Сабақтың білімділік мақсаты



Дата03.07.2016
өлшемі443.5 Kb.
#173848
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау.
Сабақтың білімділік мақсаты: ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге және сыйлыққа арналған бұйымдарды дайындауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой - өрісін дамыту. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.
Сабақтың көрнекілігі: қолдан дайындалған нұсқау карта, орындықтың дайын үлгісі, құрал – жабдықтар, құм қағаз,лак.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, шеберхана тазалығына назар аударамын. Кезекші құрал-саймандарды таратып берген соң, құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексеріп шығамын.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті тұрмыста ағаш бұйымдарын көптеп кездестіресіндер. Көптеген үйде кездесетін сандық, кебеже, келі, күбі сияқты бұйымдардың барлығы жиде, қарағаш, тораңғыл, көк тал, т.б. ағаштардан жасалған. Міне, осы ағаш қалдықтарының өзінен-ақ сәнді сыйлық заттар жасауға болады.

Бүгінгі жасайтын бұйымымыз- жиналмалы балалар орындығы. Бұл орындық балалардың қызығушылығын арттырады, өзім де құрастырсам деген ойға итермелейді.



Сарамандық жұмыс. Оқушылар жұмысты топ болып орындайды. Сызбада көрсетілген өлшемде 30х15 мм көрсетілгендей рейкалар дайындап аламыз. Орындық негізі төрт элементтен құрастырылады.

а) Аяқтары 30 х15 мм, ұзындығы 300 мм етіп төрт дана кесіп аламыз. Оларды құм қағазбен тазалап болған соң, ортасынан 6 мм етіп өткерме тесіктер тесеміз.

б) Орындық беті 30х15 мм, ұзындығы 280 мм алты рейкадан құрастырылады. 6 мм болатын өткерме тесіктер аяқтары мен бел ағаштарын құрастырып болған соң, бетңіне қойып тұрып белгіленеді.

в) Бел ағаштарын аяқтарға бекітерде өткерме тесіктерді тесу және құрастыру (тойтарып шегелеу) құрастыру сызбасына қарай отырып орындалады. Дұрыс құрастырылмаған жағдайда орындық жиналмай қалады.



г) Аяқтар аралығын реттегіш рейканың өлшемі 20х10 мм, ұзындығы 180 мм етіп екі дана дайындалады. Орындық түгел құрастырылған соң орындықты жинап барып бекітеді.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамын.

-Міне оқушылар, туған жердің сұлу ағаштарының қалдықтарының өзінен-ақ қандай әсем бұйым жасауға болады. Туған жер табиғатын аялап, күтуге үйреніңдер. Табиғат біздің ұлттық байлығымыз. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті. Енді өздерің ізденіп көрулерің керек.

Үйге тапсырма: ағашты көркемдеп өңдеу тақырыбы бойынша асханалық тақтайшаның, сыйлыққа арналған жобасын жасап келіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет