу, назарларын сабаққа аудару

  1. Жаңа материал бойынша жұмыс

Кіріспе: Үнтаспадан Жаяу Мұсаның бір әнін тыңдау

а/ Біз не тыңдадық?

б/ Бұл кімнің әні?

в/ Ән туралы не білеміз?

Мұғалімнің сөзі: - Балалар, бұл атақты әншіміз Жаяу Мұсаның әні

Жаңа білімді меңгерту

Бүгінгі сабақта Зейтін Ақышевтың "Жаяу Мұса" әңгімесін оқып танысамыз.



  1. Оқулықпен жұмыс

  1. Талдау жұмысы: конструкторлық жобаны оқушыларға таратып беру

Автор туралы мәлімет


Қосалқы кейіпкерлер

Тәтімбет

Құнанбай

Шоқан бейнесі

Негізгі кейіпкерлер

Шоқан

Мұса







1 бағыт




Қолы ашық, жомарт

Адамгершілігі мол

Білімді
Инабатты

Жаяу Мұса


2 бағыт


4 бағыт





Мұса бейнесі
Достық Басқа тілден енген сөздер

Білім


Әнді, өнерді сүю Мақал– мәтелдер

Тұрмыс кемшілігі

Тұрақты сөз тіркестері
Бейнелі, теңеу сөздер

Жазушының тілі

Негізгі тақырыбы мен идеясы



3 бағыт


5 бағыт


1 бағыт бойынша алдын – ала берген тапсырмалар бойынша реферат қорғау

Көмек – нұсқау


  1. а/ Құнанбай кім?

б/ Қазақ тарихындағы орны?

в/ Құнанбай туралы білудің маңызы бар ма?



  1. Мұса Байжанов

а/ өмірі

б/ өнері


в/ Мұса Байжановты қандай тарихи тұлғалармен қатар қояр едің?

  1. Тәтімбет

а/ Тәтімбет кім?

б/ Қанда күйлерін білесің?

в/ Сыныпта күй орындайтын оқушы бар ма? Болса қандай үміт күтесің?

4. "Менің Шоқаным" эссе

5. Зейтін Ақышев туралы деректеме
2 бағыт бойынша

Тапсырма:



  1. Көмек – нұсқау

Шоқанның инабаттылығын, адамгершілігін, қолы ашық жомарттылығын көрсететін тұстарды мәтіннен тауып оқы.

Өзің қандай қасиеттерін қосар едің?


3 бағыт бойынша

Басқа тілден енген сөздерді теріп жазып түсініктеме бер




Басқа тілден енген сөздер

Мағынасы

Устав









  1. Көмек – нұсқау

Мәтіндегі мақал – мәтелді тауып, мағынасын жаз


Мақал – мәтел

Мағынасы








  1. Көмек – нұсқау

Тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын жаз

Тұрақты сөз тіркесі

Мағынасы

Жалына қол жетпейтін








  1. Көмек – нұсқау

Әңгімеден Мұса Шормановтың қонақтарға арнап сойған жылқысының сипатын жаз, өзің басқаша қалай суреттер едің?


Жазушының сипаты

Оқушының жылқыға берген сипаты







4 бағыт бойынша

  1. Көмек – нұсқау

Мұса Байжановтың бойындағы өнер туралы айтылытын диологты тауып, рольге бөліп оқыңдар.

  1. Мұсаның өнерін тамашалауға қай кезде мүмкіндік туды? Қандай ұлттық салт – дәстүр туралы айтылған? Тағы қандай дәстүрлерді білесің?

  2. Көмек – нұсқау

Шығармадан қонақтардың Мұса өнеріне сүйсінгендері айтылған жолды және Тәтімбеттің берген батасын оқыңдар. Өзің қандай бата беріп, тілек айтар едің?

  1. Көмек – нұсқау

Мәтінді пайдаланып Мұсаның портретін жаса

Жаяу Мұса

Өз портретің

Көзі өткір, мұрын үлкен, қара торы




5. Көмек - нұсқау

Шоқан мен Мұса бейнесін салыстыр.

5 бағыт бойынша

№1 тапсырма

а/ Тұрмыс кемшілігі, әлеуметтік теңсіздік жайында жазылған тұстарды мәтіннен тауып оқы

Өз көзқарасыңды қазіргі заманмен салыстыра отырып дәлелде

№2 тапсырма

Жазушының осы шығармасын оқудың сен үшін бүгінгі таңда маңызы бар ма? Неге үйретеді? Неге тәрбиелейді деп ойлайсың?


3. Жаңа материалды бекіту
Шоқан, Мұса және мен болжам – жоба жасау
Жоба - болжам
























4. Қорытынды

Тест – интервью таратып беру


Тест – интервью


1. Шығарманың негізгі идесы неде?

Ескерту: Астын сызу керек


2. Шығарманың қай кейіпкері жүрегіңе жақын? Қай кейіпкерге ұқсағың келеді? Астын сыз

Неге екенін ауызша дәлелде?

3. Осы шығарма мазмұнына сай келетін мақал – мәтелдің астын сыз.

Неге екенін дәлелде? Өзің білетін басқа мақал – мәтел жазуға болады.

4. Жаяу Мұсаның қандай әндерін білесің? Жазып қой


Өнерді сүю, үйрену, спортты дәріптеу,

Отанды сүю, ерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу, бейбітшілік, адамгершілік

достық тәрбиесі

Жаяу Мұса, Шоқан, Мұса Шарманов, Тәтімбет, Солтанғазы



Батыр бір – оқтық Өнерді үйрен де жирен. Әр кімнің өз жері жұмақ. Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас. Батаменен ел көгерер.



5. Бағалау

6. Үйге тапсырма: Жаяу Мұса әндерін жазып келу. Ой-толғау жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет