№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі



Дата19.05.2022
өлшемі0.92 Mb.
#457825
слайд Ыбырай (1)

Ғылыми Жоба

Тақырыбы: «Қазақтың ұлы педагог -ағартушысы Ыбырай Алтынсарин»

Жоспары

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы-халқымыздың қазынасы

2.2 Ы.Алтынсариннің ағарту ісі

III.Зерттеу бөлімі

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметінің нәтижелері

IV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер

Ыбырай Алтынсарин(шын аты –Ибраһим, 1841-1889)-қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,жазушы,этнограф,

фольклоршы,қоғам қайраткері

Нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, мәртебелі тұлға - Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.Сондай – ақ ол өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін, білім үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Ыбырай Алтынсарин


Оның жасаған оқулықтары орыс пен Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды;
Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырды;
Ыбырай оқулыққа енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды; Әңгіме, өлеңдер хрестоматия сынды еңбектердің авторы.
Қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады.
Қазақ жерінде тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды;

Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқына білім есігін ашқан қайраткер.1860 жылы ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы үйінде оқытады.1864 жылы 8- қаңтарда Торғай мектебі ашылып, 14-қазақ баласы кірді. Арада көптеген уақыттар өтіп 1883 жылы Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне көп көңіл бөледі.Сонымен қатар мұғалімдер даярлайтын мектептер ашуды қолға алды.

Ыбырай Алтынсариннің ең алғашқы кітабы «Қырғыз хрестоматиясы»,«Қырғыз хрестоматиясы» қазақ мектептеріне арналған еңбегі болды.Ыбырай Алтынсарин ірілі -ұсақты әдеби шығармалар жасады.Оның ішінде 35 өлең,50-әңгіме және басқа көптеген қазақ фольклорының үлгілері бар.Сонымен қатар жазған еңбектерінде жастарды білімге, адамгершілікке, ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке достыққа, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын көптеген еңбектерін қалдырған.

Ыбырай Алтынсариннің еңбектері, шығармалары, оқулықтарының, аудармаларының жазған еңбектерінің ішінде елеулі орын алған: «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш». «Әке мен бала». «Өзен». «Ананың сүйюі». «Қарға мен құрт».«Бай баласы мен жарлы баласы». «Қыпшақ Сейтқұл»т.б көптеген еңбектерін қалдырған.Ал оқулықтарының ішінде «Қырғыз хрестоматиясы», «Шариат-ул-Ислам» т.б.Л.Толстойдан: «Силинчи ханым»,К.Ушинскийден: «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға» т.б аудармалары бар.

Ыбырай Алтынсарин өзінің ғұмырыда көптеген маңызы бар істер жасады.Оның еңбектері мен халықтың сауатын ашу, білім – ғылымға шақыру істері – тарихтың ұлы істеріне тең келеді. Мектептер ашуы: Орталық орыс – қазақ мектебі; Кәсіптік мектеп; Қазақ қыздарына арналған мектеп; орыс қоныс аударушыларының балаларына арналған екі мектеп; Сондай – ақ, шәкіртақы тағайындау ісін қалыптастырды.

Ыбырай Алтынсарин өзінің практикалық қызметін қазақтарды орыс халқының мәдениеті мен ғылымымен таныстыра отырып, ағартушылық, мәдениеттілік, прогресс идеяларын кеңінен насихаттаумен ұштастырды. Ол қазақ халқын өркениетті халықтардың қатарынан көргісі келді. Ыбырай Алтынсариннің ойынша, бұл мақсатқа жету үшін, ең алдымен, патриархаттық-кландық жүйенің барлық құрылымын түбегейлі қайта құру қажет. Ол білім беруді мақсат ретінде емес, жастарға әлеуметтік ортаны өзгерту үшін белсенді күресте қажетті құрал ретінде қарастырды. Алтынсарин оқу міндеттерін өмір қажеттіліктерімен, бұқараның қажеттіліктерімен байланыстырады. Ол мектеп оқушының жеке басын психикалық дамыту және адамгершілік жетілдіру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін нақты білім беруі керек деп санады.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде 48 жасында қайтыс болды. Ұлы ағартушының жерленген жеріне кесене тұрғызылды, Қостанай қаласында мұражай ашылды. Сонымен, қазақ ағартушысының педагогикалық мұрасын зерттей отырып, 150 жылдай бұрын айтылған педагогикалық идеялардың бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанына таң қалдырады. Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет