“ Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық шоу
(ата-аналар)
Мақсаты: ____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көрнекілігі:
«Миллион кімге бұйырады» ойынының желісімен құрылған арнайы авторлық бағдарлама
Сабақтың әдісі: Ойын
Ойынның барысы:
Алдымен тестілеу әдісі көмегімен іріктеу тест өткізу арқылы залдағы ата-аналардың ішінен бүгінгі ойынға қатыса алатын 3 ата-ананы таңдап аламыз. Іріктеу тестінде бір сұрақ беріледі. Сұраққа алғаш болып дұрыс жауап берген 3 оқушы бүгінгі ойынға қатыса алады.
Ойынға қатысушы тақтаға шығып, әзірленген орынға отырады. Ойын барысында экранындағы бейне көрініп отырады.
Ойыншы компьютерге отырған соң, өзі туралы қысқаша мәлімет береді. Бұл мәліметтер: ойыншының туған жері, хоббиі, өмірлік ұстанымы, т.б.
Әрбір ойыншы шыққан сайын ойын ережесі толықтай таныстырылып отырады. Ойын ережесі:
Ойыншыға кезегімен 15 сұрақ қойылады.
Сұраққа дұрыс жауап берілсе, сәйкес сома ойыншының шотынатүседі. Байқапотырған боларсыңдар, мұнда 4 күймейтін сома бар. Бірінші күймейтін сомаға жетпей ойыншы бір сұрақтан қатежіберсе, оның ұтысы 0 теңге болады. Ал, қатені қандай бір күймейтін сомадан асып тұрып жіберсе, ойыншының ұтысы жеткен күймейтін сомасы болады.
15 сұраққа да дұрысжауап берген ойыншы ең үлкен ұтыс 1000 доллар алады.
Әр сұраққа ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт өткен соң ойыншының жауабы сұралады. Ойыншы сенімді жауап берсе, жауап қабылданады. Санаулы секундтардан соң жауаптың дұрыстығын компьютер тексеріп, қорытындысы экранға шығады. Жауап дұрыс болса, ойын әрі қарай жалғасады. Қате болса, ойын тоқтатылады да ойыншы жеткен күймейтін сомасына байланысты ойын чек алады. Ойлану уақыты біткен соң ойыншы сұрақтың жауабын білмесе, ойыншыға үш жеңілдік беріледі. Ойын барысында жеңілдіктер тек бір реттен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |