Тауирова Айнұр Аманжанқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Тайсойған негізгі мектебі
жанындағы шағын орталық тәрбиешісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім аумағы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Үй құстары.
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін тереңдету. Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, үй құстары оның пайдасы туралы түсініктерін молайту.
Міндеті: Балаларға құстар туралы түсініктер бере отырып, байланыстырып сөйлей білуге үйрету.
Сөздік қорларын молайту, ақыл-ойларын, тілдерін дамыту.
Үй құсатарына қамқор болуға, оларды күте білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақ түрі:
Көрнекілігі: Үй құстарының суреттері.
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеттері
|
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар сәлемдеседі.
«Шаттық шеібері».
Балалар шеіберге тұрып, өлең жолдарын айтады.
|
Біз-қазақтың баласы,
Сәлем сөздің- анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық
|
|
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қанша ай бар?
- Қыс айларын атайықшы?
- Балалар дала қандай?
-
Иә, балалар құстар жылы жаққа ұшып кетті. Балалар құстар үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.
-
Дала құстарына қандай құстар жатады?
-
Ал, үй құстарына қандай құстар жатады?
Дала құстары өз бетінше өмір сүре алады, өз жемдерін өздері табады.
Біз бүгін үй құстарына тоқталамыз. Үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Оларға күнделікті жем-су беріп асыраймыз. Сондықтан оларды үй құстары деп атаймыз.
Сергіту сәті.
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку тұр-тұрлап,
Оятады баланы.
Ғажайып сәт.
Тәрбиеші балалардың назарын топтың шетінде тұрған тауық күркеге аударады. Балалар, қараңдаршы, тауық күркенің есігі жабық тұр. Сендер құстар туралы тақпақ айтсаңдар, тауық күркенің есігі ашылады.
Осы кезде тауық қораның есігі ашылып, үй құстары шығады.
Үй құстарының ішінде біз көбіне үйде асырайтынымыз-тауық. Тауықты мекиен, әтеш деп екіге бөлеміз, оның балаларын балапан деп атаймыз. Тауықтарды жем-су беріп асыраймыз. Тауықтар бидайды жақсы жейді. Олар бізге жұмыртқа береді, жқмыртқаны тамаққа пайдаланамыз. Ол денсаулыққа өте пайдалы. Мамығы майда, айдары бар, тұмсығы, қанаты бар, қанатының астына балапандарын алып қорғайды.
Әтеш – қауырсынды жүні жұмсақ, айдары бар, тауықтыкіне қарағанда үлкен тұмсығы бар, қанаты тауықтікіндей, құйрығы ұзын түрлі түсті болады, орақ шалғы секілді иіліп тұрады.
Қаз – тауыққа қарағанда ірі, қауырсынды мамығы жұмсақ. Қаздың аталығы, аналығы болады.
Үйрек – мамығы жұмсақ, қауырсынды етін пайдаланамыз.
- Балалар құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық.
-Балалар, үй құстарының өздерінің ерекше дыбыстаулары бар.
Қаз қаңқ, қаңқ, қаңқ
Тауық: қыт, қыт, қыт
Үйрек: быт, быт, быт
Әтеш: ку-ка-ре-ку
Балалар «тауық», «қаз», «балапан» сөздеріне сөйлем құрастырайық.
Ойын: «Тордағы құстар». Балалар құстардың дауысын келтіре отырып, тордан құстарды шығарады.
|
- Қыс мезгілі.
- Үш ай бар.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Далада қар бар, күн салқын, құстар жылы жаққа ұшып кетті.
-
Торғай, қарлығаш, сауысқан, қарға т.б. көптеген құстар жатады.
-
Тауық, қаз, үйрек, әтеш, бдалапан.
Балалар құстар жайлы айтылған мағұлматтарды мұқият тыңдайды.
Балалар топтың шетінде тұрған тауық күркеге таң қалысып қарайды.
Балалар құстар туралы сипаттамаларды мұқият тыңдайды.
Балалар тақпақ айтады.
Оятпа қораз сен бізді,
Өзім де сездім таң атты.
Сенсіз-ақ білем мезгілді,
Танимын енді сағатты.
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.
Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталап, құстардың дыбысын салады.
Балалар сөйлемдер құрайды.
-
Біздің үйде тауық бар.
-
Қаз суда жүзді.
-
Ақ тауықтың он балапаны бар.
Тауық: қыт, қыт
Үйрек: быт, быт
Қаз: қаңқ, қаңқ
|
|
Қорытындылау:
-Біз бүгін қандай тақырыпқа тоқталдық?
-Үй құстарын атаңдар?
-Құстардың пайдасы бар ма?
|
-Үй құстары жайлы.
-тауық, әтеш, қаз, үйрек.
-Бар етін жейміз.
«Қоштасу жаттығуы»
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
|
Күтілетін нәтиже.
Бала нені білді: Үй құстары және дала құстарының ерекшеліктерін білді, құстардың аттарын білді.
Қалыптасқан түсініктер: Мәнерлеп тақпақтар айту, жаттығуды іс-қимыл арқылы көрсету түсініктерін игерді.
Орындаушылық қабілеті: Құстардың дыбыстарын салды, сұраққа толық жауап беруге үйренді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім аумағы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Төрт түлікті біліп ал!.
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Төрт түлік малдың әрқайсысының пайдасы, төлі, ерекшеліктері туралы айтып түсіндіру.
Міндеті: Үй жануарларының төлдерін білуге, оларды бір-бірінен ажыратуға, үй жануарларына байланысты тақпақтар айтуға үйрету.
Балалардың өз ойларын ашық жеткізе білуге, ой-өрісін, сөздік қорын, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Төрт түліктің пайдасын айта отырып, балаларды еңбексүйгіштікке, төрт түлікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақ түрі:
Көрнекілігі: Үй жануарларының және төлдерінің суреттері.
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеттері
|
| -
Ұйымдастыру кезеңі.
-
«Шаттық шеңбері»
(Балалар шеңбер бойында тұрады.)
|
Біз -қазақтың баласы,
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәрінеде ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық.
-Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!
|
| -
балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-
Қыс айларын атаңдар?
-
Дұрыс айтасыңдар. Қазір қай мезгіл екенін біледі екенсіңдер.
Алдымен тілімізге жаттығу жасап алайық.
Ыс-ыс-ыс- келіп қалды қыс.
Ой-ой-ой- қорада тұр қой.
Ай-ай-ай- жайылып жұр тай.
Ақ-ақ-ақ- ойнақтайды лақ.
Зы-зы-зы- секеңдейді қозы.
Балалар жануарлар нешеге бөлінеді?
Біз бүгін үй жануарларына тоқталамыз.
-Үй жануарларын атайық?
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау- менің оң қолым,
Мынау- менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Балалар енді үй жануарларына тоқталайық.
Балалар мынау ненің суреті? (суретін көрсету)
-
Дұрыс айтасыңдар, ал сиырдың төлін қалай атаймыз?
-
Дұрыс, сиыр мен бұзау қалай дыбыс шығарады?
Сиырдың адамға пайдасы көп екен, сүтін ішеміз, етін жейміз, сиырдың сүтінен қаймақ, май, құрт-ірімшік жасаймыз, терісінен киім тігеміз, сондықтында сиырды күтіп бағуымыз қажет.Сиырға жем-шөп, су беріп бағуымыз керек. Сиырды жем-шөп берерде, суарарда қалай шақыратынын білесіңдер ме?
-«Аухау-аухау» деп шақырады екен.
-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)
-Дұрыс, жылқы төлін не деп атаймыз?
-Жылқы мен құлын қалай дыбыстайды?
Жылқы малын өте бағалаған, себебі мінсе-көлік, жесе еті тамақ, сүтін қымыз дейміз. Денсаулыққа пайдалы емдік қасиеті бар.
-Жылқыны қалай шақырамыз?
-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)
-Дұрыс, түйенің төлін не деп атаймыз?
Түйенің дене құрылысы ерекше. Түйенің өркеші болады. Түйелер қос өркешті және бір өркешті болып келеді. Түйенің бір өркештісін нар деп атайды. Түйенің жүні пайдалы, түйенің жүнін шуда деп атайды. Түйенің жүнінен көрпе жасайды, тоқыма заттарға да пайдаланады. Түйенің сүтін шұбат дейміз.
- Шұбат ішіп көргендерің бар ма?
-Түйені қалай шақыратынын білесіндер ме?
Балалар түйені «көс-көс» деп шақырады екен.
-
бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)
-
Дұрыс қойдың төлін не деп атаймыз?
Қой бұлда төрт түліктің бірі. Қойдың етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен әртүрлі киімдер тоқылады. Әжеміз көрпе жасайды.
-Қой мен қозы қалай дыбыстайды?
-Қойды жем-шөп бергенде қалай шақырамыз?
-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)
-Ешкінің төлін не деп атаймыз?
-Ешкі мен лақ қалай дыбыстайды?
Ешкіде төрт түліктің бірі. Ешкіні де біз қолға ұстап пайдаланамыз. Ешкінің етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінін пайдаланамыз. Ешкінің жүнін түбіт дейміз. Ешкінің түбітінен шарқат тоқиды.
-Ешкіні қалай шақыратынын білесіндер ме?
Ешкіні «шөре-шөре» деп шақырамыз.
- Өте жақсы, сендер үй жануарлары жайында көп біледі екенсіңдер. Осы үй жануарларын күтіп-бағуымыз керек, сол кезде өнімі де мол болады екен.
Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен мал деп айтамыз.
Сергіту сәті.
Төлдер туралы тақпақ.
-
Балалар төлдер туралы тақпақ білесіндер ме?
«Жануарларды құтқару» ойыны.
|
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Балалар қайталап айтады.
Ыс-ыс-ыс- келіп қалды қыс.
Ой-ой-ой- қорада тұр қой.
Ай-ай-ай- жайылып жұр тай.
Ақ-ақ-ақ- ойнақтайды лақ.
Зы-зы-зы- секеңдейді қозы.
-Жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді.
- сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі.
Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.
-«Мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады.
Балалар сиыр туралы айтылған мәліметті мұқият тыңдайды.
«Ахау-ахау» деп қайталайды.
-Жылқы, ат.
-құлын
-кісінейді.
«Құрау-құрау» деп шақырамыз.
-Түйе.
-Бота.
Түйе туралы айтылған мағұлматтарды зейін қойып, мұқият тыңдайды.
Балалар өздерінің ішіп-ішпегендері туралы айтады.
Балалар өз ойларындағысын айтады.
-Қой.
-Қозы.
-«Мә-мә-мә» деп дыбыстап маңырайды.
-«пұшайт-пұшайт» деп шақырамыз.
-Ешкі.
Лақ.
-Қойға ұқсап маңырайды.
Балалар өздерінің білетіндерін айтады.
Төлдер туралы білетін тақпақтарын айтады.
|
|
Сабақты қорытындылау.
-Бүгінгі сабағымыз не жайында болды?
- Үй жануарларын атаңдар?
- Сиырдың төлін не деп атаймыз?
|
-Үй жануарлары туралы болды.
- сиыр, жылқы, қой, түйе, ешкі
- бұзау деп атаймыз
|
Күтілетін нәтиже.
Бала нені білді: Үй жануарларының аттарын пайдасын, төлдерін ажырата білді.
Қалыптасқан түсініктер: Мәнерлеп тақпақтар айту, жаттығуды іс-қимыл арқылы көрсету түсініктерін игерді.
Орындаушылық қабілеті: Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын салды, сұраққа толық жауап бере отырып ойлау қабілеттері артады.
Тауирова Айнұр Аманжанқызы.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Тайсойған негізгі мектебі жанындағы
шағын орталық тәрбиешісі.
Ертеңгіліктің тақырыбы: Айналайын ақ мамам!
Мақсаты: аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға
құрмет көрсету, қазақ қыздарына тән адамгершілік пен
эстетикалық рухта тәрбие отырып инабаттылыққа,
парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен
қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау.
Сөйлеу мәнерін, жұртшылық алдында сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Аналарды құрметтеуге, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері, нақыл сөздер, шарлар, аналардың фото суреттері.
Тәрбиеші: Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер!
Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді. Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар!
Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркендеген өмір құрметті күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған елағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген – Ана.
Құрметті асыл аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Сондықтан құрметті асыл аналар бүгінгі «Айналайын ақ мамам!» атты ертеңгілігіміз сіздердің құрметтеріңге арналады. Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Ақбөбек: Құрметті асыл Аналар, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!
Аружан: Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің
алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.
Назерке: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың
астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да
соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға
төзімді.
Ынта: Аналар,көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл
мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Фатима: Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де,
Ақбөбек: Сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық
уақытта шыдамдылықпен.
Айзат: мейіріммен.
Мұқағали: ақылмен.
Аружан: ыстық құшағында аямай мәпелеп,
Ақбөбек: еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі
балалық сезіміміз,
Айзат: әсем әніміз
Мұқағали: көңілді күйіміз
Фатима: демалыс кешіміз
Бәрі бірге: сіздерге арналады.
Ән: «Апам үшін».
Барлығы: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан балалар
Аналардан туған небір аналар.
Ана деген – тіршіліктің тірегі.
Армысыздар қасиетті аналар.
Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
Аружан: Бақытты ғой шыныныда
Анасымен балалар.
Құтты болсын мереке,
Аман болсын аналар!
Ақбота: Сіздерменен жарасады өңіміз,
Сіздерменен жадырайды сәніміз.
Ұзақ болсын мерекеңіз,
Құттықтаймыз бәріміз!
Назерке: Кемеңгерсің, данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы, анашым.
Ынта: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым
Өз қолыммен жазып бүгін
Мейрамыңмен құттықтаймын
Ән: «Ақ мамам»
Ән: «Анашым»
Орындайтын: Ақбөбек.
Ойын: «Анаңды тап».
Назерке: Менің әжем әліде,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Ақбөбек: Тосып тәтті, дәмдіні,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Ынта: Әжем мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Әжем мені «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Барлығы: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ әжем».
Би: «Қазақ биі».
Ойын: гүл сыйлау.
Би: «Қара жорға»
Орындайтындар: Ақбөбек, Ынта.
Аналарға сыйлық тапсыру.
Мерекеңмен құттықтап,
Қуанамыз, құлпырып.
Анаға арнап ән салып,
Берейік сыйлық ұсынып.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».
Қорытынды.
Тәрбиеші: әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры-биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзент болар. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да өз сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |