Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөз



Дата16.06.2016
өлшемі29.67 Kb.
#138343
түріСабақ
Бастауыш сынып мұғалімі

Қойшығарина Әлия.Жайлыбайқызы



Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты; Біріккен сөз туралы түсінік беру. Біріккен сөздердің

жасалу емлесін меңгерту, барысында жаттығу

жұмыстарын жүргізу.

ә)Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Б) Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі. Ойын сабақ
Әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, ертегі, ойын.
Көрнекілігі: сызба, қима қағаз, оқулық.
Өту барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сабаққа дайындау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Шығарма жазу.

-сұрақ –жауап арқылы бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Ертеде Айна өмір сүріпті. Бірақ оның өмірі көңілсіз өтіп жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатса алдынан жайқалған әдемі гүл шығады.

Гүл. Айна сен сонша неге көңілсізсің?

Айна жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайық дос іздеп жүрмін.

Гүл: Мені елдің бәрі әдемі, көркем дейді. Бірақ өзімнің әдемілігімді ешқашан көрген емеспін, менімен дос болшы.

Айна. Алақай, мен өзіме дос таптым.Содан бері Айна мен гүл дос болыпты.

Айна +гүл

-Екі түбір сөзді біріктіріп бір сөз жасайды. Бір сұраққа жауап береді. Оны біріккен сөз деп атайды. Құрамына енген тұлғалар сақталмай кейбірі дыбыстық өзгеріске ұшырайды. Ботагөз, Амангелді.



Аң құс

Адам аттары

Дене мүше

Ойын атау

Қосаяқ

Жансұлу

Асқазан

Алтыбақан

Тасбақа

Елдлос

Ұлтабар

Ақсүйек

Көкқұтан

Гүлсезім

Сегізкөз

Доптыаяқ

Жолбарыс

Біржан







Дәптермен жұмыс

Көркем жазу.

Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,

Түрленген Тарбағатай тастарынан.

Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті.

Бурабай, Баянауыл бастарынан.


32- жаттығу. ауызша

33- жаттығу. Көшіріп жаз

33- жаттығу. Жатқа жаз.

35- Сөйлем құра.

36 жаттығу. өз бетімен орындау.
Ойын «Кім көп біледі?»

Қар, бақа, тас, сақ, қас,серке,көк, қыр, жол, , құйрық, қара, барыс.

Мүйіз, қанат, көп, тас,ақ, құс, түйе, бөкен, бір, аяққос, қазан.
Өлкемізге саяхат (өлкедегі жер су аттарын жазу)

Ақшатау, Ақкемер, Жетікөл, Тайсойған, Қарасу, Қаратал,Сапақкөл.


Қима қағаз бен жұмыс.

№1

Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса. (Бөрі, жол, басар, барыс, дос, жан, ай, гүл)



№2 Бірікен сөзді тап.

Су жыланға емделген,

Тасбақаны қарсы алдым

Сексеуілмен жемделген.\

Таскенеге ер салдым.

№3 Сөйлем құра.

Айгүл, ойнады, алтыбақан, жыртқыш, аң жолбарыс.
Шығармашылық жұмыс

«Қысқы тіршілік» біріккен сөзі бар әңгіме жаз.


ІV.Үйге тапсырма «Хайуанаттар бағына саяхат» әңгіме жазу.
V. Қорытынды

Сәйкестендіру тесті



Мүйіз

Бақан

Суық

Қазан

Көл

Барыс

Жол

Қу

Алты

Торғай

Ақ

Қарақшы

Жеті

Тұмсық

Бір

Сүйек

Ақ

бақа


VІ. Бағалау

Өте жақсы

Жақсы

Жетістігім

Кемшілігім


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет