Адамгершілік –асыл қасиет
Ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялату үшін мейірімді,ақылды,шыншыл,қайырымды,әдепті т.б қасиеттерді игеруге ықпал ету;
Дамытушылық:Өздерін көпшілік жерде қалай ұстауды және сөйлеуді ,сана-сезімін ,дүниетанымын дамыту;
Тәрбиелік: Адамгершілік құнды сапаларды оқушылар бойына сіңіру,мейірімділікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру; Сәлемдесу
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төріміге еніпті
Амандасу үлкенмен-тәрбиенің басы ғой,
Ал,кәнеки,бәріміз!
«Сәлеметсіз бе!» дейік үлкенге
Психологиялық дайындық Қазір оқушылар,бәріміз көзімізді жұмып,әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден жақындарымызға,достарымызға,жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.
Көзімізді ашамыз.Ойлаған тілектерімізді айтайық
Кіріспе:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме?!Бүгінгі сынып оқушыларының «Адамгершілік –асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Балалар, Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай?
Рух –деген адам бойындағы бір қуат.Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жсайтын барлық игі істердің қайнар көзі. Рухтың мекені –адамның жүрегі. Жүрек жылуы ,махаббат,ар-ұят,қайрат,мейірімділік,. Жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық ,зат емес,оның табиғаты –асыл нұр. Күн –адамның рухы болса,күн сәулесі –ақыл дейік. Ойымызхды өрбітіп,бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы. Жарық күн –көлегейленіп тұр.күнді бір мейірбан ,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлттағы тапсырма:
Адамгершілік бастауы неде?
1.-оқушы: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады.Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткен кезі болады.Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы: Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» -мектеп қабырғасында жалғастырып,өмір заңдылықтарын үйренеді.Мектепте халқымыздың әдептілік,әдемілік,имандылық,қайырымдылық,яғни рухани адамгершілік тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3-оқушы: Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады.Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге ,сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді.Ата-ананы ренжітпеу –әр баланың өмір бойғы міндеті.
4-оқушы: Біздің қазақ халқы ерте кезден-ақ адамгершілікті жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке,ізеттілікке,имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
1-ші бұлт ашылды адамгершіліктің бастауы неде екенін біліп,бұлтты сейілттік.
2-бұлттың тапсырмасы:
Адамгершілікке байланысты проблемаларды шешу үшін «Саяхатқа шығу» ойынын ойнайық
Сұрақтар
1.Үйден мектепке қарай жүгіріп бара жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты.Сен не істер едің?
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
4.Автобуста ,қоғамдық орындарда егде адамдарды көргенде не істеген жөн?
5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
6.Әдептілік деген не?
3-бұлттың тапсырмасы:Адамгершілік туралы өлеңдер айту.
Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»
4-ші бұлт Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
1-оқушы: Кешірімді болу,кек сақтамау,сөйлесе білу,әділ болу,ізеттілік. Рұқсат сұрау,кешікпеу,амандасу,өсек айтпау,уәдеде тұру,имандылық,мейірімділік,сабырлық,қайырымдылық т.б
2-оқушы:Ізеттілік-айналасындағыларды құрметтеу,кішілік мінез таныту.Амандасу –бейбіт пейілдің ,достық ықыластық белгісі,мінез-құлықтың нормасы.
3-оқушы:Әділ болу-адамшылықтың асыл белгісі.Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады.Әдет-ғұрып дәстүрлеріне ,қалыптасқан қағидаларға,құқықтық нормаларға ,заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
4-оқушы : Рұқсат сұрау-адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі.Адамныңі меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау .Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
5-оқушы: Имандылық-Әр адам ұлтына,нәсіліне,жынысына ,дініне қарамастан иманды болып туады.Иманды адам дөрекілікке бармайды,ата-анасын ардақтайды,кісіге қиянат жасамайды.Имандылық бар жерде тазалық бар,сенім бар.
6-оқушы: Кешікпеу.Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн.Кешігу-адамдарды сыйламау.Жұмысқа немесе туған күнге,кештерге кешігіп бару –барып тұрған мәдениетсіздік.Уәделі жерге ерте бару керек,кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
7-оқушы: Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.ӨЗгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады,адамдық мәртебесін көтереді.Қайырымды бала –қашанда ата-анасының мақтанышы.
5-ші бұлт тапсырмалары:
Көрініс «Жамандық неден болады?»
«Жақсы мен жаман»
«Жәй ғана әжей»
6-ші бұл тапсырмасы:
«Маржан сөздер сыр шертеді»
Нақыл сөздер, өсиет әңгіме
Хор:Әдеп сақтап,әманда.Ынтымаққа қосыл да,
Жасасаң бір жақсылық.Ар-мақсатың нық болсын
Қайтарады сағанда.Ақылыңнан тосылма
Кішілерді аяла.Ақылы бар баласың
Кісілерден аянба.Айтқан тілді аласың
Адамдағаң көрінсін,намысты болып өссең сен,
Анадай жан саяңда.Нағыз адам боласың
Міне балалар тапсырмалар орындап түнерген бұлттарды сейілттік,енді міне жарқыраған күн ашылды.
Ендеше сол күнге қарап сергіту сәтін жасайық
Ақша бұлттар аспанда (қолдарын жаяды)
Жерімде жайнап құлпырсын.(жерді көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге (күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн тұрсын (төбеге қарайды)
Осы жарқыраған күндей мейірімді ,жан шуақты,көңілдерің ақ,адамға тек жақсылық жасай білетін адамгершілігі мол азамат болыңдар.Бүгінгі сабақта аз болса да,жақсылықтың нұрын ,адамгершілік дәнін алдыңдар деп ойлаймын. Енді балалар ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-ші түс Әр күнді жақсы көңіл күймен өткізу
2-ші түс Күні бойы өзіңді қоршаған адамдарға,табиғатқа тек сүйіспеншілікпен қара.
3-ші түсҰйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды еске алуға бірнеше минут арнап көр
4-ші түс Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын
5-ші түс Ата-ананы қадірлей білу
6-шы түсі Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-ші түсі Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
Ендеше балалар жадырап күнде ашылды.Енді біз болашақта қандай болуымыз керек?
Мына тұрған адамгершілігі мол,жайқалып өсіп тұрған ағашқа мен де болашақта осындай боламын деген ниетпен бойымызға адамгершілік қасиеттерін алма арқылы бойымызға жинайық
Хор:Біздің топта ұл-қыздар,
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз
Ән: «Атамекен»
«Жүректен-жүрекке»
-Енді балалар ,мына алдарыңдарыңызда жатқан гүл күлтелерін бір-бірлеп алып,жүрегімізден шыққан жылы сөздерімізді жаза отырып,гүл алаңқайына іліп жапсырайық.
Бала-бақшадағы гүлің,
Оны тәрбиелеу үлкен ғылым –деген екен
-Балалар,сендер әрқашан осы гүлдер сияқты жақсы сөз айтып,жандарыңда жүрген адамдарға күн сияқты жылы шуақтарыңды шашып жүріңдер деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |