38 мектеп-лицейі №38 мектеп-лицейі Мазмұны Кіріспе



Дата13.06.2016
өлшемі197 Kb.
#131871





38 мектеп-лицейі



38 мектеп-лицейі

Мазмұны

Кіріспе

І. Ориялық бөлім


  1. Оқыту технологияларын қолданудағы қажеттіліктер

  2. М.М.Жанпейісованың модульді оқыту технологиясы.

    1. Модульді оқыту технологиясының мазмұны мен құрылысы

      1. 2.1. кіріспе бөлім

      2. 2.2. сөйлеу бөлімі

      3. 2.3. қорытынды бөлімі




    1. Модульдік технологияны сабақтарда қолдану




  1. Модульді оқытудағы танымдық белсенділіктің орны.

(талаптары іс-әрекет деңгей)

ІІ. Практикалық бөлім


Оттегі топшасына құрылған модуль

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Мазмұны
Кіріспе

І. Теориялық бөлім


1. Авторлық оқу бағдарламаларын дайындауға арналған жалпы ережелері

2. Авторлық бағдарламаларды оқу процесіне енгізу кезеңдері

3. Оқу бағдарламасының функциялары мен оны құрастыруға қойылатын

талаптар


4. Оқу бағдарламасының құрылымы

  1. Титулдық беті.

  2. Түсініктеме (түсінік хат).

  3. Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

  4. Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары.

  5. Оқу-тақырыптық жоспары.

  6. Оқу курсының тақырыптарының мазмұны.

  7. Практикалық сабақтар.

  8. Білімді меңгеру деңгейін бақылау.

  9. Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер (негізгі және қосымша) тізімі.

  10. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруы.

5. Авторлық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі

6. Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар



ІІ. Практикалық бөлім

Химия пәніне арналған элективті курстың «Химиялық технологиялардың негізі» атты авторлық бағдарламасы




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

1-Мультимедиалық тұсаукесер «Авторлық бағдарлама құрастыру жолдарына әдістемелік нұсқаулар»,

2-Мультимедиалық тұсаукесер «Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар»

Азимханова Сауле Мыншаловна

Кіріспе


Әлеуметтік дамудың басым бағыттарының бірі – жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің маңызды сұраныстарын қанағаттандыратын қазіргі кездегі білім сапасына қол жеткізу. Білім саясатын белгілі деңгейде тиімді жүзеге асыру білім мекемелерінің әрекеті деңгейінде қалыптасады және оның оқу бағдарламаларында негізделеді.

12 жылдық оқыту бағдарламасына сәйкес орта мектеп сатысында бағдарлы оқыту енгізіледі. Осыған байланысты оқушы мен ата-анасы негізгі мектеп курсында баланың болашақ мамандығына байланысты бағыт таңдап, элективті курстарды таңдауы керек. Элективті авторлық бағдарламалар осы сұранысқа байланысты баланың өзіндік даму траекториясын белгілеуге жағдайлар жасай отыра оқушының ақпараттарды игеру, трансформациялау, жүйелеу,олармен тиімді жұмыс жасау дағдысын игереді. Бұл элективті курстардың атқаратын қызметтерінің негізгісі. Элективті курстар – бұл мұғалімнің ізденіс лабораториясы әрі өз білімін жетілдіруі. Авторлық бағдарламаларды мұғалімге құрастыру белгілі қиындықтар туғызуда.


Ұсынылып отырған дәрісте мен мұғалімдерді авторлық бағдарламалардың құрылымы, мазмұны, түрлерімен таныстырып қана қоймай құрастырудың кезеңдеріне сүйене отырып, өз бетінше құрастыру дағдысын игертем. Практикалық бөлімде шығармашылық топтар құрып өз беттерімен ұсынылған элективті курстар бағдарламаларын талдайды. Дәріс мултимедиалы түрде интерактивті тақтада анимациялы слайдтар көмегімен өткізіледі. /Қосымша 1,2/

Оқу бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттері, белгілі білім аймағының мемлекеттік стандартының талаптары тікелей оқу пәндерінің бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Кез келген бағдарламада белгілі ғылым жетістіктері жинақталады. Бірақ адамдардың білім мазмұнының вариативтілігіне әкелетін білім алу қажеттіліктерінің әртүрлілігі мұғалімдердің авторлық және модификацияланған оқу бағдарламалар дайындау керектігіне әкелді. Авторлық бағдарламаны дайындау автордан жоғарғы біліктілікті талап етеді. Көптеген авторлық және модификацияланған бағдарламаларда келесі кемшіліктер кездеседі:



  • мектептің оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ескерілмейді;

  • оларды дайындаудың қажеттілігі жеткілікті негізделмейді;

  • кейбір міндетті бөлімдері, мысалы:

    • білім, білік, дағды талаптары

    • курстың мақсат, міндеттері және т.б. қамтылмайды;

  • берілген бағдарламаны қажетті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етуін қарастырылмайды;

  • білім аймағының басқа да бағдарламалармен сабақтастық принциптері сақталмайды.

Педагог кадрлар білімін жетілдіру курстарына ұсынылып отырған дәрісімде оқу бағдарламаларын дайындау барысында басшылыққа алынатын жалпы ережелер мен ұстанымдар қамтылған.


1. Теориялық бөлім


Авторлық оқу бағдарламаларын дайындауға арналған

әдістемелік нұсқау

Жалпы ережелер
ҚР «Білім туралы» Заңында білім алу жүйесі оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының сабақтастықтарының жиынтығы ретінде анықталады. Оқу бағдарламаларының жинағы мектептің келбетін анықтайды және нақты білім мекемесі жағдайында оқушыларға арналған әртүрлі білім маршруттарының негізі болып табылады.

Білім алудың әртүрлі сатыларында бір ғана оқу пәніне арналған оқу бағдарламалары бірнеше нұсқада берілгенімен олар қолдану аясына байланысты, яғни



  • базалық (типтік) оқу бағдарламалары;

  • жекеленген пәндерлі тереңдетіп оқытуға арналған оқу бағдарламалары;

  • жоғары деңгейдегі ((гимназиялық, лицейлік және т.б.) оқу бағдарламалары бойынша айырмашылықтар болады.

Осыған байланысты, білім мекемесінде оқыту оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқада жүргізілуі мүмкін.


Оқу бағдарламасы бірнеше нұсқада анықталады.

  1. Оқу бағдарламасы – жекелеген оқу пәніне байланысты негізгі білім, білік, дағдыны анықтайтын нормативтік құжат. Онда қарастырылатын материалдар тақырыптарының тізімі, әр тақырыпқа байланысты сағаттарда бөлуге арналған нұсқаулар, оқу жылдарына байланысты тақырыптардың бөлінуі, толық курстың мерзімі беріледі. Оқушылардың бағдарлама талаптарын толық меңгерген оқу процесінің тиімділігі мен жетістігінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

  2. Оқу бағдарламасы – оқу пәніне сәйкес оқу бағдарламасының мазмұндық негізі мен мақсатты ұстанымдарын, курстың логикалық құрылымын, оқыту технологиясын таңдау принциптерін, білім деңгейін меңгергендігін бақылау әдістерін айқындайтын құжат.

  3. Оқу бағдарламасы оқыту, тәрбиелеу, дамыту функцияларын орындайтын, берілген мақсаттарға сәйкес оқу процесінің құрамы мен толықтығын анықтайтын ақпараттар жинағының қысқаша жүйелі сипаттамасы болыр табылады. Дәстүрлі жағдайда білім, білік, дағдының жалпыланған тізімі берілген. Білім саласында ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламалары қолданылады.

Бұл бағдарламаларда қажетті оқу құралдары мен оқыту әдіс-тәсілдері қамтылған жалпылама түрдегі әдістемелік нұсқау беріледі. Мұғалімдер осындай типтік бағдарлама негізінде авторлық және модификацияланған (ішінара өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) бағдарламалар дайындайды. Модификацияланған бағдарламалар – берілген үлгі бойынша дайындалған бағдарламалар негізінде дайындалады, бірақ оқу пәнінің мазмұнына, тақырыптарды оқып-үйрену реттілігіне, сағат санына, оқытуды ұйымдастыру формаларына және т.б. өзгертулер мен қосымшалар енгізіледі.

Авторлық бағдарламалар – басқа бірдей баламасы жоқ оқу бағдарламалары. Олар автордың берілген оқу пәні бойынша курстың мазмұнынын анықтау концепциясына негізделеді.


Авторлық бағдарламаларды оқу процесіне енгізу келесі кезеңдерден тұрады.

  1. Рецензиялау.

Рецензияны ғылыми немесе әдістемелік мекемелер, сондай-ақ бағдарлама профиліне (бағдарына) сәйкес жекелеген мамандар бере алады. Білім мекемесі практикасында сынақтың ішкі және сыртқы түрлері де қолданылады. Авторлық бағдарламаны білім мекемесінің әдістемелік кеңесінің немесе әдістемелік бірлестіктер отырысында талқылау сынақтың (экспертиза) ішкі түріне жатады. Ғылыми немесе әдістемелік мекемелердің, арнайы мамандардың рецензиясы сынақтың (экспертизаның) сыртқы түріне жатады. Егер курс кіріктірілген сипатта болса, онда бірнеше рецензия болғаны дұрыс. Рецензия қорытындысы негізінде бағдарламаны апробациядан (сынақтан) өткізуге шешім шығарылады.

  1. Апробация (сынақтан өткізу).

Мектептің оқу үрдісіне авторлық бағдарламаны енгізу алдында оны тәжірибелік сынақтан, яғни апробациядан өткізу керек. Сынақтан өткізу барысында бағдарламаны жетілдіру мақсатында оған әдістемелік ұсыныстар беріледі. Апробация нәтижесінде бағдарламаның тиімділігі бағаланып, оның болашақта қолдану қажеттілігі анықталады. Авторлық бағдарламаны қыркүйек-наурыз айларында өткізген дұрыс. Сонда мұғалімде бағдарламаға толықтырулар енгізуге уақыты болады.

  1. Бекіту.

Бағдарламаны бекіту апробацияның нәтижелілігі мен эксперт мүшелерінің оң рецензиясы алынғаннан соң жүргізіледі. Оқу бағдарламасын білім мекемесінің басшысы бекітеді. Егер рецензияда ескертулер болса немесе бағдарламаны апробациядан өткізу барысында кемшіліктер анықталса, онда бағдарлама сын ескертулер бойынша толықтырулар енгізілгеннен кейін бекітіледі.
Ескерту

Бекітілген бағдарламаны жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісіне енгізуді ғылыми-әдістемелік мекеме (аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет, облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау институтының ғылыми кеңесі) ұсынады.


Оқу бағдарламасының функциялары мен

оны құрастыруға қойылатын талаптар
Кез келген оқу бағдарламасы білім аймағына, оқыту сатысына қарамастан келесі қызметтер атқаруы тиіс:

  • нормативтік, яғни толық көлемде орындалуы міндетті болып табылатын құжат болуы керек;

  • мақсаттылық, яғни белгілі білім аймағына енгізгеннен жететін құндылықтар мен мақсаттарды анықтау керек;

  • білім мазмұнын анықтау, яғни оқушылар меңгеруі тиіс білім мазмұнының элементтер құрамын, оның қиындықтар деңгейін анықтау керек;

  • процессуалдық, яғни мазмұн элементтерін меңгерудің логикалық реттілігін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, оқу құралдары мен жағдайларын анықтау керек;

  • бағалау, қызметі оқушылардың білім алу деңгейін бағалау көрсеткіштері мен бақылау нысандарын, мазмұн элементтерін меңгеру деңгейін анықтау керек.

Оқу бағдарламасының функциялары оған қойылатын келесі талаптармен анықталады:

  1. мектептің оқу бағдарламасының негізгі ережелерін (әлеуметтік сұраныстың талаптары, мектеп бітірушіге қойылатын талаптар, оқу үрдісінің мақсаттары мен міндеттері, мектептің оқу жоспарының ерекшеліктері) есепке алу;

  2. білім аймағы шеңберінде білім мазмұнының толықтылығы мен аяқталғандығын бейнелейтін оқу бағдарламаларының өзара байланысы;

  3. нормативтік құжат белгілерінің болуы;

  4. курс мазмұнының барлық элементтерінің өзара байланысы мен реттілікпен орналасуы; білім мазмұны мен оқу үрдісінің бірлігін көрсететін оқу құралдарын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды;

  5. қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті және жеткілікті барлық мазмұн элементтері (табиғат, қоғам, техника, адам, әрекеттер тәсілі туралы білім; шығармашылық әрекет тәжірибесі; әрекеттерге эмоциялы-құндылық қатынастар тәжірибесі) енгізілген бағдарламаны оқыту құндылықтары мен міндеттерін толық ашу;

  6. білім мазмұны элементтерінің берілу нақтылығы.

Оқу бағдарламаларының құрылымы негізгі екі тәсіл – сызықтық және концентрлік тәсілдер арқылы анықталады. Оқу бағдарламаларының құрастырудың сызықтық тәсілі бағдарлама мазмұнының жеке бөліктерінің үздіксіз және белгілі реттілікпен орналастыруға негізделеді. Ол жекебөліктер бір-бірімен логикалық байланыста, әрі бағдарламада бір рет кездеседі. Сонымен, бағдарламаны құрастырудың сызықтық тәсілінде жаңа білім белгілі материалдарға сүйеніп беріледі. Бұл жағдайда материалды меңгеру барысында оқу уақыты үнемделеді. Бірақ сызықтық құрылымдағы бағдарламада оқушылардың жас ерекшелігі ескерілмейді, ол өз кезегінде әсіресе, оқытудың төменгі сатысында күрделі материалды меңгеруге қиындық туғызады.

Концентрлік тәсілде құрастырылған бағдарламада белгілі бір оқу материалы бірнеше рет кездеседі, бірақ осы қайталану барысында білім мазмұны күрделеніп, кеңейтіліп, оның жекелеген элементтері нақтыланып, тереңдетіліп беріледі. Оқу бағдарламасының мұндай құрылымының кемшілігі – бір ғана материалға көп уақыт берілетіндігінде. Дегенмен, педагогикалық практикада көптеген оқу материалын игеруге, әсіресе шет тілдерін оқыту үрдісінде, концентризм өте қажет екенін ескеру керек. Оқу бағдарламасын құрастыруда реттілік пен концентризм принциптерін пайдалану материалды спиралды түрде орналастыруға әкеледі. Бұл жағдайда оқушылар нақты оқу проблемасы бойынша өздерінің білімін бірте-бірте үздіксіз кеңейтуге мүмкіндік алады.


Оқу бағдарламасының құрылымы

Оқу курсының бағдарламасының құрылымдық элементтері:



  1. Титулдық беті.

  2. Түсініктеме (түсінік хат).

  3. Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

  4. Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары.

  5. Оқу-тақырыптық жоспары.

  6. Оқу курсының тақырыптарының мазмұны.

  7. Практикалық сабақтар.

  8. Білімді меңгеру деңгейін бақылау.

  9. Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер (негізгі және қосымша) тізімі.

  10. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруы.




    1. Титулдық беті.

Титулдық бетте:



  1. Білім беру мекемелерінің басқару органы (ҚР Білім және ғылым министрлігі) және білім мекемесінің аты.

  2. Бағдарлама негізінде меңгерілетін оқу пәнінің атауы.

  3. Бағдарлама бойынша оқытылатын параллель сыныптар.

  4. Бағдарлама авторының аты-жөні.

  5. Бағдарламаны бекіту туралы гриф (мерзімі, бағдарламаны бекіткен білім мекемесінің басшысының аты-жөні, қызметі).

  6. Бағдарлама дайындалған елді мекен.

  7. Бағдарламаны құрастыру мерзімі.

Оқу пәндері мен курстарының бағдарламаларын бекіту білім мекемесінің құзыреттілігінде. Бірақ бұл бағдарламаға сырттан шақырылған эксперт мүшелерінің рецензия беруін шектемейді.


    1. Түсініктеме (түсінік хат).

Бағдарлама құрылымына енетін түсініктеме жазбада



      • берілген оқу пәнінің маңызына, оның функциясына, оқушыларды берілген оқу сатысындағы оқу бағдарламасында анықталған оқытудың жалпы мақсаттары мен міндеттерін шешу ерекшелігіне қысқаша сипатама беріледі;

      • оқу материалын ашу тәсіліне, пәнді оқытуда қойылатын мақсат-міндеттерге жету жүйесіне әдістемелік нұсқау берілді және оған жету жолдары көрсетіледі.

Түсініктемеде берілген оқу пәні қандай білім аймағына енетіні көрсетіледі және оқу пәнінің оқытудың әрбір сатысындағы міндеттері тұжырымдалады. Авторлық бағдарламаның түсініктемесінде дайындалған оқу бағдарламасының маңыздылығының негіздемесі, меңгерілетін курстың негізгі идеялары мен тұжырымдамасы беріледі. Онда бар оқу бағдарламаларының оқушылардың танымдық қызығушылығы мен әлеуметтік сұранысын қанағаттандырмау себептері көрсетілуі қажет. Модификацияланған бағдарламада типтік бағдарламаға өзгерту себебі нақты берілу керек. Сондай-ақ бағдарламаның түсініктеме жазбасында:

  1. мазмұнды таңдау және оны жалпы логикалық реттілікпен меңгертуіне негіздеме;

  2. оқу үрдісінің жалпы сипаттамасы: оқу әдістері мен формалары, оқу құралдары;

  3. берілген оқу пәнін меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау;

  4. берілген пәннің оқу жоспарындағы басқа пәндермен (оқу пәндерінің бөлімдерімен) логикалық байланысы, пәннің ресурстық қамтамасыз етілуі;

  5. бағдарлама тексінде қолданылған шартты белгілер жүйесі берілуі керек.



  1. Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

«Әрекеттер нәтижесінің нормативтік берілуі» ретінде мақсаттардың тұжырымдалуы мен оқу пәнінің міндеттері бағдарламаның маңызды құрылымдық бөлігінің бірі болып саналады.

Оқу пәнінің міндеттері оқушының дайындық деңгейіне қойлыатын талаптар негізінде тұжырымдалған мекеменің оқыту бағдарламасының соңғы міндеттері (нәтижесі) ретінде анықталады. Пәннің негізгі міндеттері ретінде оқыту мазмұнының компоненттері: білім, әрекет тәсілдері, құндылық қатынастағы тәжірибелері, шығармашлық тәжірибелері алынады. Мақсат пен міндеттер диагностика жүргізуге болатындай болуы маңызды. Сондықтан бағдарлама дайындау барысында мақсат пен міндеттерге жету деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін нақты диагностикалау (бағалау) құралдарын жоспарлау қажет.

Егер:


    • бағдарламаны меңгеру нәтижесінде тұлғалық сапаның сипаттамасы нақты берілсе және оны басқа тұүлғалық сапалардан қатесіз ажыратуға мүмкін болса;

    • тұлғаның диагностика жүргізілетін сапасын нақты анықтауға мүмкіндік беретін «инструмент» («құрал»), тәсілдің сипаттамасы берілсе;

    • алынған бақылау негізінде байқалған бақыланатын сапаның дамуын немесе қарқындауын өлшеуге мүмкін болса;

    • өлшеу нәтижелеріне әкелетін сапаның бағалау шкаласы берілсе,

онда оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне диагностика (бағалау) жүргізуге болады.

Оқу міндеттерінде мұғалім жұмысының үрдісіне қатысты және оқушы әрекетінің нәтижелерін көрсетпейтін (мысалы, «... таныстыру», «... туралы баяндау», «... туралы хабарлама беру» және т.б.) міндеттер болмауы тиіс.

Пәннің міндеттері көбінесе әлемдік көзқарасты дамытушы, әдістемелік, теориялық, дамытушы, тәрбиелеуші, практикаға бағытталған болады. Егер берілген мақсаттарға (қосалқы мақсаттарға) өзбетінше тәсілмен жетуі қажет болған жағдайда жекеленген мақсат-міндеттер болуы мүмкін. Сондай-ақ оқу бағдарламасында курстың барлық бөлімдеріне қатысты әрбір оқушы игеретін типтік міндеттер тұжырымдалады.


  1. Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары.

Мақсат пен міндеттерді тұжырымдағанда оқушыға курс соңында пән бойынша қойылатын компетенттілігі мен білімділік деңгейіне қойлытын талаптар ескеріледі. Бұл талаптарда:



    • оқу пәнімен тұжырымдалатын құндылықтар жүйесі мен негізгі идеялары;

    • жүйенің соңғы нәтижесі немесе білім кешені;

    • білік пен дағды (әрекеттер тәсілі) тізімі;

    • оқушылар берілген пәнді шығармашылықпен меңгеру барысында шешуі тиіс міндеттер, проблемалар тізбесі көрініс табуы тиіс.

Пәнді меңгеру деңгейіне қойлатын талаптар «білуі тиіс», «меңгеруі тиіс» деген терминдер арқылы тұжырымдалады. Олар оқу нәтижесін бағалау және соңғы нәтижелердің барлық сипаттамаларын анықтау талаптарына сәйкес болуы қажет.


  1. Оқу-тақырыптық жоспары.

Оқу-тақырыптық жоспарда курс тақырыптары, олардың меңгеру реттілігі, жеке тақырыптар мен жалпы оқу курсына бөлінген сағат сандары беріледі. Оқу-тақырыптық жоспар кесте (кесте 1) түрінде берілуі мүмкін. Апталық жүктемеге байланысты (1, 2, 3, 4, 5, 6) жалпы жылдық сағат саны сәйкесінше 34, 68, 102, 170, 240 болады. Кестеде келтірілген бақылау мен оқытуды ұйымдастыру формалары үлгі ретінде беріліп отыр. Ол пән жүргізілетін сыныптың және берілетін курстың (мысалы, жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша практикалық (сарамандық) және зертханалық жұмыстардың қажеттілігі) ерекшелігін, оқу үрдісінде қолданылатын оқыту технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ерекшелігін анықтайды. Мысалы, жоғарғы сатыда гуманитарлық пәндерді оқып-үйренуге семинарлар жоспарлануы мүмкін. Сондай-ақ оқу-тақырыптық жоспарларда экскурсиялар, конференциялар және т.б. сабақтың жүргізу формаларын енгізуге болады.


Кесте 1




Тақырыптар

Сағат саны

оның ішінде

Оқушылардың өздік жұмысына бөлінген сағат саны

сабақтар

зертханалық-сарамандық жұмыстар

бақылау жұмыстары

1



















2



















Кестенің төменгі бөлігіне қорытынды сағат саны көрсетіледі

Барлығы


















  1. Оқу курсының тақырыптарының мазмұны.

Курстың мазмұнын:



    • әртүрлі деңгейлердегі оқу мазмұнының бірлігі;

    • оқу мазмұнында жеке тұлғаны дамыту мәндеттерінің қамтылуы;

    • оқу мазмұнының ғылымилығы мен практикалық маңыздылығы;

    • меңгеру мүмкінділігі

принциптері негізінде анықталады.

Оқу бағдарламасының тақырыптарын сипаттау келесі реттілікте жүргізу ұсынылады:



  1. Тақырыптың атауы.

  2. Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны.

  3. Тақырыптың мазмұны:

    • меңгерілетін негізгі сұрақтар;

    • сарамандық және зертханалық жұмыстар, шығармашылық және практикалық тапсырмалар, экскурсиялар мен оқыту барысында қолданылатын басқа да сабақтың формалары;

    • жоспарланған оқыту нәтижелері;

    • пәнаралық байланыс;

    • бақылау түрлері мен сұрақтары;

    • оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі.




  1. Практикалық сабақтар.

Оқу курсы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Олардың арасындағы сағат қатынасы әртүрлі факторларға (білім мекемесінің ерекшелігі, білім алушылардың дайындығы, қажетті құрал-жабдықтардың болуы және т.б.) тәуелді.

Бағдарламаның практикалық бөлімінің негізгі мақсаты – білім алушыларда алған білімдерін қолдану біліктілігін қалыптастырып, практикалық дағдысын жетілдіру мен бекіту. Бөлімде зертханалық және сарамандық жұмыстар тізімі, оқу экскурсиялары мен практикалық сабақтардың басқа формалары көрсетіледі. Жекеленген практикалық сабақтардың (мысалы, семинарлар) сипаттамасында қарастырылатын сұрақтар енгізген дұрыс.


  1. Білімді меңгеру деңгейін тексеру.

Оқушылардың білім, білік, дағдысын тексеру оқу үрдісінің негізгі кезеңі болып табылады және оқыту, тексеру, тәрбиелеу және түзету функциясын атқарады. Бағдарлама құрылымында тексеру құралдары оқу материалының мазмұнымен логикалық тығыз байланыста болу керек. Тексеру механизмі білімді жалпылайды және жүйелейді, білік пен дағдыны бекітеді; білімді меңгеру деңгейі мен жоспарланған оқу нәтижесіне сәйкес оқушылардың білігін, дағдысының қалыптасуын тексереді. Олар оқушының курс бойынша дайындығына қойылатын талаптар ретінде әрбір курстың басында беріледі. Авторлық және модификацияланған бағдарламалар дайындау барысында авторларға тексеру материалдарын өздері дайындауына немесе таңдауына, қайта өңдеуіне тура келеді. Ол үшін білімділік деңгейін тексеруге қойылатын талаптарды білу қажет. Білімділік деңгейін тексеруге қойылатын талаптар:



      • Тексеру құралдары курстың мақсаты мен міндеттеріне, оқу материалының күрделілік деңгейіне сәйкес келуі және жоспарланған нәтижеге жету дәрежесін бағалауға тиіс.

      • Тексеруді жүргізу периоды (жиілігі): тақырыптық, тоқсандық, жартыжылдық және қорытынды тексеру жүргізу.

      • Оқу әрекетінің нәтижелерін талдау білім алушылардың білімін, білігі мен дағдысын тексерудің әртүрлі формаларына (өздік және бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар, сынақтар мен емтихандар) негізделеді.

      • Тексеру әдістері мен формалары оқылатын пәннің және оқушылардың жас ерекшелігімен анықталуы тиіс.

Бағдарламаны дайындау барысында білімділік деңгейін анықтау критерийлері анықталуы тиіс. Мысалы, білімділік деңгейін анықтау критерийлері ретінде В.П. Симоновтың бағалау жүйесін алуға болады.

1 деңгей – танысу деңгейі (танып, білу). Бұл деңгейде оқушылар қарастырылатын процесті, құбылысты, ұқсастың арасынан затты танып білуі керек.

2 деңгей – есте сақтау. Бұл деңгейде оқушылардың оқыған материалының (текст, заң және т.б.) түсінігін айтып беру қабілеті тексеріледі.

3 деңгей – түсінуі, яғни «зерттелінетін, оқып-үйренетін заттар мен құбылыстардың байланысын және маңызды белгілерін табу процесі» (Н.И.Кондаков)

4 деңгей – репродуктивті. Оқушылар алгоримт арқылы берілген тапсырмаларды қарапайым білік жіне дағдыны таныту қабілетін көрсетуі тиіс.

5 деңгей – білімді тасымалдау. Оқушылар алған білімді жаңа дәстүрлі емес жағдайларға қолдана алады.

Оқу бағдарламасының «Тексеруге қойылатын талаптар» пунктіне оқып-үйренетін пән бойынша қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі енеді. Тексеру оқу-тақырыптық жоспарда жоспарланып, көрсетілуі тиіс.


  1. Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер (негізгі және қосымша) тізімі.

Оқу пәндері бойынша ұсынылатын әдебиеттер негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі әдебиеттер тізіміне бағдарламада баяндалған негізгі сұрақтарды қарастыратын нақты білім мазмұны енетін баспа материалдары енеді. Қосымша әдебиеттер тізіміне оқу бағдарламасын дайындаған авторлардың қалаған әдебиеттері енеді. Ол курстың жекелеген аспектілері мен мәселелері бойынша білімді кеңейтетін баспа материалдары болуы тиіс.

Библиографиялық тізімде оқушылар мен педагогтарға арналған баспа материалдары (негізгі және қосымша) ерекше көрсетіледі. Әдебиеттер тізіміне бағдарлама авторы алфавиттік тізімде ұсынған библиографиялық сипаттама, кітаптың шыққан орны, атауы, жылы көрсетіледі.

Библиографиялық сипаттама үлгісі:



      • бір немесе одан көп авторлар:

Ситаров В.А. Дидактика. – М.:Академия, 2005. – 365 бет

      • жинақтағы немесе периодикалық баспадағы материал:

Иванова Г.В. Әдістемелік жұмысты диагностикалық негізде құру // Методист. – 2006. - №2 – 12-16 беттер

      • құжаттар жинағы:

Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Құрастыруға қойылатын талаптар мен ережелер ГОСТ 7.1.84. – Кіріспе. 01.01.86, - М.: 1984 – 75 бет – (Ақпараттар, библиография және баспа істері бойынша стандарттар жүйесі)


  1. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы.

Оқу бағдарламасы оқу үрдісін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік құжаттар мен материалдардың жинағын құрайтын оқу-әдістемелік кешеннің бөлігі болып табылады. Оқу-әдістемелік кешеннің толық жинағына:



      • оқу бағдарламалық (оқу-тақырыптық жоспарлар, оқу бағдарламалары);

      • оқу-теориялық (оқулықтар, оқу құралдары, лекция конспектілері);

      • оқу-практикалық (жаттығулар мен есептер, бақылау тапсырмалары, мәтіндер, сарамандық және зертханалық жұмыстар, хрестоматиялар жинағы);

      • оқу-әдістемелік (курсты оқып-үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулар, бақылау жұмыстарын орындау, реферат жазу және зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар);

      • оқу-анықтамалық (сөздіктер, оқу терминологиялық сөздіктер, оқу анықтамалықтары);

      • оқу-көрнекілік (альбомдар, атластар);

      • оқу-библиографиялық құралдар енеді.

Бағдарламаның жүзеге асуын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен оқу бағдарламасының бірлігін қарастыратын жүйе болып табылады. Ол вариативті мазмұнда болғанымен, оның құрамына оқу бағдарламасы мен оқушыларға арналған оқулықтар енуі тиіс.

Соңғы уақытта бағдарлама мен оқулықтарды таңдауға мүмкіндік мол Базистік оқу жоспарында көрсетілген барлық пәндер бойынша альтернативті оқу әдебиеттері бар. Сондықтан оқулықты таңдауда мазмұнымен қатар дидактикалық критерийлер (көрсеткіштер) де есепке алынады.




Авторлық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі
Авторлық және модификациаланған бағдарламаларды құрастыруда мұғалімдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – оқу бағдарламаларын дайындау және оқу әрекетін жоспарлау болып табылады. Педагогтар тек әртүрлі жағдайлар мен фактілерге талдау жасаумен қатар өздерінің шеберлігінің жеткілікті деңгейде екендігін көрсететіндей педагогикалық іс-әрекеттің дамуын жоспарлауы керек.

Мұғалімдерге авторлық бағдарламаларды дайындау кезеңдерінің алгоритмі ұсынылып отыр.


Бірінші кезең.
Бірінші кезеңде барлық оқу мерзіміне арналған курс жоспары құрылады. Авторлық және модификацияланған бағдарламаларда курс мазмұнының негізгі элементтері курстың басталуынан соңына дейінгі мерзімге реттілікпен берілу керек. Бұл кезең бірнеше аралық кезеңнен тұрады:

  1. Оқу курсының бағдарламасын дайындау оның мақсаттарын анықтаудан басталады. Мақсаттарды анықтау барысында мемлекеттік стандарттар талаптары, ата-аналар мен білім алушылардың білім алуға сұранысы ескерілуі керек.

  2. Курсты оқыту барысында қарастырылатын нақты міндеттерді анықтау. Міндеттер екі топқа:

    • пән мазмұнына байланысты міндеттер;

    • білім алушылардың әрекеттерін дамытуға бағытталған міндеттер

болып біріктіріледі.

Бірінші топтағы міндеттер білім алушылардың курсты меңгеру нәтижесінде білуі тиісті талаптарға, екінші топтағылар – жалпы оқу және арнайы білік пен дағдының қалыптасу талаптарына сәйкес болуы қажет.



  1. Курстың соңындағы нәтижелерді болжау. Міндеттер сияқты олар мазмұны мен жұмыс істеу тәсіліне сәйкес екі топқа бөлінеді.

  2. Оқу материалының мазмұнын оқу жылдарына сәйкес бөлу. Бағдарламаны құру концентрлік, сызықтық және спираль тәрізді тәсілдерге сәйкес жүргізіледі. Оның барысында меңгерілетін материалдың көлемі мен берілу реттілігі, меңгеру уақыты анықталады. Сондай-ақ оқу жылдарына сәйкес оқыту нәтижелерін анықтау қажет.

  3. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен мектептің білім беру жоспарының ережелерін ескере отырып курсты меңгеру барысында қолданылатын оқыту технологияларын және әдістемелерді анықтау.

  4. Қорытынды және ағымдық тексеру жұмыстарының түрлерін, мазмұнын және оның өткізілу жиілігін анықтау.

  5. Оқу әдістемелік кешенді таңдау. Екінші кестеде оқу курсын жоспарлау сызбасы берілген.

Кесте 2



Мақсаты:

Міндеттер:

1



1.1, 1.2

2



2.1, 2.2

Сыныптар

Мазмұнын бойынша нәтижелер;

Жұмыс тәсілі бойынша нәтижелер

5 сынып

6 сынып

...

11 сынып

Курс мазмұны

Оқу әдістемелік кешен
















Оқыту технологиялары мен әдістемесі
















Мазмұн нәтижесі
















Жұмысты орындау нәтижесі
















Тексеру түрі

















Екінші кезең.
2 кезеңде жылдық оқу жоспары дайындалады. Бұл жұмыс жалпы курсқа арналған жоспар дайындау принциптеріне негізделеді. 2 кезеңде тек бір оқу жылына арналған оқу материалының көлемі анықталады. (Кесте 3)
Кесте 3


Мақсаты:

Міндеттер:

1, 1.1, 1.2

2, 2.1, 2.2


Тақырыптар

Мазмұнын бойынша нәтижелер;

Жұмыс тәсілі бойынша нәтижелер

1

2

...

N

Курс мазмұны

Мазмұн нәтижесі
















Жұмысты орындау нәтижесі
















Тексеру түрі


















Үшінші кезең.
Бір жылдық оқу жоспар дайындалғаннан кейін тақырыптық жоспарлау жүргізіледі. (Кесте 4)

Кесте 4



Мазмұны

Тақырыптар

Оқу жылының соңындағы нәтижелер

1

...

N

1

2

...

N

...

1

...

N

Сабақтың тақырыбы




























Сабақтың түрі




























Ұйымдастыру түрі




























ОӘК

Оқулық




























Ғылыми басылым




























Ақапараттық және әдістемелік материалдар




























Баспа матераилдары




























Карта




























Кескіндемелер




























т.б.




























Мазмұн нәтижесі




























Жұмысты орындау нәтижесі




























Тексеру түрі




























Үй жұмысы





























Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясы дайындаған әдістемелік нұсқаулықтан алынды.
Оқу-әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып табылады.

Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады.

Бағдарламаларды құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық талаптарға жүгіну қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді.

Сонымен қатар бағдарлама мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы тиіс.

Бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуалдық сипаты жатады.



Толықтық дегеніміз алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл-ойының дамуымен тығыз байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.

Нақтылық дегеніміз құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.

Процессуалдық деп білім мазмұнының оқыту процесімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс-әрекеттік жағын, оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде әдістерді, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдарын айқындайды.

Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

  • түсініктеме;

  • тұжырымдық бөлік;

  • нормативтік;

  • ақпараттық-әдістемелік бөлік.




    1. Түсініктеменің негізгі құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: оқу пәнінің мақсаттарын ашу; білім мазмұнын таңдап алу мен жалпы логиканы негіздеу және оның жүйелігін тағайындау; оқу процесінің, әдістердің жұмыс формасының, құралдарының жалпы сипаттамалары; алдыңғы бағдарламалармен салыстырғандағы бағдарламаға енгізілген жаңалықтарды түсіндіру, бағдарламаның текстіне техникалық нұсқаулар беру.

    2. Бағдарлама тексті бағдарламаның негізгі құрылымдық тұжырымдық (мазмұндық) бөлігі болып табылады, онда оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы аса толықтылықпен және нақтылықпен қамтылып көрсетіледі. Бағдарламаның бұл бөлігінің негізіне нақты пәннің мазмұнын іріктеу мен түзудің теориялық аспектілері алынған.

Оқу пәнінің мазмұнын түзу бағдарлама мәтінін, уақытына сай және сыныптар бойынша бөлінуі оның түсініктемесінде белгіленген барлық мақсаттардың іске асуының көрнекі нақты түрде көрсетілуі болып табылады.

Бағдарлама тексті өзінің құрылуы, тақырыптарға, бөлімдерге бөлінуі бойынша оқу пәні мақсаттарының өзара байланысы мен иерархиясын бейнелейді, яғни бағдарлама текстінде тек білім ғана емес біліктілік те, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі де, тәрбие беру де ескерілуі қажет.

Оқу пәннің қызметі мен оның барлық мақсаттарының жүзеге асырылуы бағдарламаның осы бөлігінің құрылымы арқылы ашылады: бөлім мен тақырыптарды бөлу; олардың берілген пән үшін жетекші болып табылатын мазмұн компонентімен толтырылуын және жүйеленуін көрсету. Мазмұнның жетекші компоненті «ғылыми білім» (ғылым негіздері) болып табылатын физика, химия пәндерінде бағдарлама текстінің негізін дүниетанымдық идеялармен үйлесімді түрде құрылған білімдер құрайды.

Бағдарламаларға зертханалық, сарамандық жұмыстар, экскурсия, көрсетілімдер, техникалық құрал сияқты оқыту құралдары туралы нұсқауларды енгізу толықтылық, нақтылық пен процессуалдық сипаттарға сәйкестікті көрсетеді. Оқыту құралдары тақырыптар бойынша бөлініп, нақты материалдармен үйлестірілуі тиіс.

Мәтінге қойылатын келесі талап – бағдарлама мазмұнының міндетті және қосымша бөліктерге анық түрде бөлінуі.

Сонымен, бағдарламаның мазмұндық (тұжырымдық) бөлігі бірнеше қызметтерді атқарады:



  1. оқу материалының мазмұнын анықтайды;

  2. тараулардың көлемін анықтайды;

  3. көрсетілген мазмұнды меңгерудің минимал міндетті деңгейін анықтайды.




    1. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқыту процесін және оның нәтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке тақырыптарды оқып-үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген «Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» жатады.

Бағдарламаның нормативтік бөлігін анықтаудағы тәсілдер бағытында Ресейде соңғы жылдары бірқатар дидактикалық және әдістемелік тұрғыдағы зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулерде мазмұнның қиындық бірліктерінің анықталу жолдары ашылып, «күрделілік» және «қиындық» ұғымдаоы бір-бірінен ажыратылған, оқу бағдарламаларының, оқулық текстерінің тиімді көлемін есептеудің әр түрлі тәсілдері ұсынылады. (Л.Я.Зорина, И.Я.Лернер, В.В.Краевский, С.Л.Мендлина, Я.А.Микк, А.С.Цетлин, Е.ЕМенчинков және басқалар). Бірнеше еңбектерде оқыту нәтижелеріне талдау беріліп, қорытынды білім мазмұны бөліп көрсетілген (И.И.Кулибаба, В.В.Фирсов, А.А.Кузнецова, В.Л.Рысс және басқалар). Бұл зерттеулер нақты пәндер бағдарламаларының нормативтік бөлігінің негізін салу ізденістерімен құнды.

  1. Материалды оқып-үйренуге кететін уақытты анықтауға арналған бірнеше тәсілдер бар (И.Я.Лернер, В.С.Цетлин, Я.А.Микк, С.Л.Мендлина, Е.Е.Менчинкова):

Бір жағдайларда материалдың нақты күрделілігі оның құрылымдық және мазмұндық күрделілігін ажырата отырып ескеріледі; кейбірінде тапсырмалар мөлшерінің күрделілігі арқылы анықталатын материал қиындығы талданады; үшіншілдерінде, (Менчинков Е.Е.) жеке тақырыптардың сипатына (теориялық немесе фактологиялық), сондай-ақ оқушылардың жас шама ерекшеліктеріне тәуелді оқытудың интенсивтілігінің шамасын анықтау арқылы жүзеге асырылады.

Пән бойынша өткен жылдардың барлық бағдарламаларына талдау жүргізіп және тақырыптағы мазмұн эелементтерінің санын анықтап алып, ол санды тақырыпты оқып-үйренуге кететін уақытқа бөлу арқылы оқытудың интенсивтілік шамасы анықталады Тек ол кезде мазмұнның элементтеріне аз болса да, логикалық межеде аяқталған мазмұн бөліктері алынатынын ескеру қажет.

Осындай жұмыс оқулықтармен де олардың сыныптар бойынша бағдарламалармен ара қатынасын анықтау мақсатымен де жүргізеді Минченков Е.Е. бойынша А-ның орташа қатынасы шамамен теориялық тақырыптар үшін – 2,6; сипаттаушы тақырыптар үшін – 1,8.

Бұл J және А шамалары әзірленіп жатқан оқу бағдарламалары жобаларында тақырыпты оқып-үйренуге кететін уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді.



  1. Білім мазмұнының жаңаруы, стандарттың талабы, оқыту нәтижелеріне жету қажетті әдістерді қайта қарау, оқушылардың іс-әрекет түрлерінің барлық жиынтығын пайдалану, оларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде қойылатын талаптардың рөлін ойелегінен тереңірек өткізуді қажет етеді.

Білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз оқытудың жоспарланған нәтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың нені қалай меңгеру керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдері мен біліктерінің көріну қажеттігі, оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Басқаша айтқанда, талаптар білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады. Әр түрлі деңгейлерде берілетін және оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады.

Оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелеріне қойылатын талаптарды дайындауда мыналарға сүйену керек:



  • оқу пәнінің (физика, математика және басқалары) бөлшектеніп берілуі, яғни қандай жолдармен сай объектілер оқыту мақсаттарын нақтылайтынын ашып көрсетуге сүйенеді;

  • оқытуға деген іс-әрекеттік тәсіл, оған сай оның кез-келген нәтижелері оқушылардың сәйкес іс-әрекетінде байқалады;

  • оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін және олардың даму, білімділік және тәрбиелік деңгейлерін ескеретін жеке тұлғалық тәсіл.

Бағдарламаларда оқу қызметі мен оқыту нәтижелерін бейнелеу үшін «Білу», «Игеру» сияқты дәстүрлі терминдер қолданылады.

Өзінің қызметтері бойынша ерекшеленетін білім берудің мына түрлерін ескерген және бөлініп көрсеткен орынды:



      • негізгі ұғымдар мен терминдер;

      • фактілер;

      • ғылым заңдары;

      • теориялар;

      • идеялар;

      • іс-әрекет тәсілдері жайлы білімдер;

      • әдіснамалық білімдер;

      • бағаланатын білімдер.

Бұл біліктер оқу қызметін сипаттау тәсілі ретінде білім мазмұнының құрамды бөлігі болып табылатындықтан, оқушылардың оқу дайындығына қойылатын талаптарға олар қажетті компонент болып кіруі тиіс. Оқушылардың біліктеріне қойылатын талаптарды анықтағанда оқу қызметінің маңызды түрлері мыналарға сай келтірілуі мүмкін:

        • нақты пәнді оқып-үйренгенде оқушыларда қалыптасатын біліммен тығыз байланысты біліктер;

        • оқытуда жалпы мәні бар болып табылатын әр түрлі білім көздерін пайдалану, өзіндік оқу қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, оқу қызметінің нәтижелерін бақылау және түзету біліктері (жалпыланған оқу біліктері);

        • оқу қызметінің өзегін құрайтын, ондағы оқытудың дамытушылық эффектісі (анализ, синтез, жалпылау, саралау, салыстыру және аналогиялар және т.б. операцияларын білу) көрінетін интеллектуальды біліктер.

Білім, білік пен дағдыларға қойылатын талаптарға толыққанды сипаттама беру үшін, оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын және қажетті оқу қызметімен қарулану деңгейін көрсеткен орынды.

    1. Бағдарламаның ақпаратты - әдістемелік бөлігі мынадай айдарлардан тұрады:

      • «Пәнаралық байланыстар»;

      • «Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулар»;

      • «Пән бойынша оқу-әдістемелік кешеннің тізімі»;

      • «Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі».


Астана

Авторлық бағдарлама жасалымы

Химия

Азимханова

Сауле

Мыңшалқызы

38 мектеп-лицейі



Практикалық бөлім



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет