Шымкент қаласы №52 жалпы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінің биология пәнінің мұғалімі – Менликулова Парасат Турганбековна
Еңбек өтілі 25 жыл. Санаты жоғары. Бітірген оқу орны КазЖенПИ 1984-1989 ж. Алматы қаласы.
Панорамалық сабақ үлгісі (20 мин)
Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Майшабақтар, трескалар, камбалалар, тұқы балықтар (сазан, карас). Балықтарды қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балықтардың кәсіптік маңызы туралы майшабақ, треска, камбала, тұқы балықтарын мысалға ала отырып, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Балықтардың адам өмірінде алатын маңызы зор екендігін тереңдете түсіндіру.
Тәрбиелік: Балықтарды қорғауға, көбейтуге, ысырапсыз пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, СТО әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар, кеспе қағаздар, қаңылтыр құтыдағы балықтар, тұздалған, кептірілген балықтар, қызыл, қара уылдырықтар, балық майы, дәрумендері, балық өнімдері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу.
2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Ой қозғау
Тест.
-
Саусаққанатты балық.
А)акула; Б)бекіре; В)латимерия; Г) скат
2. Балықтар қандай кластарға бөлінеді:
А)балықтар; Б)омыртқалылар; В)сүйекті, шеміршекті; Г)желілілер
3. Адамға шабуыл жасайтын балық:
А)алып акула; Б)электрлі скат; В)көк акула; Г) бекіре
4. Уылдырығы өте құнды балық:
А) латимерия; Б)майшабақ; В)тұқы тәрізділер; Г) бекірелер
5. Бекіре тәрізділерге ең алып балық?
А)албырт; Б)сазан; В)ара балық; Г) қортпа
6. Акулалар отрядына жататын балықтардың ұзындығы
А)10см-10м; Б)30см-30м; В)20см-20м; Г) 12см-12м
7. Скаттар жемін аулағанда нені пайдаланады?
А)атпа жасушасын; Б)сояуын, электр зарядын; В)сиясын; Г)сілекей сөлін.
8. Латимерия ең алғаш қай жылы табылған?
А1938; Б)1930; В)1940; Г)1950
9. Скаттардың қаңқасы неден тұрады?
А)сүйектен; Б) шеміршектен; В) сүйекті шеміршектен; Г) қаңқасы жоқ
10. Ең иісшіл балық.
А)акула; Б)бекіре; В)латимерия; Г) скат
Жауабы: Бағалау:
1-в 6-в 10 б – «5»
2-в 7-б 8-9 б – «4»
3-в 8-а 6-7 б - «3»
4-г 9-б 0 – 5 б – «2»
5-г 10-а
ІІІ.Үй жұмысын тексеру.
Жигсо әдісі бойынша «Акула», «Скат», «Бекіре», «Латимерия» төрт топқа бөлу. Әрбір топ өздерінің тақырыбын қорғап шығады. Сонымен үйге берілген шеміршекті балықтар класы туралы айтылады.
ІV. Мағананы танып білу.
Балық өнімдерін (қызыл, қара уылдырық, тұздалған балық, пісірлген балық, құтыдағы майшабақтар) көрсете отырып:
-
Мына өнімдерді көре отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?- деген сұрақ арқылы тақырыпты оқушылардың өзіне аштырамыз.
Әрбір топқа «Балықтардың кәсіби маңызы туралы» , атап айтқанда «Майшабақтар», «Трескалар», «Камбалалар», «Тұқы балықтар» туралы мәтін беріледі. Отырған «жұмыс тобында» оқушылар мәтінді оқып, талдап, өз «Жанұя» тобына барып, түсіндіреді. Слайдтағы сұрақтарға жауапты дәптеріне жазады. Әр топтан бір оқушы жауабын оқиды.
Сұрақтар:
-
Майшабақтардың кәсіби маңызын атап көрсетіңдер?
-
Трескалардың құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
-
Камбалалар құрылысы мен тіршілік ортасының айырмашылығы неде?
-
Тұқы балықтарға қандай балықтар жатады, әрі маңызы қандай?
-
Балықтарды қорғау үшін қандай шаралар қолданылуда?
V.Ой толғау
1.Арал теңізінің тартылып кетуі туралы бейне таспа көрсету.
2.Кейіпкерден хат. «Арал теңізіндегі жойылып кеткен майшабақтардың осы заманғы адамзатқа қалдырған хаты».
3.Кейіпкермен сұхбат. Бір оқушы адам рөлінде, ал қалғандары балықтар рөлінде болады. Балықтар адамдарға өздерінің сұрақтарын қояды.
VI. Сабақты бекіту
«Нені білемін?, Нені үйрендім?, Нені білгім келеді?» кестесін толтыру.
VII. Бағалау.
Топ басшысының бағалау парағындағы жалпы балының орта бағасын шығару.
VIII. Үйге тапсырма.
Балықтардың кәсіби маңызы.
«Балық тұр ғой, бас қайғы»деген мақалдың мәнісін ашыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |