Фонетика туралы жалпы түсінік



Дата26.10.2022
өлшемі14.72 Kb.
#463410
Фонетика


Фонетика туралы жалпы түсінік
Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған)— тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.
Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет