Сабақтың оқыту мақсаттары



бет1/4
Дата04.12.2023
өлшемі114.85 Kb.
#485416
түріСабақ
  1   2   3   4
Күкірт Орынбасар Динара



Қысқа мерзімді жоспарСабақ тақырыбы

§32Күкірт және оның қосылыстары.

Сабақтың оқыту мақсаттары

9.2.8.1.32 Атом құрылысына, аллотропия туралы түсінік беру
9.2.8.2.32 Күкірттің химиялық қасиеттері
9.2.8.3.32 Күкірттің қолданылуы

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Атом құрылысына, аллотропия туралы түсінік қалыптастырады
Көпшілік оқушылар:
Күкірттің химиялық қасиеттерін біледі
Кейбір оқушылар:
Күкірттің қолданылуын біледі

Құндылықтарды дарыту

-Жауапкершілікке үйрету, әрбір берілген тапсырманы тиянақты орындауға бағыттау;
-Оқушының белсенді ақыл-ой ізденістерін ынталандыру;
-Серіктестікті қалыптастыру



Бағалау критерийлері

Атом құрылысына, аллотропия туралы түсінік беру
Күкірттің химиялық қасиеттері
Күкірттің қолданылуы

Тілдік мақсаттары

Күкірт алынуы,физикалық қасиеттері,химиялық қасиеттері,аллотропия,

Алдыңғы оқу

§31 16 (IVA) топ элменттері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0-5минут
5-9минут « Біздің топтың жүрегі!»
(Сергіту сәті )


«Кім жылдам?»
9-12 минут


Түсіндіру әдісі:
12-18минут

18-23 минут есептер шығару


Миға шабуыл
23-27минут
Кім жылдам?

28-30минут
Сабақтың ортасы
Химиялық диктант

31-35 минут


Өздік жұмыс.


Сабақтың соңы
36-38минут
Рефлекция

Қалыптастырушы бағалау


33-36 минут


Үйге тапсырма
38-40 минут



1.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушыларды түгендеу
Сабақтың басында мұғалімдер:
- Оқушының назарын сабаққа аудара алады;
-Оқушылармен оқу мақсатын талқылау
-Оқушылармен өткен тақырыпты қайталау
«Біздің топтың жүрегі».
Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.
Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.


Кім жылдам?
1.Холькогендер грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
2.Холькогендердің ішіндегі маңыздылары
3.Холькогендердің сыртқы электрон қабатында қанша электрон бар?
4.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі холькогендердің орнына сипаттама беріңдер және оларды атаңдар
5.Мына қосылыстардан күкірттің тотығу дәрежелерін анықтаңдар :K2S, H2SO4 , Н2SO3, S, Al2S3


Дескриптор:
-Холькогендердің мағынасын біледі
-Холькогендердің маңызды элементтерін біледі
-Холькогендердің сыртқы электрон қабатындағы электрон санын біледі
- Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі холькогендердің орнына сипаттама береді және оларды атайды
- Қосылыстардан күкірттің тотығу дәрежелерін анықтайды
Жауабы:

  1. Мыс кенін тудырушы

  2. оттек және күкірт

  3. 6 электрон

  4. 16 VIA топша, O,S,Se, Te,Po

  5. -2 , +6, +4, 0, -2



Жаңа сабақ
Күкірт кең таралған элементке жатады
( жер қыртысының 0,05 % -ы күкірттен тұрады , 50 - сурет ) . Ол бос күйінде және минералдар мен тау жыныстарының құрамында кездеседі . Олар : сульфидтер ( ZnS — мырыш алдамшысы , FeS2 — пирит , HgS — кино варь , РbS қорғасын жылтыры және т.б. ) және мыс сульфаттар ( CaSO4 ғаныш , Na2SO4 *10H2O Глаубер тұзы және т.б. ) Күкірттің бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар , олар құрамы және құрылысы бойынша ерекшеленеді. Кристалдық күкірт — сары түсті молекулалық құрылысты зат . Ол
S8 циклдік молекулалардан тұрады ( 51 - сурет ) . Егер балқыған күкіртті суық суға құйса , қатып , резеңке тәрізді масса түзіледі.
Бұл — күкірт атомдарының шексіз тізбектерінен тұратын пластикалық күкірт ( 52 - сурет ) . Химиялық реакция теңдеулерінде күкірт қарапайым түрде S таңбасымен беріледі .
Күкірт суда мүлде ерімейді . Сонымен қатар оған су жұқпайды , сондықтан күкірт ұнтақтары су бетінде қалқып жүреді . Күкірттің тығыздығы ( 2,07 г / см * ) судан екі есе жоғары . Оның бұл қасиеті күкіртті кенді бос кеннен бөлуге мүмкіндік береді . Кенді осылай байыту әдісі флотация деп аталады және практикада кеңінен қолданылады. Күкіртті алу .
Бос күкірт тау жыныстарынан бөлініп алынады . Ол үшін күкірттің оңай балқитын қасиеті қолданылады ( tбалқу = 112,8 °С). Егер тау жынысы мен күкірттің қоспасын қыздырса , күкірт оңай балқиды, ал жыныс тұнбаға түседі . Балқыған күкіртті ыдысқа құйып алады .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет