Сабақтың мақсаты : 1 Оқушылардың өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру,бақа туралы түсінік беру



Дата05.07.2016
өлшемі19.64 Kb.
#179953
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Бақа»

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушылардың өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру,бақа туралы

түсінік беру.

2)Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу дағдысын дамыту,сөздік қорларын

дамыту,ойын,дүниетанымын дамыту.

3)Оқушыларды адамгершілікке, жануарларды қорғауға,тапқырлыққа, әдемі жазуға

тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ- жауап,баяндау,түсіндіру,проблемалы оқыту.

Көрнекілігі: слаидтан суреттер,бақа туралы деректер көрсету, психологиялық

дайындық ,сергіту сәттері.



1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Психологиялық дайындық.

1-слаид


Қатар қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Түп түзу боп тұрайық.

1-қатар жәй отыр!

2-қатар сен де отыр!

3-қатар тез отыр!

-Балалар, қазір біз де әліппе сабағы.

3.Үй тапсырмасын тексеру

1) «Күншіл үйрек» ертегісінің мазмұнынын айту.

2) «Жасырын сөзді табайық» ойыны.

А) «Күншіл үйрек» қандай шығармаға жатады?

б) Сіздерге қай құс ұнады? Неге?

В) Түлкі неге аққуды жей алмады?

Г) «Біреуге ор қазсаң ,өзің түсесің?» деген мақақалды қалай түсінесің?

4.Жаңа сабақ

1.Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2.«Ой қозғау стратегиясы» бойынша бақа туралы ойларын сұрау.

3.Бақа туралы толығырақ түсінік беру.

2-слаид (Бақа туралы деректер)

Оқулықпен жұмыс


  • А) Өлеңді оқып беремін.

Сөздік жұмысы 4-слаид

Бақа-ұзындау артқы аяқтары секіруге бейім келген құйрықсыз жануар.

Балпақ-толық денелі, балпиған жануар.

Жалпақ-үлкен,ірі,жалпиған

Тостақ-үлкен,дөп-дөңгелек.

Талтақ-екі аяқтың қисайып бітуі.

Тізбек бойынша оқыту

Рөлге бөліп оқыту (Cұрақ қоюшы және бақа)

Сергіту сәті 5-cлаид

Бақа тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

1-ші сумен бетін жуды,

2-ші шыр айналып бұрылды,

3-ші еңкейіп жерге отырды.

«4» дегенде секіріп кетті.

Дәптермен жұмыс

(Сұраққа жауап беру)

4.Қорыту.

«Ой қозғау» стратегиясы

Бақаның пайдасы туралы айту



5.Үйге тапсырма

«Бақа» өлеңін жаттау.



6.Оқушыларды мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет