Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе



бет1/3
Дата01.04.2024
өлшемі17.22 Kb.
#497201
түріСабақ
  1   2   3
Ұлттық валют қмж




Тақырыбы:«Алтын теңге» 
Мақсаты: 
Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. 
Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылыққа біліктерін дамыту. 
Түрі: тәрбие сағаты, танымдық ойын 
Ойынның көрнекілігі: Интерактивтітақта, суреттер, нақылсөздер, алтын теңге, үлестірме карточкалар. 
Сабақтың барысы: 
1) Ұйымдастыру кезеңі. 
Кіріспе. 
а) І-ші кезең: Бәйге кезеңі. ә) ІІ-ші кезең: Мақал сөздің мәйегі. б) ІІІ-ші кезең Блиц сұрақ.(көрермендерге) в) ІҮ-ші кезең «Білгенге маржан» видео тапсырма. 
Ойын барысы: 
Кіріспе.
1-ші жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Алтын теңге» танымдық ойынына қош келіпсіздер. Бүгінгі танымдық ойында сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Балалар, ойынымызға белсене араласып, зейін қойып тындай отырыңыздар, ойын барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да сұрақтар болатынын айта кетейік.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. 
Ақша-асыл қазына, халық байлығы. 
Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы болу керектігі аталды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы «Харисан енд санс» компаниясына тапсырыс жасалып, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды.
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов. 
Ең алғашқы бекітілген теңге купюраларының бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Бүгінгі күні Алматы қаласында ақша шығаратын фабрика жұмыс істейді және Өскемен қаласында металлургия заводында монеталар шығарылады.
Құрметті оқушылар, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
«Бәйге» кезеңі.
1.Ұлы тұлғалары бар, Керек құнды кағаздар (теңге).
2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан сайланды? (1991жылы1 желтоқсанда)
3.Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.(Ту, Елтаңба жәнеӘнұран)
4.Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
(Екіжағдайда: 1 ) Мемлекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда
5.Қазақстан Республикасы әнұранының авторларын ата? (Ж. Нәжмиденов, Н.Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
6.Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш. Ниязбеков)
7.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы кім?(Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
8.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды? (1993 жылы, 15 қараша)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет