Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға иформатика кабинетiнiң ҚТЕ сақтау.
Табиғаттың сырларын аша отырып, саңырауқұлақтардың
түрлерi туралы бiлiмдерiн кеңейтiп, ұштастыру
2. Оқушыларды екi топқа бөлiп, жеуге жарамды және жеуге
жарамсыз саңырауқұлақтар туралы ұғымдарын кеңейту,
дамыту, алған бiлiмдерiн шыңдау.
3. Оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу, пәнге деген
қызығушылығын арттыруға баулу
Сабақтың түрi: қорытындылау сабағы
Сабақтың типi: сайыс сабақ
Техникалық құрал: интерактивтi тақта, компьютер
Пәнаралық байланыс: химия, әдебиет
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңi
II. Үй тапсырмасын тексеру
Информатика кабинетiнiң ТҚЕ сақтау керек туралы айт
1Ауру туғызатын бактерия деген не? Қандай ауру туғызады?
2Цианобактерия дегенiмiз не?
3«Шеңбер» ойынын ойнату арқылы сынып бойынша дайындықтарын тексеру
(Венн диаграммасы)
-
Ауру туғызатын бактерия
|
|
|
Бактерия
|
|
-
Осциллятория
-
Носток
-
Iшек бактериялары
-
Жоғары тыныс жолының бактериялары
-
Глеохапса
-
Сальмонелла
-
Толипотрикс
Тапсырманы түсiндiрiп, 1 минут уақыт белгiлеу
( сабаққа қатысушы мұғалiмдер бағалайды)
Жұмыстың жазу сауаттылығы, бiлiмдерi тексерiлiп бағаланады.
Оқушылардың бiлiмдерiн 1-5 дейiнгi балмен есептелiнедi, егер
оқушы толық жауап берсе -5 балл
оқушы орташа жауап берсе -3 балл
оқушы жауап бермесе – 0 балл
I топ. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар тобы
|
Балл
|
II топ. Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар тобы
|
Балл
|
Үй тапсырмасының орындалуы
|
|
Үй тапсырмасының орындалуы
|
|
Тобының аты туралы мағлұмат беру
|
|
Тобының аты туралы мағлұмат беру
|
|
Ойланып көр, жауабын бер
|
|
Ойланып көр, жауабын бер
|
|
Ойлап тап!
|
|
Ойлап тап!
|
|
Табиғат туралы өлең оқу
|
|
Табиғат туралы өлең оқу
|
|
Сабақты сұрақтар арқылы бекiту
|
|
Сабақты сұрақтар арқылы бекiту
|
|
Кiрiспе
Мұғалiм : Кадет мырзалар мен бүгiнгi сабақтың қонақтары сабақты «Табиғат» туралы өлеңнен бастағым келiп отыр :
Табиғаттың арайлансын ажары
Болмаса екен тартар оның азабы
Табиғатқа тазалықты тарту ет
Тарқамасын аң мен құстың базары – дей отырып Табиғат –Ананы қолымыздан келгенше аялап, сақтасық болашағымыздың үлкен келешегi деп түсiнiп, бүгiнгi сабағымызды бастаймыз.
Бүгiнгi сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар ( Мақсатымен таныстыру)
Сұрақтар қою:
1 Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
2 Саңырауқұлақтардың құрлысы мен қоректенуi
3 Саңырауқұлақтардың көбеюi
4 Зең саңырауқұлақтар дегеніміз не?
5 Паразит саңырауқұлақтар дегеніміз не?
Екi топқа оқушыларды бөлемiз:
1 топ: Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
2 топ: Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар
1 тапсырма. Тобы туралы мағлұмат беру
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % ,
нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi.
Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.
Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т.б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см-дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.
Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.
Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.
2 тапсырма. Интерактивтi тақта арқылы жұмыс жасаймыз
Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысын жазамыз
-
– қалпақша
-
–қалпақша асты
-
– белдеуше сақина
-
– түбiртек
-
– түбiртек жiпшесi
-
– жiпшумақ
-
– жiпше
3- тапсырма
Тапсырманы орныдағаннан кейiн интерактивтi тақта тағы берiлген тапсырма, саңырауқұлақтардың суреттерi берiлген, осы суреттердi жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтардың аттарын атаймыз
Саңырауқұлақтардың суреттерi
4 тапсырма. Табиғат туралы өлең оқу
1 топ
Табиғат арқау болсын ән мен жырға,
Бөленсiн атамекен шуақ нұрға,
Ұлылыққа ұмтылған намысы бар
Көбейсiн елiмiзде дара тұлға
2 топ
Мұңлы неге пәк табиғат – Анамыз,
Қазiр бiздiң уланған ба санамыз.
«Балаңа арнап бақ өсiр»- деген сөздi,
қалай ғана тауып айтқан бабамыз
Сұрақ осы кезде туындайды:
Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтарды теру кезiнде қандай ережелердi сақтау қажет екенiн айтыңдар
Жауабы: Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге жарамдысын улы түрiнен ажырата бiлу керек. Терген кезде топырақта көрiнбей жататын жiпшумақты зақымдап алмас үшiн, саңырауқұлақ түбiрiнiң түбiнен пышақпен абайлап қиып алған жөн.
5 тапсырма. Бекiту сабағы
Компьютерде алдын ала терiлген сұрақтарға жауап беру
Сабақты сұрақтар арқылы бекiту
-
Саңырауқұлақтарды зерттейтiн ғылым микология ХIХ ғ. п.б.
-
Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы гликоген
-
Талшығы бар спораның атауы зооспора
-
Споралар түзiлетiн орын спорангий
-
Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ қантты
-
Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы пеницилл
-
Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ аспергил
-
Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады? Қалпақ,түбiртек
-
Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi микориза
-
Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ шыбынжұт
-
Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ iшiнде көрiнбей жататын бөлiгi жiпшумақ, жiпше
-
Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба? усыз
-
Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ қаракүйе
14. Жүгерi собығында болатын паразит саңырауқұлақ қаракүйе
Қорытынды Сабаққа белсене араласқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларға баға қойып, сабақты қорытамыз
Үйге тапсырма: Мәтiндi оқу, суреттермен жұмыс жасау. Өткен сабақты қайталап келу
Достарыңызбен бөлісу: |