Мен ғылымға кездейсоқ келген адам емеспін



Дата24.02.2016
өлшемі88 Kb.
#12751
Астана ақшамы.- 2012.- №46.- 26 сәуір

Сайлауқызы Н.


Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, профессор, Астана қалалық мәслихатының депутаты:

Мен ғылымға кездейсоқ келген адам емеспін
Aймақтардан Астанаға ағылғандарға қаламызда 14 оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Соның бірі - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын оқу ордасына басшылық етуге осы саланың жілігін шағып, майын ішкен ғалым Ақылбек Күрішбаев келгелі біраз уақыт болды. Біз бүгін оны әңгімеге тартып, еліміздегі ауыл шаруашылығының ахуалын аз-кем ой сарабына салуды жөн көрдік.
Ауыл шаруашылығы амандығына білім гранттары

аз бөлініп жүр



-1983 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіргеи екенсіз. Араға 30 жылдай уақыт салып, өзіңіз осы тектес ауыл шаруа­шылығы саласы мамандарын әзірлейтін оқу орнына ректор болып отырсыз. Арада өткен отыз жыл елімізге қандай мамандар қажет, маманды қалай дайындаған дұрыс деген секілді сұрақтарға жауап тауып берді ме ?

-Соңғы 30 жылда еліміздің, агроөнеркөсіп кешені өркендеуді де, құлдырау кезеңін де басынан өткерді. Сол сияқты ауыл шаруа­шылығы саласы мамандары да соңғы кезде өз кәсібін жайлы жұмыстарға айырбастап кетті. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығы алдымен инвестициядан қағылып, одан кейін мамандарынан айырылып, құлдырап кетті. Мемлекеттің араласуымен мұның барлығы қазір реттеліп, шешіліп келе жатыр.

Жалпы, ауыл шаруашылығы өндірістік құрылымдарына қанша маман жетпейтіні жөнінде ешқандай мемлекеттік орган жүйелі сараптама жасаған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігіңде жұмыс істеп жүрген кезімде осы мәселеге мониторинг жүргізіп, салаға жоғары білімді 6,5 мың маман жетпейтініне көзіміз жеткен. Оның ішінде 2 мың мал дәрігері, 1 мың агроном тапшы екен. Мұнын, негізгі себебі — білім гранттарының ауыл шаруашылығы мамандықтарына аз бөлінгендігінде. Мысалы, жыл сайын мемлекетгік гранттардың 5 жарым пайызы ғана ауыл шаруашылығы саласына бөлініп келген. Бұл, халқының 47 пайызы ауылдық, жерлерде тұратын республика үшін өте аз. Әсіресе, ауылдық жерлерге немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына кәсіптік орта оқу орындарын бітірген мамандар жетіспейді. Біз, механизатор, сауыншыларға дейін арнайы кәсіптік білім беруіміз керек.

Білім гранты ауыл шаруашылығы мамандарына аз бөлінеді деп отырсыз. Мұның себебі неде?

— Бұл сұрақтың жауабын Білім министрлігінен сұраған дұрыс шығар...

Ал, қазіргі қолда бар мүмкіндік арқылы осы салаға өзіңіз қандай үлес қосқалы отырсыз?

— Әрине, сапалы білім тек қана ғылым арқылы келеді. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, алдымызға зерттеу университеті мәртебесін алуға мақсат қойып отырмыз. Ол үшін университеттің жанынан ірі ғылыми орталықтар ашып, оқу-тәжірибелік бөлімдерді жандандыруымыз керек. Мұның барлығы бұрын барлық оқу орындарында болған. Тоқырау кезінде олардың барлығы тозып кетті. Сондықтан, заман талабына сай, сондай оқу-тәжірибелік орындарды ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми институттардың зертханаларында, егіс алқаптарында тәжірибеден өтуіне жағдай жасаған жөн. Мұндай жұмысты біз Шортанды орман шаруа­шылығы, Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы және Қазақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеу ғылыми-зерттеу институ-тымен жүргізетін боламыз. Ең басты мақсат - ғылым арқылы білімді дамытып, сапалы маман дайындау. Мұның барлығы өндірістің өркендеуінің негізі болатынын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында адам капиталын дамытуға бағытталған басымдықта нақты көрсетіп берді. Біз сол міңдеттерді жүзеге асыруға кірісіп кеттік.

Осы мәселені шешудің тағы бір тетігі ретінде — ЖОО агроонеркәсіп кешеніне қажетті мамандарды даярлап берсе, ал шаруашылықтар оларды жұмысқа орналастыруды өз міндеттемелеріне алса деген ұсынысымыз бар. Қазірдің өзінде осындай ортақ шешімге қолдау білдіріп, келісім жасап жатқан шаруашылықтар бар. Осы арқылы біз мемлекеттік-жекеменшік әріп-тестікті дамытамыз.


Мен мемлекеттік қызметке ғылымдағы

жетістіктерімнің арқасында барғам


- Жүздеген ғылыми мақала, 4 монография жазыпсыз. Ғылым докторы, профессорсыз. Бұл біздің билікте жүрген басқа докторлардікі секілді «докторлық» па? Әлде... сіздің, қызметіңіз ғылыммен шындап айналысуға мүмкіндік тудырды ма ?

- Сұрақ түсінікті. Мен ғылымға кездейсоқ келген адам емеспін. Институтты үздік бітіріп, өз мамандығыма сәйкес, Қазақ егіншілік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында агроном болып қызмет еттім. Бұл менің мамандығым, әрі менің ғылым саласына беттеген мақсатымның бастауы болды. Мен ғылым саласында қызмет ететінімді саналы түрде түсініп, ғылыми-зерттеу институтында жүрген кезімде аспирантураға түстім. Сөйтіп, ғылымға түбегейлі бет бұрып, білімімді жетілдірдім және ғылыми зерттеулерімді жүргіздім. Бар ынта-жігерімді ғылым жолына арнадым. Сондықтан болса керек, оның барлығы нәтижесіз қалған жоқ. Қандидаттықты да, докторлықты да ғылымның ортасында жүріп қорғадым. Ғылым өзіне баурап алғандықтан болса керек, мен мемлекеттік қызметке келуді жоспарлаған емеспін. Нақты айтатын болсам, мемлекеттік қызметке ғылымдағы жетістіктерімнің арқасында келдім.

- Екі мәрте Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болып тағайындалып, кейін 3 жыл министр болдыңыз. Атқарушы билік құрамында өткізгеи осы жылдар Сізге не берді?

- Ел экономикасының маңызды саласының бірі саналатын ауыл шаруашылығы — өзіндік ерекшелігі бар күрделі сала. Ал, сондай саланың ең жоғарғы органы болып табылатын Ауыл шаруашылығы министрлігі маңызды құрылым екені сөзсіз. Осы министрлікке 2002 жылы қызметке келдім. Ахметжан Есімов, Серік Үмбетов секілді тұлғалардың тәрбиесін көріп, тәлім алып, төжірибе жинақтадым. Министрлікте қызмет еткен жылдарымда білімім мен тәжірибемді саланың құқықтық негізін қалыптастыруға арнап, ғылымның өндіріспен сабақтастыру мәселелерін шешуге атсалыстым. Өзімнің кәсіби шындалуыма да үлкен мүмкіндік болды. Ғылым мен мемлекеттік қызметтің арасындағы ерекшеліктерді екшей отырып, елдің мүддесі үшін маңызды бастамаларды атқаруға үлес қостым. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы салада атқарған еңбектерімнің нәтижесін бағалап, 2008 жьшы министр етіп тағайындады. Содан үш жыл осы қызметті атқарып, саланың өркендеуі жолында бар ынтаммен қызмет еттім.

Ел экономикасы нарықтық қатынастарға көшіп жатқан кезде, ауыл шаруашылығын бұрынғы ізімен дамыта алмайтынымызды мойындау керек. Кейбір кісілер соны көксейді. Мысалы, министрлік егінді егіп, оны оруға неге қатыспайды деген сияқты мәселелер көтереді. Жалпы ауыл шаруашылығы саласының жоспарлы экономикадан нарықгық экономикаға бейімделуі әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Осы мәселеге түсіністікпен қарау керек.

Ал, министрлік саланың құқықтық, негізін жасап, даму жоспарын дайындауы тиіс. Мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне келген кезде саланың нақты бағыты айқындалмаған, жүйесі жоқ болатын. Ахметжан Есімовтің басшылығымен министрліктің барлық қызметкерлері алдымен саланың құқықтық негізін қалыптастыруға кірістік. Сонын арқасында жалпы агроөнеркәсіп кешені нарықтык қатынастарға бейімделе бастады. Мен ол кезде ғылым департаментінің директоры, министрдің, орынбасары сияқты қызметтер атқардым. Өзімнің қарым-қабілетімді салып, саланың дамуына үлес қостым деп есептеймін. Министр болып тағайындалғаннан кейін де сол бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, ауыл шаруашылығы саласының құқықтық негіздері мен нақты бағыттарын өркендетуге үлес қостым.

Бірнеше Кодекстер қабылданып, жүзден астам заң мен жанама заң актілері өзгертілді. Мұның барлығы шаруалардың нарық талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне жол ашты. Ең бастысы, мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, арнайы бағдарлама қабылданды. Асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында «Асыл түлік» асыл тұқым шаруашылығын ашып, қолда бар малдың тұқымын сақтап-көбейтуге мүмкіндік алдық. Осы шаруа-шылықта миллиондаған мөлшерде асыл тұқымды малдың ұрықтары сақталып отыр.

Ветеринария саласын кұлдыратып алғанымыз жасырын емес. Сондықтан, ветеринарияның мәселелерін шешіп, бір жолға салуды мақсат етіп, осы бағытта жүйелі жұмыс жасадық. Жекеменшікке өтіп кеткен мал дәрігерлік қызметтің мемлекеттік монополияда болуы керектігін дәлелдеп шықтық. Ең алдымен малдан тарайтын аурулардың алдын алу және ветеринарлардың беделін көтеру керек болды. Осы мәселеге жан-жақты сараптау жасап, мал шаруашылығын дамытудың алғышарты есебінде жұмысты ветеринарияны қолға алудан бастадық. Ветеринарлық станциялардың мемлекеттік монопо-лияға өтуі жағдайды қадағалауға мүмкіндік берді.

Нақты агроном ретінде тұқым шаруашылығы, өсімдік қорғау, механизация саласында көп ілгерілеу болғаның нық сеніммен айта алам. Заң талаптары реттеліп, арнайы мекемелер құрылды. Соның арқасында соңғы жылдары тұқымның сапасын көтеру, шегірткемен күрес бағытындағы жұмыстардың нәтиже бере бастағанын көреміз. Жаңа техникамен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп, егін егу мен ору және мал азығын дайындау сияқты техниканың күшімен атқарылатын негізгі шаруалар жаңа техниканың, арқасында жеңілдеді. Сонымен қатар, жаңа технологияны пайдалану көлемі соңғы жылдары еселеп көбейді. Мысалы, егіс алкабының 70 пайызы минималды технологияға көшкенін осы саладағы үлкен жетістік ретінде айтуға толық негіз бар. Өйткені біз мұндай көрсеткішке ғылыми негізделген, заңдық талаптарды бекітіп және ынталандыру механизмдерінің арқасында қол жеткіздік. Бұл — ауыл шаруашылығы саласының екі қанатындай болған мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына қатысты келтірген нақты екі мысал ғана. Ал, ауыл шаруашылығы ғылымын жүйелі да-муына ықпал еткен «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның құрылуы десек, артық айтқандық емес.

- Айтпақшы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сіздің кезінізде басталды ғой?

Бұл бағдарламаның орны белек. Мемлекет тарапынан ауылға баратын әлеуметтік сала мамандарына көмек көрсету үшін Елбасының тапсырмасы бойынша 2008 жылы арнайы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, олардың көші-қон шығындарын мемлекет төлеп, баспана алу үшін пайызсыз несие береді. Осындай мемлекеттік саясаттың арқасында соңғы 3 жылда 16 мыңнан астам жас маман ауылдық жерлерге барып, қоныстанып, қызметтеріне кірісті. Бұл бұрынғы ахуалмен салыстырғанда 3 есеге көп. Біз кезінде сол тізімге ветеринарларды кіргізу керектігін айтып, оның өзектілігін дәлелдеп, заңға өзгеріс енгіздік. Соның арқасында ауыл­дық жерлерге барған ветеринарларға да «Дип­ломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша қолдау жасауға мүмкіндік алдық. Осы сияқты талай дүниені тізбектеуге болады. Саланың дамуына қажетті атқарылған шаруа аз емес, атқаратын іс те жетеді.

Маман ретінде де, министр ретінде де, ең бастысы, азамат ретінде барлық қабілетімді осы ауыл шаруашылығының дамуына арнадым деп толық айта аламын.

Қалыптасқан шаруашылық

жүйесін ғылыми негізде дамытуға ұмтылуымыз керек

- Расында, бізде ел тұргындарыньщ 47%-тен астамының қызметі мен тіршілік көзі ауылдық жер болып табылады. Осы жермен жұмыс істейтін қауымның тыныс-тіршілігіне билік қажетінше жағдай жасап отыр ма ?

- Олай айта алмаймын.

- Heгe?

- Елімізде 155 мыңнан астам фермерлік-шаруа қожалықтары бар. Оңтүстік Қазақстан облысында небәрі 1-2 гектар егістік жері бар шаруашылықтар көп. Осындай аз жерге егін егу шаруаларға тиімді емес. Мұндай жолмен еңбек өнімділігін дамыту мүмкін емес. Сондықтан шаруашылықтарды ірілендіру керек. Бұл кеңес үкіметі тұсындағыдай коллективи­зация емес. Әлемде дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, мемлекет осы бағытты дамыта бергені дұрыс.



Қазір ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып, шыққан шығындарының біраз бөлігі субсидия ретіңде қайтарылып отыр. Бұл да бір қаржылық қолдау механизмінің бір тетігі. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласын барлық мемлекеттер қаржылай қолдап, жеңілдіктер жасап отыратыны жасырын емес. Мысалы, Белоруссияда — 16 пайыз, дамыған елдерде 50 пайызға дейін субси­дия бөлінетін болса, бізде небәрі — 5 пайыздың көлемінде. Бұл — шаруашылықтарға қаржылай жасалатын көмектің бір жолы.

Ал, ең маңыздысы ауылшаруашылық өндірісіне бағытталған несие жүйесін жетілдіру керек. Мысалы, еліміздегі екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп жатқан барлық несиенің 3-4 пайызы ғана ауыл шаруашылығына бө-лінген. Осыдан-ақ екінші дәрежелі банктердің көзқарасын аңғаруға болады. Сондықтан, біраз уақыттан бері көтеріліп келе жатқан — «Агро­банк» құру бастамасы өте маңызды. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнім өндірушілерінің тәуекеліне кепілдік беру қорының жұмысын жетілдіру арқылы да ықпал етуге мүмкіңдік бар. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы бағытта жалғастырып жатқан жұмыстары дұрыс. Көрші Ресейде «Россельхозбанк» құрылғаны белгілі. Соның көмегімен шаруашылықтардың өнім өндіру көлемінің артқаны бірден көріне бастады. Мысалы, мамандар несие алып жұмыс істеп жатқан сүт өндіру саласының ерекше қарқынмен дамуына осы банктің тікелей әсері болғанын айтты. Екі жылда өндірілген сүттің көлемі 4 есеге артқан. Сондықтан бізде де ар­найы ауыл шаруашылығын қаржылаңдыруға бағытталған банк құрылатын болса, ол өндірістің өнімділігіне ықпал ететініне күмән жоқ.



- Аграрлық өндірістің тұрақтылығы — елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдері —әлемдік нарықта экспорта, өктемдік жасауда әлеуетті өнімдердің және валюталық түсім көздерінің бірі. Ол рас. Әсіресе, қаржы дағдарысы кезінде осы салаға басым көңіл бөлу қажет секілді. Өз тарапыңыздан қандай идея қосып, қандай бастама көтерер едіңіз ?

- Еліміздің негізгі шаруашылығы бидай өсіруге бейімделген. Сондықтан, негізсіз пікірлерді жаңалық ретінде қабылдамай, қалыптасқан шаруашылық жүйесін ғылыми негізде дамытуға ұмтылуымыз керек. Оны айтып отырған себебім, бидай алқабын қысқарту керек деп жүргендер бар. Ең алдымен топырақтың құнарлылығы мен ерекшелігін түсіну керек.

Eгic алқаптары құрылымын тек қана әртараптандыруды жетілдіру арқылы егін бітік шыққан жылдары астық, өндіру мен оған сұраныс арасындағы тепе-тендікті сақтау қиын. Біріншіден, ауыспалы егіс (дақыл түрлерін ауыстырып отыру, кезектестіру) топырақтың кұрамы мен климаттық жағдайға байланысты екенін ескеру керек. Құрғақ топырақты аймақтарда (Торғай өңірі, Ақмола облысының оңтүстік аудандары, Қарағанды облысы) дәнді дақылдарының жалпы егіс алқабындағы үлесі 60-70 пайызға дейін қысқаруы мүмкін, ал солтүстік аймақтарда 50 пайызға дейін азаяды. Себебі құрғақшылық жылдарға ең бейім келетін бидай, арпа және сұлы сияқты дақылдар егін шаруашылығындағы қауіпті (тәуекелді) азайта алады. Өкінішке қарай, бізде майлы және бұршақ дақылдарының құрғақшылыққа төзімді сұрыптары жетіспейді. Оған қоса, балама дақылдарға ауысу үшін жаңа инфрақұрылымдар кұру қажет және ол белгілі бір уақытты талап етеді. Сондықтан, жылдан жылға жақсарып келе жатқан егіс дақылдарын өндеу технологияларының арқасында көп мөлшерде астық жинау мүмкіндігі ұлғайып келеді.

Біздегі қалыптасқан астық экспорттау жүйесін жетілдірумен қатар, инфрақұрылымды кеңейту, астықты қайта өңдеу және тасымалдауды дамыту қажет. Мұны біз ірі астық экспортгаушылардан, яғни бәсекелестерімізден үйренсек болады. Мысалы, Канада мемлекетін алатын болсақ, ол жердің климаты біздің солтүстіктегі астықты аймақтарымыздың климатына өте ұқсас. Бұл елдің астық экспорты канадалық бидай кеңесінің қадағалауымен 50 жылдан бері монополиялық жүйеде жүзегі асырылып келеді.

Алысқа бармай-ақ, біздің көршіміз, Кеден одағы бойынша әріптесіміз — Ресейде енгізілген жаңа жүйені алайық. Осыдан екі жыл бұрын біріккен астық экспорттаушы компаниясын құрды. Әлемдік астық нарығындағы үнемі күшейіп отыратын бәсекелестік жағдайында ірі астық державалары өздерінің экспорттық саясатын бұрын да, қазір де қайта қарап, заман талабына сай әрекет етіп келеді. Ал, біз әлі ойланып жүрміз. Бір жыл бұрын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша елімізде бірыңғай экспорттық компания құру туралы (ред. - министр кезінде) ұсыныс дайындадық. Ол әлі күнге дейін жүзеге асқан жоқ.

Нақты айтқанда, егіс алқаптарын әртараптандыру бидайдың артық өнімділігі мәселесін шешпейді, онымен бірге экспорт саясатың дамыту қажет.

Ұлтжанды ұрпақ өсіп келе

жатқанына қуанам
- «Қолымда билік бар кезде бекер былай істемеппін», «мына жұмыстарды ескермей қалыппын» деп, өкінетін кездеріңіз болмай ма ?

- «Өткен іске өкінбе» демеуші ме еді дана халқымыз. Бірақ мен атқарған қызметімде жоспарлы түрде, саланың негізгі тетіктерін дамыту мақсатын ұстандым. Біз соларды жүзеге асыруға күш салдық. Министрліктің қызметкері ретінде де, басшысы ретінде де нақты шаруалармен айналыстық. Мүмкіндікке қарай Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлерінің қабілетімен ғана шешілетін мәселенін барлығын атқардық. Ал, асыл тұқымды мал жүйесін құра отырып, мал шаруашылығын дамыту секілді кейбір мәселелер бойынша қолдау таппай, шамам келмегені рас.

Хош. Сонымен биліктен кеткеніңізге, осылай журналистермен емін-еркін әңгімелесуге мүмкіндік алғаныңызға, еркіндік алғаныңызға қуанасыз ба, әлде өкінесіз бе?

Менде өкініш жоқ. Ал, журналистермен әңгімелесуге бұрын да мүмкіндігім болған, қазір де еркін араласамын.



Қазақ үшін жалпы не істедім, не істей алам деп ойлайсыз?

Мен мемлекетіме жасағанымды халқыма жасадым деп түсінемін. Сондықтан, кез келген ісімді қазақ халқының мүддесі мен мемлекеттің даму жолындағы парызым, Елбасымыздың артқан сенімін ақтауға бағыттаған міндетім деп түсіндім. Келешекте де осы мақсат-мүддемнен айнымайтыныма сенімдімін.



Қазағыңызды қаншалықты жақсы көресіз?

Анасын жақсы көрмейтін бала болмайтыны сияқты, ұлтын сүймейтін азамат болмайтын шығар. Жоғары оқу орнының ректоры ретінде студенттермен жиі пікірлесіп отырамын. Сонда өскелең ұрпақтың ішінде тұлғасы бөлек, ұлт-жаңды ұрпақтың өсіп келе жатқаның көріп қуанам. Бұлар — елдің келешегі. Өзімнің қазіргі бір міндетім осы жастарға жол сілтеу деп түсінемін. Алаштың көңіліндей дархан, қазба байлыққа толы даласы байтақ, теңіздей шалқар данасы бар халқымды шын ықыласыммен жақсы көремін. Халқымның басынан бағы таймасын, еліміздің несібесі ортаймасын деп тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет