Тақырыбы:«Алтын теңге»
Мақсаты: 1) Білімділік: Студенттерді ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Студенттерді рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Студенттердің өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылыққа біліктерін дамыту.
Түрі: сынып сағаты, танымдық ойын
Ойынның көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер, алтын теңге, үлестірме карточкалар.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе. а) І-ші кезең: Құпия сан
ә) ІІ-ші кезең: Банкомат
б) ІІІ-ші кезең Алтын көмбе.
Қазылар алқасы: 1. Транспорттық-энергетикалық бөлім меңгерушісі Саньязова Айгерим Баурджановна.
2. ПЦК меңгерушісі Жакипова Асем Касеновна.
3. Арнайы пәндер оқытушысы Кожабековна Гаухар Кожабековна.
Ойын барысы: Кіріспе
Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер мен ұстаздар! Бүгінгі «Алтын теңге» танымдық ойынына қош келіпсіздер.
Студенттер, ойынымызға белсене араласып, зейін қойып тындай отырыңыздар, ойын барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да сұрақтар болатынын айта кетейік. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.
Құрметті студенттер, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
І кезең «Құпия сан» 1. Қандай валюта халықаралық болып саналады? (евро, доллар) 2. Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында қандай номиналды
Банкноттар қолданыста? (200, 500,1000,2000, 5000, 10000, 20000) 3. Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
(Екіжағдайда: 1) Мемлекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда 4. Алғашқы Қазақстан тиыны қайда басылды? (Германияда)
Бағалау:Жалпы ұпай саны 40 ұпай. Әр сұраққа 10 ұпай
ІІ-ші кезең «Банкомат» кезеңіне кезекті берейік.
Бұл кезеңде сіздерге мына экраннан сұрақтар беріледі. Ол сұрақтарға жауап беру керек.
Бағалау: Таңдалған ақшаның 1% ұпай болып саналады.