Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру



Дата17.07.2016
өлшемі56.5 Kb.
#205762
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : Сөйлем

Сабақтың мақсаты : а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлем туралы түсінік. Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет.

-Оқып жүргеніңді Кенжетай айтып еді. Оқуларың бүгін басталды ма?

-Бүгін төрт сағат оқыдық. (С.М.)

Мұнда екі адам сөйлесіп, қарым-катынасқа түскен, пікір алысқан. Бұл сөйлесуде біршама тиянақты ойды білдірген үш сөйлем бар. Алғашқы сөйлемде— Кенжетай-дың айтқаны туралы ой, екіншісінде - оқуларының басталған-басталмағанын білуді мақсат еткен ой, соңғысында тыңдаушының оған қайтарған жауабы түріндегі ой берілген. Сөйлем өзімен сырттай ұқсас тілдік құбылыстардан, ең алдымен, коммуникативтік қызметі (қарым-қатынас жасау құралы болу), яғни бірдеме жайында хабарлау қызметі жағынан ажыратылады. Мысалы, сүт пісірілді деген мен сүт пісіру деген мысалдарды салыстырудан мынаны аңғаруға болады: біріншісінде (сүт пісірілді) бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық үлгісі бар, ол бірдеме жайында хабар беру үшін кұрастырылған. Ал екінші мысалдағы синтаксистік құрылым бірдемені атау үшін құрастырылған. Сондықтан біріншісі – сөйлем, екіншісі - сөз тіркесі. Сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болады: сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.

Тілімізде әр түрлі мағыналарды білдіретін, мысалы, сәлем беру, рақмет айту, тілек білдіру, кешірім сұрау (Кеш жарық! Кешіріңіз! Жаңа жылыңызбен! мақұлдау мен теріске шығару (Иә, солай, жарар), әр түрлі эмоцияны білдіру (Бәрекелді! Ойпырмай!), жалпы сұрақты білдіру және оған жауап айту (Бұл қалай? Ештеңе емес, т.б.) сияқты айтылыстар бар. Бірақ бұлар өздігінен мәлімет бере алмайды, сөйлем бола алмайды, өйткені оларға бастауыш-баяндауыштық құрылым тән емес. Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.



Жаттығумен жұмыс: 10 - жаттығуды орындап,сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11- жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты : а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

. Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сондьқтан сөйлеу айналасындағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып өскен шоқ шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты қақ жарып өзен ағады. (Ғ.Мүст.)

Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырда өскен ағаш туралы, бұйрат, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген.

Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастағанды. Тоқтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте ақ қақ қылып кетты ау жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін, жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай! (Г.С.)

Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен (интонация) бөлініп айтылып, тиянақты жеке-жеке ойды білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, сосын екініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген.
Хабарлы бұйрықты




Лепті сұраулы




Жаттығумен жұмыс: 15 – жаттығу. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің айтылу мақсатына көңіл бөліңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздер жазып, синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?



Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11- жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу..

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық ,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шак) жүзеге асқандығын немесе жүзеге асатындығын білдіреді. Мысалы:

Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп, олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. (С.М.) Хабарлы сөйлем оқиғаның, іс-әрекеттің болымсыздығын да білдіреді. Мысалы: Жер жыртуға гпоймайды, от отынеа тоймайды, кісі ойва тоймайды, бөрі цойеа тоймайды.

Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікір-лерін білдіреді. Мысалы: Ақ сутін беріп, аялап әсірген ананы қалай суйсец, еліцді де солай сую - цасиетпгі борышыц. (С.А.)

Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.

Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.



Сызбасы:




Кітаппен жұмыс: 17-жаттығу, Сөйлемдердің аяқталған тұсына нүкте қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар.

Шығармашылық жұмыс: «Қазақ жері-ежелгі адамдар мекені» деген тақырыпта эссе жазыңдар..
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап,сабаққа белсенді қатысып отырып оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: 18- жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет