Сабақтың мақсаты: Білімді, саналы, еліне адал қызмет атқаратын, патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу



Дата06.09.2023
өлшемі16.21 Kb.
#476783
түріСабақ
2023 тәрбие сағаты


Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі
Директордың
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
______________ Қалманаова Г.М.
Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт.


Оқу тобы: А-23-11
Күні: 01.09.2023
Топ жетекшісі: Мүсірәлі Б

Қызылорда, 2023 жыл


Тақырыбы: Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт.
Сабақтың мақсаты: Білімді, саналы, еліне адал қызмет атқаратын, патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Жаңа оқу жылының басталуына байланысты білім алушылардың бойында жағымды көңіл –күй, білімге деген оң көзқарас, ұлтжанды, мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Елімізде отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жандас өте көп. Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына зор сеніммен қараймын. Тәуелсіз Қазақстан рухы азат, кзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ сіп келеді,-делінген . Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмауға тиіс. Оларды осындай теріс әдеттерен қашық болуға үйретуіміз керек.
Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қолға алуымыз керек. Ашығын айтсақ, біз кейді өз өмірімен гөрі жұрттың пікіріне көп мән береміз, Тіпті, бұл әдет қанымызға сіңген деуге болады. Әрине, қазақтың қонақжайлығы-жақсы қасиет.Бірақ үйдің іші-сыртын қонақ келгенде ғана ретке келтіру дұрыс емес. Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс. Қазақстан- бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланысты. Яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел болуымыз қажет. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болуы, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады.
Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл-бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық-парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай (Адал еібекпен мал іздемек- арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді,ел мүддесіне сай шешім қабылданадаы. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау аклады. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.
Ұлтымыздың бірегейлігі бұл-оның табысты болуы деген сөз. Табысқа жету үшін жоспарымыз қол жетпес қиялға не болмаса жалағ сөзге емес, нақты іске негізделуі керек. Сонда ғана оның бәрі жұртқа түсінікті, анық болады. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысын білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады.
Шығыстың ұлы ғұламасы Әл-Фараби
Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы екенін айтқан. Бала тәрбиесі- ең алдымен, ата-ананың міндеті.
Отанға деген сүйіспеншілік бұл-үлкен жиындарда ұран таастау немене тек ән жиындарда шырқау емес. Отаншылдық бұл- шынайы патриоттық сезім. Тұратын үйіңді, аулаңды, қалаңды таза ұстау, қоғамдық орындарды бүлдірмеу, ұқыпты болу, яғни әр жерге қоқыс лақтырмау, түкірмеу деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет