Кез келген тағайындау бойынша ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту жүйелері тұтынушыларды белгіленген сапада, қажетті мөлшерде және қажетті қарқында сумен қамтамасыз етуі қажет. Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту сыртқы су құбырларының желісі (елді мекендер, кәсіпорын) немесе жеке жергілікті (жер асты немесе жер беті) сумен қамту көздері көмегімен жүзеге асады.
Сумен қамту жүйелері дағдылануы, қызмет көрсету ортасы, құрылғымен орнатылған қарқынмен қамтуы бойынша бөлінеді.
Жүйе дағдылануы бойынша тұрмыстық-ішетін, өндірістік және өртке қарсы болып бөлінеді.
Ғимаратты тұрмыстық ауызсумен қамту жүйелері тұрғындарды ауыз сумен қамтуға арналған. Тұтынушылар суды тұрмыстық,санитары- гигиеналық,технологиялық қажеттіліктерге жұмсайды. Егер ғимаратта ішуге жарамсыз су қолданылса, техникалық және ауыз суының бір-бірімен байланыспаған екі бөлек құбыры жобаланады. Өндірістік ғимараттарда ыстық цехтарда көмір қышқыл газымен қаныққан, тұздалған және суытылған арнайы ауыз су құбыры қарастырылады.
Өндірістік сумен қамту жүйелері өндірістің, цехтың технологиялық қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етеді. Өндірістік су құбырларындағы судың сапасы мен көлемі өндіріс технологияларының шарттарын қанағаттандыру қажет. Өндірістік құбырларда су ішуге жарамсыз және арнайы тазартылған болуы мүмкін.
Өртке қарсы сумен қамту жүйелері ғимаратта пайда болған өрт ошақтарын сөндіруге арналған. Судың сапасына шек қойылмайды, бірақ көлемі ҚНмЕ шарттарына сәйкес келуі керек.
Қызмет көрсету аясы бойынша жүйелер бөлінеді:
жекеленген, бір-бірімен байланыспаған (себебі ондағы судың сапасы әр түрлі болуы мүмкін);
біріктірілген, (тұрмыстық өртке қарсы, өндірістік өртке қарсы немесе тұрмыстық-өндірістік, бұларда судың сапасы бірдей);
бірыңғай, барлық су қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін: тұрмыстық ауызсу, өндірістік және өртке қарсы. Бірыңғай жүйелер тек ішуге жарамды сумен қамтамасыз етеді.