СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Зәрдің жалпы анализін дұрыс тапсыра білу керек



бет4/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
зертханалық зерттеулер

Зәрдің жалпы анализін дұрыс тапсыра білу керек. Кешке қарай таза құрғақ банка дайындап қойыңыз. Анализде «артық» бактериялар мен саңырауқұлақтардың пайда болмауы үшін ыдысты мұқият жуып, қайнап тұрған сумен шайып алыңыз. Зәрді таңертең таза құрғақ ыдысқа жинау қажет. Зәрдің таңертеңгілік бөлігін (ортаңғы бөлігін) 70-100 мл мөлшерінде жинайды. Алдын ала жақсылап дәрет алыңыз, әйтпесе анализ «лас» болады. Етеккіріңіз келіп жүрсе, зәр тапсыруды мүмкіндігінше кейінге қалдырғаныңыз жөн. Егер қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз, бұл жөнінде дәрігерге ескертіңіз, өйткені кейбір препараттар зәр анализіне әсер етеді.
Емдәмде шектеу жоқ, бірақ минеральды суларды тым көп ішсеңіз, зәр реакциясы өзгереді. Таңертеңгілік зәр 1-5 сағат аралығында зерттеуге жеткізілуі тиіс. Зәрдің ұзақ тұрып қалуы оның физикалық қасиеттерінің өзгеруіне, бактериялардың өсіп-өнуіне және зәрдің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Кейде зәрдің жалпы анализі дәрігерде күдік тудырады – айқын патология жоқ секілді, бірақ лейкоциттер мен эритроциттер аздап көбейген. Мұндай жағдайда дәрігер Нечипоренко бойынша зәр анализін тағайындауы мүмкін.


НЕЧИПОРЕНКО бойынша зәр анализі
Бұл анализді төмендегідей жолмен жинайды. Банка жоғарыдағыдай етіп, мұқият тазаланады, науқас дәрет алады. Одан соң таңертеңгілік зәріңіздің «ортаңғы бөлігін» алыңыз, яғни зәр аққан соң сәлден кейін банканы тосып, ол біткенге дейін алынады. Зертханада осы зәрдің 1 мл алынады. Құрамындағы эритроциттер саны қалыпты жағдайда 1000-нан, ал лейкоциттер саны 2000-нан аспауы керек және цилиндрлер саны 20-дан артық болмауы тиіс. Егер бір немесе бірнеше көрсеткіш қалыпты жағдай шамасынан асып кетсе, бұл зәрдің жалпы анализінен туындаған күдіктің дәлелі болмақ. Зәрдің жалпы зерттеуімен біруақытта жүргізуге болмайды.


Зәрді жалпы анализге жинау.
Жабдықталуы: зәр жинағыш, ашық шыныдан жасалған таза, құрғақ шыны ыдыс, зертханаға жіберетін жолдама бланкісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет