Мақсаты: Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру. Көрнекілігі: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, «Берекелі күз!»



Дата13.10.2022
өлшемі14.8 Kb.
#462642
берекелі алтын күз Жанузакова С







«Берекелі, Алтын күз!»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Көрнекілігі: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, «Берекелі күз!» көрмесі.
І жүргізуші: Армысыздар ардақты қонақтар мен ұстаздар! Бармысыздар жадыраған жас достар. Берекелі алтын күз құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білген
Алтын күз-береке, ырыс ала келді.
І жүргізуші: Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған,
Кешімізді бастайық.
Ендеше ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырайық. Қарсы алыңыздар!
ІІ жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ортаға алғашқы болып 1-сынып оқушыларын шақырайық, қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі Куракпаева Г.А.
І жүргізуші: Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты- құлпынай дегендей қызыл түспен әшекейленген 2-сыныпты қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі Кумекбаева Г.Б.
ІІ жүргізуші: Күз ұсынып егісімен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық.
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,
Елімізде болсын әркез молшылық. Ортаға 3-сынып оқушыларын шақырамыз! Қарсы алайық! Сынып жетекшісі Махметова Қ.Ж.
І жүргізуші: Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты- шабдалы. Олай болса ортаға сары түспен әшекейленген 4-сынып оқушыларын қарсы алайық! Сынып жетекшісі Байжуманова С.Д.
ІІ жүргізуші: Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан,алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап. Келесі кезекте 5-сынып оқушыларын шақырайық! Қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі Оңғарбекова А.Қ.
І жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар (қыркүйек,қазан,қараша)
Жүргізуші: Балалар,осы күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Күн салқындайды, адамдар жылы киінеді, жаңбыр жауады, жапырақтардың түсі сары түске боялады.


ІІ жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,
Гүлдей болып жүріңдер.
Алтын күзді тойлайық,
Би билейік ойнайық. Би кешінене шақырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет