Сабақтың тақырыбы: Ақылдылар.
Сабақтың мақсаты:
Сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға үйрету.
Жан-жақтылыққа, тапқырлыққа, шапашңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, жаздың суреті, жұлдыздар.
Әдісі: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ шешу.
Сабақтың жүрісі:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Мен сендерге бүгінгі күндерін сәтті болсын деп тілеймін!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Балалар, бізге хатшы хат әкеліп тастады, сол хатта бірнеше тапсырма бар екен. Бір ғажабы сол хатта тапсырмаларды орындасақ, біз бір ғажайып жерге енеміз делінген.
1 тапсырма
Балалар, 1-ші тапсырмада сендерге жұмбақ жасырыпты, мұқият тыңдаңдар!
Жұмбақтар
Үйге кіреді Алдияр
Оған қоса Мадияр
Кейін келеді Айдана
Қанша болды бар бала?
Табақта үш алма
Қолында екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
Далада жүр төрт түйе
Қосылды тағы үш түйе
Жалпы саны түйелердің
Болды неше есепте?
Балапанын көгалда
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан
Балалар, неге байланысты жұмбақ жасырдық?
Сандарға байланысты.
Сандарды атайықшы ?
3, 5, 7, 10.
Тағы қандай сандармен таныстық, қайталап жіберейікші?
1 ден 20-ға дейін тура және кері санатамын.
2-ші тапсырма
Балалар тақтаға назар аударып, мына заттардың ауыр-жеңілін ажыратып екі бағанға бөліп жапсырамыз.
Дәптердегі 1-ші тапсырманы орындаймыз.
Дәптердегі 2-ші тапсырманы ауызша слайдпен жұмыс жасаймын.
Дәптердегі 3-ші мәтін есеп.
Есеп не туралы? Су қоймасы туралы
Су қоймасында нелер жүзіп жүр? Қаздар
Неше қаз? 8 қаз
Нешеуі жағада? 2-уі қаз
Есеп бізден не сұрайды? Неше қаздың қалғанын табамыз.
Оны қалай табамыз? Азайтамыз
Ия, олай болса, азайтудың компоненттері атап бере қойшы.
Балалар, сәл сергіп алайық!
Сергіту сәті
Жақсы орындарымызға отырып, дәптердегі астындағы тапсырманы орындайық. Ондағы сандарды бастырып, үзік сызықтарды қосайық.
3 тапсырма
Ойлан, тап ойынын ойнайық!
1. Бағдаршамның неше көзі бар?
2. Екі қоянда неше құлақ бар?
3. Жұлдызшаның неше бұрышы бар?
4. Адамда қанша көз бар?
5. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?
6. Оң қолыңда неше саусақ бар?
7. Дөңгелекте неше бұрыш бар?
8. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді.
Оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды?
9. Екі қолыңда неше саусақ бар?
10. Балықта аяқ бар ма?
4 тапсырма
«Құстардың ұясын құрастырайық» ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |