- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
- Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.
- Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін.
- Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, цитология және гистологиямен байланысты. Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
- Физиологиялық зерттеу әдістері
- бақылау;
- Эксперимент (тәжірибе).
- Физиологияны зерделеудегі алғашқы маңызды жетістіктердің бірі - Леонардо да Винчидің Vitruvian Man еңбегі.
- Адам физиологиясы – биологияның тірі организм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін (функцияларын) зерттейтін саласы.
- Ол ғылыми бағытына қарай жалпы Адам физиологиясы, жеке Адам физиологиясы және қолданбалы Адам физиологиясы болып үш бөлімге, ал мақсатына, зерттейтін объектісі мен әдістеріне байланысты қалыпты Адам физиологиясы және патологиялық Адам физиологиясы. болып екіге бөлінеді.
- Физиология туралы түсінік адамдарда өте ертеден тірі организмде болатын өзгерістерді бақылау арқылы қалыптасқан. Алғашқыда бірнеше ғасырлар бойы Гиппократтың (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда) және Аристотельдің (біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда) көзқарастары үстем болды. 1628 жылы ағылшын ғалымы У.Гарвей адам және жануарлардағы үлкен және кіші қан айналымдарын ашқаннан кейін физиологиялық ғылымы өз алдына дами бастады.
|