Сабақтың оқу мақсаттары



бет1/3
Дата25.09.2023
өлшемі26.26 Kb.
#478475
түріСабақ
  1   2   3
әлем жаңалықтары өнер мен мәдениет ҚМЖ 10-сынып


САБАҚ: Театр – мәдениет ошағы

Мектеп: Орал қаласындағы НЗМ

Мерзімі

Оқытушы аты-жөні: Мунбаев С. Х.

СЫНЫП: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың оқу мақсаттары

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

Сабақтың мақсаттары

Тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені түсіну;
Мәтіннің астарлы ойын анықтау.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді;
Көтерілген мәселені табады;
Мәтіннің астарлы ойын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:
Театр, мәдениет, мәселе, астарлы ой



Құндылықтар

Ашықтық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Өнер

Алдыңғы сабақта




Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

10 минут

Мұғалім сыныптың қабырғаларына театр жайлы қанатты сөздерді іліп қояды. Оқушылар барлық сөздерді оқып, өзіне ұнағанын таңдап, соның қасына тұрады. Бір топқа жиналған оқушылар афоризмді талқылап, мағынасын ПОПС арқылы ашады. Бір оқушы топтың шешімін хабарлайды. Мұғалім топтардың жауаптарына ауызша кері байланыс береді.

Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция. 
Александр Иванович Герцен
Санасы бос адамның алдында ойнағанша, бос орындықтың алдында ойнаған жақсы. 
А. Гиннесс
Театр мен киноның айырмашылығы – сіз театрда көресіз, ал кинода сізге көрсетеді. 
Александр Адабашьян
Театр – көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны. 
Петер Цадек

Оқушылар орындарына отырады. Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийлерді тақтадан көрсетеді. Оқушылар сабақтың тақырыбын жазып алады.



5 минут

10 минут



10 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Әр сұрақты талқылауға 1 минут уақыт берілді. Сол уақытта екі оқушы да өзінің ойын айту керек. Мұғалім жұптардың талқылағанын тыңдап жүріп, тапсырманың соңында ұтымды ой айтқан оқушылардың жауабын сұрайды. Ауызша кері байланыс береді.

  • Театр адамның рухани жан дүниесін байыта алады ма?

  • Қазіргі кезде театр өзінің өзектілігін жойды ма? Неліктен?

  • Жастардың театрға баруы қажет пе? Неге?

Тапсырма дескрипторлары:

  • Өзінің ойын айтады;

  • Ойын дәлелдейді.

Тыңдалым тапсырмасы
Мұғалім бейнероликті қосады. Оқушылар тыңдалым мәтінін мұқият тыңдап, тыңдалым картасын толтырады.
Тапсырма дескрипторлары:

  • Мәтіннен 3 жаңалықты анықтайды;

  • Мәтінде аталған жастар мәселесін табады;

  • Мәтіннін астарлы ойын анықтайды;

  • Мәтін бойынша қызықты 3 ақпаратты анықтайды;

  • Мәтін мазмұны бойынша 1 проблемалық сұрақ құрады.

Айтылым тапсырмасы
Оқушылар мәтін бойынша дайындаған проблемалық сұрақты «Speed dating» негізінде қояды. Жұптағы оқушылар шартты түрде 1 және 2 болып бөлінеді. Екі оқушы бір-біріне сұрақ қойып, жауап берген соң, 2-нөмірлер сағат тілі бойынша басқа оқушыға барып, осы әрекетті қайталайды. Осылай бірнеше рет айналады. Әр айналым сайын бағалау парағын толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет