«Қазақстан – біздің ортақ Үйіміз» халықаралық конференциясына қатысушылардың Үндеуі астана, 25 сәуір 2013 жыл Біз, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»



Дата17.07.2016
өлшемі25.77 Kb.
#204957


«ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

ҮНДЕУІ

Астана, 25 сәуір 2013 жыл
Біз, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» халықаралық конференциясына қатысушылар, жас егеменді мемлекеттің тұғырлы жетістіктерін ұғынудағы мемлекетік, қоғамдық, діни, ғылыми және басқа да Қазақстанның әлеуметтік маңызды институттарының бірігуі жолында Конференцияның маңызды қадам болғанына бір кісідей сенім білдіреміз.

Біз барлығымыз бірауыздан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін Қазақстан Республикасы туған жер, киелі шаңырақ саналатындығын растаймыз.

Біздің Қазақстан Еуразияның өркениеттік нақышын өзіне үйлесімді түрде сіңірген бірегей ел екендігін мойындаймыз. Этностық, мәдени және діни әралуандылыққа қарамастан, біз елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап келеміз.

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған еуразияшылдық саясаты көптеген этностар, мәдениеттер пен діндерді біріктіреді деп санаймыз.

Біздің еліміздің «өркениеттер торабы» деп аталуының тарихи негізі бар. Қазақстан – ислам, христиан және буддизм сынды ірі әлемдік діндер арасындағы табиғи көпір ретінде танылды. Ғасырлар бойы бұл қасиетті өлкеде әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Осылай бірін-бірі байыта түсуге және өркендеуге мүмкіндік берген тығыз мәдени қарым-қатынастар қалыптасты.

Әртүрлі діндер мен сенімдік дәстүрлерді ұстанатын барлық қазақстандықтар атынан ұлтаралық және конфессияаралық сұхбатты ту еткен біздің ортақ үйіміздегі қол жеткізген жетістіктеріміз бен алдағы игі өзгерістердің негізі саналатын татулық пен ынтымақты сақтауға біз болашақта да мүдделі екендігімізді білдіреміз.

Біз Отанымыздың басты құндылығы - әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде танылған азаматтық бірлік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты еліміздегі мәдениеттер пен діндердің үнқатысуын қолдауға дайынбыз.

Біз жас мемлекетті ғаламдық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналдырған Қазақстан мен оның Көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз рөлі мен саясаты үлкен құрметке, мойындауға және барша халықтың жан-жақты қолдауына ие болуы тиіс екендігіне сенімдіміз.

Біздің қоғамымызға тән емес, қауіпті жат ағымдар мен жалған діни ілімдер бізді алаңдатады. Біз дәстүрлі қағидаларды ұстана отырып, халқымыздың мәдени және рухани құндылықтарын бағалап, дамытуға шақырамыз.

Біз дін атын жамылған сыңаржақ, радикалды, экстремистік және террористік әрекеттердің дінге ешқандай қатысы жоқ деп есептейміз. Сондықтан да біз ХХІ ғасырдың індеті саналатын діни экстремизм мен терроризмді айыптап, бұл зұлымдықпен бүкіл қоғам болып бірлесе күресуге дайын екендігімізді білдіреміз.

Біз Қазақстан бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі дінаралық үнқатысу пен келісімді орнату қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеп қана қоймай, діни негіздегі қақтығыстарды шешу бағытындағы жаһандық құрылымға айналғандығын білеміз.

Біз Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында баяндалған кезеңдік міндеттерді жүзеге асыру үшін дұрыс, анық, ұтқыр сөзден нақты, айқын іске көшетін уақыт келгенін түсінеміз.

Біз мемлекетіміздің мәдениеті мен дәстүрінің этностық және діни әралуандылыққа негізделген мол байлығын сақтап қалуға және болашақ ұрпаққа табыстауға міндеттіміз.

Біз Отанымызды сүю, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрін құрмет тұту үшін барша күш-жігеріміз бен ой-ниетімізді біріктіруді мақсат етеміз.



Біз ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының бейбіт өмірі, игілігі мен өркендеуі үшін бар ынта-жігерімізбен қызмет ететін боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет