Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)
Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп
тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке -
менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар
тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға
сая панамыз – Қазақстан көркем жер!
Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
Жүргізуші II: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,
бір кісідей мандай терін төккен жер!
Жүргізуші I: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен
ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы
менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!
Жүргізуші II: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!
Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!
Жүргізуші II: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла
шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!
(Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)
Жүргізуші I: 1990 жыл ...
24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.
25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекетті.
Жүргізуші II: 1991 жыл ...
1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын!
Жүргізуші I: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті
Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып
жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының
өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.
( Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақстан - қасиетті Отаным» әні орындалады.)
Жүргізуші II: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).
Жүргізуші I:
Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!
Құт күшім –егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.
( Аяулымның орындауында «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі )
Жүргізуші II: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан
тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның
Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және
амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба
үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.
Оқушы I : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Оқушы II: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Оқушы I: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
Оқушы ІІ: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Аруағын!
(Аккулиев Әділбек пен Бөденбаева Меруерттің орындауында «Атамекен»әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары көрсетіледі.)
Жүргізуші I: 1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны
аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүние- жүзілік құрылтайы болып өтті.
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия ,Иран,
Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан
астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл
конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы
үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
Жүргізуші II: 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы
Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан
өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша
өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.
Жүргізуші I: 15 қарашада Қазақстан Республикасының
халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді.
(Байымбетов Ернар мен Аманова Гаухардың орындауында ән «Өз елім». Әні П.Тілеңдиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі )
Жүргізуші II: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел
тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!
Көрейін бақытымның азаттығын,
Таңымды тамылжытқан бостандықтан,
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!
(Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақ биі».)
Жүргізуші I: 1997 жыл ... Жаппай қуғын –сүргін
құрбандары еске алу жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып, демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.
(Ақаев Махамбет. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»)
Жүргізуші IІ: 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп
келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты
көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз
орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай
білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.
Жүргізуші I: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!
Жүргізуші II: Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана!
( Аккулиев Әділбектің орындауында ән «Астана»)
Жүргізуші I: 1999 жыл ...Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жалғастырудың бірден бір кепілі – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізеді.
Жүргізуші II: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.
Жүргізуші I: Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан –2000 жыл мәдениетті қолдау жылы!
Жүргізуші ІI: Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.
Жүргізуші I: Тарихи жағымызды қалпына келтіріп, отандық сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақстан тарихи және мәдениеті ескеркіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстан тарихи негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» атты акция өткізді.
Оқушы: «Мыңжылдық саңлақтары»
-
Ахмет Иассауи
-
Әз Жәнібек хан
-
Мұхамед Хайдар Дулати
-
Төле би
-
Қазыбек би
-
Әйтеке би
-
Абылай хан
-
Құрманғазы
-
Шоқан Уәлиханов
-
Абай
Оқушы: «ХХ ғасыр саңлақтары»
-
Әлихан Бөкейханов
-
Ахмет Байтұрсынов
-
Дина Нұрпейісово
-
Мұхтар Әуезов
-
Қаныш Сәтпаев
-
Бауыржан Мамышұлы
-
Дінмұхамет Қонаев
-
Нұрсұлтан Назарбаев
-
Олжас Сүлейменов
-
Тоқтар Әубәкіров
Жүргізуші ІI: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–15жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік.
Жүргізуші II: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып,
әлемдік қауымға ендірді.
Жүргізуші I: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп,
барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.
Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді,
халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,
бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.
Елміз өркениетті замана ағысына қосылды.
(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен байрақты қөтеріп, екі оқушы шығады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Әні III. Қалдаяқовтікі, сөзі Ж.Нәжімединов және Н.Ә.Назарбаевтікі.)
Эссе
Менің педагогикалық философиям
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Отбасымызда педагогтер болмағанымен, өз туған жерінде ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан арғы атам Бекжанның қасиеті маған дарыған болса керек. Бірақ сол кездегі атам ашқан мектептің орны белгісіз. Бұрын «Шіркін, атамның ұстаздық еткен жылдары туралы деректерді білсем ғой»,- армандайтынмын. Жылдар өтті... Дегенмен деректер табылмаса да, сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – қиыншылық, қысым көрсе де, ауыр кезеңде мектеп ашып, бала оқытқан атам Бекжан. Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты»,- дейді Дүйсенова Әлия апай. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:
-
Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
-
Қызметке бейімділігі
-
Кәсіптік білімі мен біліктілігі
-
Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
-
Ұйымдастырушылық қабілет
-
Заманға сай жаңашылдық
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
Ашық сынып сағаты:
«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»
Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым- желтоқсан
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Айжан: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен.
Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған Ар-намысым, қасіретім; мақтанышым-желтоқсан атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Жаннат: Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
Айжан: Осыдан 20-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Айнұр: Желтоқсанда.
Алматада, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Абылай: Кім көріпті о заманда,бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Перизат: Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
Аягөз: Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
Айжан: Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан,
Шыбық өлді қырқада өсіп тұрған.
Шындық деген жоқ екен сотыңда да,
"Атауға" деп міз бақпай кесік қылған.
Біреу қарғап, дүние-ай, жақ ашпайды,
Қайрат ұлан осылай аласталды.
Құрбандыққа күн бұрын белгіленген
Артық адам сен болдың Алаштағы.
Ақмарал: Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Бақыт: Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Гүлжазира: Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
Көрініс: Алтыннұр:
Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)
Тергеуші-Медет,
Қайрат-Әділ, Милиционер-Манат.
Қ: Қайратты тергеуге әкеледі.
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Т: Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып, тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым
Қ: Мойындата алмайсың.
Т: Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қ:Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Т: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрі бір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қ: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Алтыннұр! Ал ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.
Амангүл:
Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған.
Бұйырғанда өлімге
Кірпігін де қақпаған.
Батыр бабаң Бауыржан
Қолдады ма, қарағым,
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп.
Айтылар теңеу қалған жоқ.
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Қазағыңды Қайрат деп,
Тамсандырған қарағым!
Мамық болсын қара жер,
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!
Қанатбек ән: "Желтоқсан желі".
Аягөз: Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.
Би- Алтыннұр.
Гүлдана: Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Гүлім: Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Жаннат: Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезінде құрбандары.
Нұрсұлу апай ән: "Қара бауыр қасқалдақ".
Тілек: Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар
Ел есінде мәңгілік сақталады.
Ақбөпе: Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті.
Манат: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығандай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт-береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты құс арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тоқтар:
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған
Қыран құсы шалқыған.
Сары түсті жолақ бұл,
Мұратындай атаның
Әсем өрнек ол ұлттық.
Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Мұның бәрі бүгінгі
Қазақстан жалауы
Қанатбек. Ән " Елім менің"
Достарыңызбен бөлісу: |