Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой орта мектебі
информатика пәні мұғалімі Мауленова Базар
Сабақтың тақырыбы: Архивтеу программасы
Сабақтың мақсаты Архивтеу программалары туралы түсініктер
беру.
Архивтеу программалырының түрлерімен
таныстыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа , ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.Компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ. Алған білімдерін тексеру
Ү. Сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, кітаптарын, қағаз-қаламдарын дайындату.
Психологиялық дайындық. Үйге берліген тапсырмаға сәйкес денсаулық туралы мақал –мәтелдер айтылады. (үй тапсырмасы «Компьютерлік вирустар»)
ІІ- кезең
-
компьютерлік вирус дегеніміз не?
-
Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңдар?
-
Вирусқа қарсы программаларға мысал келтіріңдер?
ІІІ-кезең
Балалар сабақты бастамас бұрын мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр. Архив деген сөзді қалай түсінесіңдер? Архив дегеніміз не?
Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желіліер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеу ғана емес , сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін қажет.
Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу , ал файлды архивтен алу - архивтен щығару деп аталады. Буып түйілген файл архив деп аталады.
Ақпараттар көлемі кішірейетін , ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр т үрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәтіндік гарфикалық файлдар жақс сығылады, ал іс жүзінде архивтік файлдар сығылмайды.
Программашылдар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңнен тарағаны WinRar, WinZip сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді. Архиваторды таңдағанда олардың әмбебапт ығы және сенімділігі басшылыққа алынады.
Архивтерді құрру және оларды басқарудың бірден бір кеңінен тараған әйгілі құралына , орынс тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады.
Бірнеше бөліктен тұратын архивтер – көптомды архивтер деп аталады.
Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше бөліктен тұратын архивті бірнеше дискетаға немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.
ІҮ- кезең «Балық аулау» ойыны. Жіпке балықтың суреті ілінеді, оның сырт жағына сұрақтар жазылады. Көзі байланған оқушы балықты ұстап қайшымен қиып алуы керек. Қиып алынған суреттің артындағы сұраққа жауап берсе , балықты өзіне қалдырады. Ал жауап бере алмаса кез –келген оқушы жауап беріп , сол балықты иеленуіне болады. Кім көп балық жинаса , жеңіс сол оқушыныікі.
Ү-кезең
Компьютерде құжаттарды архивтеу. Оқушылар өздерінің құрған құжаттарын архивтейді.
ҮІ – кезең
Қорытындылай келе бүгін біз архивтеу программаларымен танысып отырмыз. Сонымен қатар архивтеу программаларының маңызымен танысып өттік.
ҮІІ.Бағалау.
ҮІІІ.Үйге тапсырма. Архивтеу программасы. «Архиватор» сөзіне сөзжұмбақ құрап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |