Сабақтың білімділік мақсаты: Әннің орындалу әдіс тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету



бет1/2
Дата28.12.2023
өлшемі20.57 Kb.
#488251
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы ән айту


«Шығарманы талдап үйрену,әндету»

Сабақтың білімділік мақсаты: Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық : Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта – ықыласын дамыту.
Тәрбиелік : Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жеке сабақ
Сабақтың типі : Жаңа тақырпыты меңгерту
Сабақтың әдісі : Түсіндірмелі,«араласқан сөздер», «сиқырлы таяқша» тәсілі, суретті тану.
Көрнекіліктері : Күйсандық, ноталар, кітаптар.
Пәнаралық байланыс:  Музыка әдебиет, өнер.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушымен амандасу. Оның назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса,
бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
1. Намысты бол
2. Табысты бол
3. Жігерлі бол
4. Әділ бол
5. Сезімтал бол
6. Жаңашыл бол
7. Салмақты бол
8. Турашыл бол
9. Шешен бол
10. Өнерлі бол
Дауыс жаттығуы :
1. М : Күй сандықты ашайық
О : до – до – до
М : Тілдерін біз басайық
О : до – до – до
М : Бас дыбысты бастайық
О : до – до – до
М : Жайлап әнге салайық
О : до – до – до
Бірге : До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
2. М : Шалқып шығар сонда күй
О : до – до – до
М : Бәрі до – дан басталар
О : до – до – до
М : до – ны қоштар басқалар
О : до – до – до
М : До – ны қоштар басқалар
О : до – до – до
Бірге : До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1. «Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері».
2. Ән орындау. Абай «Көзімнің қарасы».
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші – композиторларды ата?
3. Қандай дәстүрлі әншілік өнер мектептері бар?
Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріндегі Сыр бойындағы Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі Шығыс өңіріндегі Батыс өңіріндегі
4. Осы өнердегі өздерің таныс болған әнші – композиторлардың бейнесін суреттер арқылы тани аласыңдар ма?
5. Дәстүрлі халық әндерін жинақтап, нотаға түсірген кімдер?
Мұғалім сөзі : Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Қазақстанның әр өлкелерінде өз ерекшеліктерімен әр түрлі болып келеді. Олай болуының себебі бір – бірінен алшақ, кең байтақ даламыздың әр түкпірінде жатқан қалың жұрт ән айту өнерін өздерінше дамытып, өздерінше қалыптастырған. Бірақ бұл әсте қазақтың ән айту өнерінің кемшілігі емес, керісінше ауқымының кеңдігін, көркемдік байлығын көрсетеді. Бүгінде ән айту өнері жандана жалғасын тауып, әрі қарай дами түсті.
ІҮ. Жаңа сабақ.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет