Қарағанды қаласы
№ 6 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Бахыт Махметовна
Қызықты математика, 2 сынып
Тақырыбы: «Ат жарыс»
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту.
Түрі: сайыс
Әдіс – тәсілі: талдау, сұрақ – жауап, өзіндік жұмыс.
Көрнекілік: тақта, таға-ұпай, ат макеттары.
Техникалық құрал: интерактивті тақта, магнит тақта, сағат.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
ΙΙ. Кіріспе сөз:1-желтоқсанда қандай мереке болды? (Тұңғыш Президент күні)
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», деген Н.Ә.Назарбаев.Слайд№2
Бүгінгі жұмысымыздың түрін мына тапсырманы орындағаннан соң білесіңдер.
Слайд №3
№ 1 тапсырма: Берілген сандардың орналасуы бойынша сөздерді оқы.
Т
|
Р
|
А
|
Ж
|
А
|
С
|
Ы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
3, 1 ( Ат
4, 5, 2, 7 , 6 жарыс)
Слайд№4
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып,шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеру шашайық,
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар.
Ал,сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық!
ΙΙΙ. Тақырып мен мақсат хабарланады.Слайд №5
-Балалар, «Ат жарыс» дегенді естігенсіңдер ме?
-Ендеше бүгін «Бәйгеде» жарысқа түсеміз. Бұл қандай ойын? (Ұлттық)
Жарысқа екі 3-сыныптың оқушылары кезек-кезек шығып отырады. Әр тапсырманың көлеміне, күрделілігіне қарай оқушылардың саны көбейіп отырады. Бір рет қатысқан бала екінші рет шықпайды.
-
Шаптырым жеріміз 7 километр. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін 5 ұпай беріледі;
-
Қате орындаған тапсырманы сол топтың жанкүйерлері түзетіп, 1 ұпай ала алады.
-
Слайд№5,6
3-А сынып, Алпамыс батырдың аты қалай аталған? (Байшұбар)
3-Ә сынып, Қобланды батырдың аты ше? (Тайбурыл)
Ендеше, 3-А сынып «Байшұбар» тор атпен, 3-Ә сынып «Тайбурыл» ақ атпен шабысады.
ΙΥ. Жарыс. Слайд №9
1-километр тапсырмасы: «Математикалық» сөзжұмбақ. Екі сыныптан 1 баладан шығады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
. 42 : 6 = 7 101 : 101= 1
50 ∙ 0 = 0 36 : 9 = 4
Қандай сөз шықты? (төрт) Жылқы қандай жануар? (4 түліктің бірі, пайдалы, жесең ет, ішсең қымыз, мінсең көлік)
(аттарды жылжыту)
2-километр тапсырмасы: «Зейінділікке» тапсырма Әр сыныптан 2 баладан шығады, 1 минут уақыт беріледі. Слайд №10
1-топқа: Неше үшбұрыш? (5)
2-топқа: Неше төртбұрыш? (5)
3-километр тапсырмасы: Қызықты сұрақтар. Әр топтан 3 оқушыдан шығады, 4 минут уақыт беріледі. Слайд №11
«Байшұбар» тобына:
-
Сен, мен және біз. Нешеуміз? (2)
-
Аслан- 4 жаста, Дариға -9 жаста. Кім үлкен? Кім кіші?
3. Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды? Қай Назар тауар алған жоқ? (екеуі де алған жоқ)
“Тайбурыл” тобына
1.Ағашта 4 құс отыр; 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр? (2)
2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды? (0)
3. Екі таяқтың неше шеті бар? (2)
Υ. Сергіту сәті. Слайд №12
4-километр тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу. Сыныптардан 3 оқушыдан шығады, 2 минут беріледі. Слайд №13
«Байшұбар» тобына:
1.Ең кіші үш таңбалы сан (жүз)
2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)
3.Ондықтан құралған сан (40)
4.Бір таңбалы сан (3)
5.Кеміту амалы (азайту)
«Тайбурыл» тобына:
1.Бір таңбалы сан (бір)
2.Геометриялық фигура (бесбұрыш)
3.Бұрыш түрі (сүйір)
4. Уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз (шеңбер)
5-километр тапсырмасы: Баспалдақ ойыны. Слайд №14
Өрнектердің мәнін табу үшін әр топтан 4 баладан шығады, 4 минут уақыт беріледі.
«Байшұбар» жауаптары: «Тайбурыл» жауптары:
234+198 = 432 352+129 = 481
900 -436 = 464 700 – 361 = 339
483+395 = 878 584+296 = 880
243+157 = 400 618+284 = 902
856 – 327 = 529 703 – 122 = 581
6-километр тапсырмасы: Бейнелі сөзді шеш. Әр топтан екі баладан шығады, 1 минут беріледі. Слайд №15, 16
Жауаптары: азайту, метр.
7-километр тапсырмасы: Тест жұмысы. Әр топтан 4 оқушыдан шығады, 5 минуттан беріледі. Слайд №17
Жауаптары:
1-топ: 2-топ:
1-б, 2-а, 3-а, 4-ә, 5- ә. 1-ә, 2-а, 3-ә, 4-а, 5-ә.
ΥΙ. Қорытынды. Мадақтау. Слайд №18,19,20,21
Достарыңызбен бөлісу: |