Сіз бала күніңізді жиі есіңізге аласыз ба? Сол бір керемет сәттер, алаңсыз, уайм-қайғысыз аулада ойнап жүрген кездеріңізге бұл күнде ешбір шаттық жетпейтіндей көрінеді ия



Дата09.03.2023
өлшемі15.65 Kb.
#470545
эссе Мөлдір Алтыбайқызы


Сіз бала күніңізді жиі есіңізге аласыз ба? Сол бір керемет сәттер , алаңсыз, уайм-қайғысыз аулада ойнап жүрген кездеріңізге бұл күнде ешбір шаттық жетпейтіндей көрінеді ия... Кім білсін, мүмкін кейбір адамдар балалық шағын есіне мүлде алғыса да ойлағыса да келмейтін шығар. Балалық шақтың әдемі әуенмен немесе сұрғылт сүреңмен өтуі кімге байланысты деп ойлайсыз?
Барлық адамзат анадан туады, бірақ барлығы бірдей ана махаббатына бөлене бермейді. Бізге балалық шақтан тәтті естеліктер мен, алаңсыз күндердің бақытын сыйлаған анамыз. Кейбір адамдарда балалық шақ деген түсінік болмайды, ойыншығы болмағаны үшін емес немесе ауладағы балалармен достаса алмағны үшін емес, тіпті үлкендердің жазықсыз ұрысқаны үшін де емес, анасы қасында болмағаны үшін. Ия, адамзаттың балалық ғұмыры оның жасы не ойыншығымен емес, анасының бар жоқтығымен өлшенеді. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды, біз есейіп кетсек те анамызға балаша еркелеп, жас сәбише құшағына ене аламыз. Анамыздың әзірлеген асы, айтқан сөзі жылы алақаны бәрі бәрі де біз еске алатын бақытты балалық шақтың ең бір көрікті естеліктері. Сондықтанда болар, балалық шақтың естеліктері анамызбен тікелей байланысты.
Қараңғы құрсақ. Адам баласы үшін осынау жерден асқан жайлы орын жер бетінде жоқтай көрінеді. Сәби болып жаралғаннан біз ана жылуымен мейірімін сезінеміз. Біз үшін шыр-пыр болып дүрсіл қағатын адал, ақ жүрегінде ең бірінші көретін біз. Ана жүрегі – бар әлем оңай сыйып кете алатындай кең, қиянатты да қайғыны да көтере алатын темірдей төзімді және болмашыға мәз болып қуана салатын нәзік. Ана жүрегі қуанса баласының жетістігі үшін қуанады, ал мұңайса баласының кішкене сәтсіздігіне де мұңаяды. Ана жүрегі сондай бір жаратылыс, баласының жүрегімен қатар соғады, баласының көңілінің мұңын байқайды. Балаға не қажет екендігін ойланбай табады. Ана – бала жүрегін мейірімге толтырып, әлемді танытушы жан. Бала күнімізде алғашқы қадам басқанымыз, алғаш сөйлегеніміз, өз бетімізбен ас ішкеніміз барлық бұзықтықтарымыз бен қылықтарымыз ана жүрегінде мәңгі жазылады. Егер қазір анаңыз сіздің қасыңызда болса сәттерді бағалаңыз және жақсылық жасауға ұмтылыңыз, ал егер жаныңызда болмаса оның тоғыз ай көтерген еңбегіне лайық ғұмыр кешуге тырысыңыз.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің деп дана қазақ текке айтпаса керек. Ана болу сезімі де өзгеше әрі жер бетінде ешбір пендеге бере алмайтындай көрінген мейіріміңді балаңа бере алу сезімі. Сәбиің үшін тау қопарып, тас жара алтындай ерлікті сезіне алу және сол үшін балаңнаң қуат ала алу. Ана үшін баласының бақыты мен қуанышы бәрінен де биік. Кейбір сәттерде аналар тіпті өздерінде ұмытып кетіп жатады. Біз үшін жас ғұмырын сарп етіп, біздің қуанышымыз үшін өз қалауынан бас тартқан аналарды ардақтамау әр бір перзентке ұят қылық. Ақ жаулықты әжелеріміздің самайдағы ақ шашында ауыр еңбек пен бейнеттің ізі көрінеді. Аналар қай кезеңде де ана, ұрпағы үшін шырылдап бәрін жасағысы келеді және бақытқа ұмтылады.
Жер жүзінде анадан асқан мейірімді, анадан асқан аялы, анадан асқан кең пейіл жан болмаса керек. Ана жайлы айтқанда сөз таусылып, сезімнің саязданған сәтті болған емес. Мейлі ол баласы үшін бәрінен бас тартсын, мейлі ол бәрі үшін баласынан бас тарсын ана барлық кезде де бізді осы өмірге жолдағаны үшін де оны жақсы көруге тиіспіз. Аналық сезім мен мейірім бес күндік жалғанның ақиқатыдеп білеміз. Ардақты аналар мен ақ жаулықты әжелеріміз аман болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет