Сабақ тақырыбы: Мейоз. Мейоз фазалары. Оқу мақсаты: 9.2.2.4-митоз және мейоз үдерістерін салыстыру; Сабақтың мақсаты: Мейоздың кезеңдеріне сипаттма беру. Митоз бен мейоздың жүру үдерістерін салыстыру. Бағалау критериі: Мейоз фазаларын біледі. Митоз және мейоз кезеңдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралайды. - Мейоз- нәтижесінде хромосома саны азаятын және жасушаның диплоидты күйден гаплоидты күйге өтетін бөліну әдісі. Мейоз – гаплоидты жасушалардың, гаметалардың түзілу әдісі. Оны редукциялық бөліну деп атайды. Мейоз кезінде жас жасушалардағы хромосома саны 2 есе кемиді. Бастапқы жасуша бірден 4 жасушаға бөлінбейді. І мейоз бен ІІ мейоз қатар жүреді. Интерфаза кезінде бірінші және екінші бөліну арасында ДНҚ репликациясы жүрмейді – хромосомалар екі еселенбейді.
- Мейоз қатар жүретін 2 бөлінуден тұрады. Оның 8 фазасы бар.Мейоздың бірінші бөлінуі:
- І профаза І І профаза
- Іметафаза ІІ метафаза
- І анафаза ІІ анафаза
- І телофаза ІІ телофаза
Конъюгация мен кроссинговер өте маңызды үдерістер, оларсыз жыныс жасушалары түзілмейді. Конъгация дегеніміз- бұл гомологты хромосомалардың жақындау және өрлеу үдерісі.Конъюгация уақыты кезінде көптеген гомологты хромосомалар арасында кроссинговер гомологты хромосомалар бөліктерінің алмасу үдерісі жүреді. Тапсырма. Төменде берілген мейоздың фазаларын, ерекшеліктермен сәйкестендіріңіздер. Ж: 1д.2б.3а.4с 2-тапсырма Суретте 2-санымен белгіленген кезеңде қандай үдеріс жүріп жатқандығын анықтаңыздар. Ж:: Конъюгация.Гомологтық хромосомалар жұптасқан. Қорытынды Мейоз – жасушалардың бөліну әдісі, нәтижесінде бір диплоидты аналық жасушадан төрт гаплоидты еншілес жасушалар пайда болады. Мейоз кезінде жыныс жасушалары бөлінеді.Мейоздың бөлінуі екі кезеңнен тұрады: редукциялы бөліну және эквационды бөліну. Мейоздың бірінші бөлінуі (мейоз I) хромосома жиынтығының азаюына ықпал етеді және бұл үдеріс редукциялық бөліну деп аталады. Ол төрт кезеңнен тұрады. Кері байланыс - Маған
- оңай болғаны ...
- қиын болғаны ...
- түсінікті болғаны ...
- Енді мен ... ... білемін.
- Енді мен ... ... үйрендім.
Достарыңызбен бөлісу: |