Сабақтың мақсаты : Қалқанша маңы бездері, тимус, және бүйрек үсті бездері қызметімен таныстыру



Дата09.06.2016
өлшемі52.8 Kb.
#125199
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: § 12 Қалқанша маңы бездері, тимус

және бүйрек үсті бездері

Сабақтың мақсаты:

1. Қалқанша маңы бездері, тимус, және бүйрек үсті бездері қызметімен таныстыру.

2. Олардың ауытқушылығынан туындайтын аурулар және оларды болдырмау туралы түсінік беру.

3. Аурулардың алдын алу шаралары туралы мағлұмат беру арқылы өз денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салты негіздеріне, алған білімі мен дағдыларын өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.


Қолданылытын жабдықтар:

Таблица «Гормондар», «Асқорыту жүйесінің құрылысы», «Ішкі секреция жүйесі», «Иммундық жүйе», «Выделительная система», Слайд топтамасы, диапроектор, видеопроектор, «Зәр шығару жүйесі» моделі, үлестірме материалдар.


Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы.
ІІ. Үй тапсырмасын тестік тапсырма арқылы тексеру:

1 - Экспресс тест

1.Гормон дегеніміз не?

а)Сыртқы, ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық актив зат

в) ағзаға тамақ арқылы түсетін биологиялық актив зат

с) химиялық реакцияны тездететін биологиялық актив зат

д) ішек бөліп шығаратын биологиялық актив зат

е) жасуша структурасы


2.Гормонын қанға бөліп шығаратын арнайы өзегі жоқ бездер қалай аталады?

а) сыртқы секреция

в) аралас секреция

с) ішкі секреция

д) сілекей безі

е) тер безі


3. Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатады?

а) Гипофиз

в) Тер безі

с) Қалқанша безі

д) Қалқанша маңы бездері

е) Тимус
4. Ішкі секреция бездеріне қайсысы жатады?

а. Сілекей безі

в) Қарын безі

с) Гипофиз

д) Ішек бездері

е) Бауыр
5.Тироксин гормонының құрамына кіреді.

а) көмірсу

в) азот

с) нәруыз



д) йод

е) май
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1. Организм қызметіне қалқанша маңы бездері гормондарының әсері.

2. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы.

3. Бүйрек үсті бездері гормондарының организм қызметін реттеудегі маңызы.

4. Организм қызметіне адреналин гормонының әсері.


Қалқаншамаңы бездері( 0,1- 0,13г), мөлшері кішкентай, екі жұп без.

Гормондарының қызметі:

1. Қандағы фосфор және кальций тұздарының мөлшерін реттейді.

2. Ішекте кальцийдің сіңуін және кальцийдің бүйректерде кері сіңуін қамтамасыз етеді.
Қалқаншамаңы бездерінің гормондары жетіспегенде:


  1. Сүйектер бұзылады

  2. Тіс бұзылады

  3. Тісте бор тәрізді дақтар пайда болады

  4. Қанда кальций мөлшері кемиді

  5. Сүйектер сынғыш және нәзік болады

  6. Жүйке жүйесінің қозғыштығы артады, тырыспа(судороги) байқалады


Қалқаншамаңы бездерінің гормондары артқанда:

  1. Сүйек майысқыш болады, қисаяды.

  2. Кальций қанда, бүйректе, бауырда, мида жинақталады,

яғни зат алмасу бұзылады.
Тимус(айырша без) жасөспірім безі деп аталады, тимозин гормонын бөледі.
Тимозин гормонының қызметі:

  1. Өсу процестеріне қатысады.

  2. Организмнің қорғаныштық реакциясын, иммунитетті қамтамасыз етеді.

Тимуста лимфоциттер - иммунитет реакциясына және басқа лейкоциттер қызметін реттеуге жауапты қан жасушалары жетіледі.



Бүйрек үсті бездерінің құрылысы күрделі:


  1. Сыртқы қабаты – қыртысты.

  2. Ішкі қабаты – ми қабаты.

Бүйрек үсті бездерінің қыртысында бөлінеді:

  1. Нәруыздар мен көмірсулар энергия бөле ыдырауын күшейтетін гормон

  2. Нәруыздың көмірсуға, көмірсудың майға айналуына әсер ететін гормон

  3. Тұз – су алмасуын реттейді

  4. Қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий, хлор алмасуын реттейді.

  5. Жыныс мүшелерінің дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.


Бүйрек үсті бездерінің милы затында бөлінеді:

  1. Адреналин гормоны


Адреналин:

  1. Артериялық қысымды арттырады.

  2. Жүректің соғуын жиілетеді.


ІV. Жаңа тақырып бойынша оқулықпен өз бетінше жұмыс:

Кестені толтырыңдар:



Ішкі секреция безі

Бөлетін гормон

Гормон әрекеті

Қалқанша маңы безі





Гормон жетіспесе

Гормон артқанда



Тимус






Бүйрек үсті безінің қыртысында







Бүйрек үсті безінің милы затында








V. Пысықтау сұрақтары:

1. Организм қызметіне қалқанша маңы бездерінің гормондары қалай әсер етеді?

2. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы қандай?

3. Бүйрек үсті бездері гормондарының организм қызметін реттеудегі маңызы қандай?

4. Организм қызметіне адреналин гормоны қалай әсер етеді?

2 - Сәйкестік тесті:


Бездердің белсенділігінің өзгеруі мен соған сәйкес организмдегі бұзылулар арасындағы байланысты көрсетіңдер.


1.Қалқанша без-

2.Бүйрек үсті безі-

3.Гипофиз-



а) тістің бұзылуы

ә) ергежейлілік;

б) микседема;

в) акромегалия;

г) базедов ауруы;

д) алыптылық;

е) сүйектің сынғыштығы

ж) кретинизм.




VІ. Қорытындылау: №3 - Қорытындылау тесті
1.Тимус( айырша) безінің гормоны қайсысы?

а) Тироксин

в) Тимозин

с) Адреналин

д) Инсулин

е) иодомарин



2.Бүйрек үсті безінің милы затында бөлінетін гормон:

а) Тироксин

в) Тимозин

с) Адреналин

д) Инсулин

е) иодомарин



3. Қалқанша маңы безі гормоны жетіспегенде:

а) Сүйектегі кальций мөлшері төмендейді

в) Сүйек майысады

с) Тістің өсуі бұзылады, оларда бор тәрізді дақ пайда болады

д) Кальций бауырда жиналады

е) Кальций қанда жиналады



4. Бүйрек үсті безінің қыртысында

а) Тироксин

в) Тимозин

с) Адреналин

д) Инсулин

е)Нәруыздар мен көмірсулардың энергия бөле ыдырауын күшейтетін гормон бөлінеді



5. Қалқанша маңы безі гормоны артқанда:

а) Қанда кальций мөлшері төмендейді.

в) Кальций қанда, бүйректе, бауырда, мида жиналады.

с) Тістің өсуі бұзылады

д)Тісте бор тәрізді дақ пайда болады

е) Сүйектер сынғыш және нәзік болады



6. №4 - Графикалық тест ( Гормондар таблицасы бойынша)
І. Сыртқы секреция бездері деп – сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады,

гормонын асқорыту мүшелеріне және сыртқы ортаға бөледі, олар:


1. Сілекей безі

2. Қарын безі

3. Ұйқы безі

4. Ішек бездері

5. Бауыр

6. Тер безі

7. Май безі

8. Жас безі


ІІ. Ішкі секреция бездерінің – сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды, гормондар тіке қанға бөлінеді олар:
1. Гипофиз

2. Эпифиз

3. Қалқанша безі

4. Қалқанша маңы бездері

5. Тимус

6. Бүйрек үсті безі


VІІ.Бағалау. Үйге тапсырма: § 12 оқу.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет