Сабақтың тақырыбы : «Бізді қоршаған ауа»



Дата27.02.2016
өлшемі37.81 Kb.
#28498
түріСабақ
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі



Сабақтың тақырыбы:


Күні :11.12.2008

Пәні:Жаратылыстану

Класы :5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған ауа»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ауа қабатының тіршілік үшін маңызын түсіндіре отырып,әр

түрлі тәжірибелер арқылы ауа қабаты ерекшеліктері туралы білім беру



Дамытушылық:Пәнге қызығушылығын белсенділігін,ойлау қабілетін,әр түрлі білім

көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту



Тәрбиелік:Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға,тазалығын сақтауға тәрбиелеу
Көрнекілігі:Шыны –ыдыстар,шар,машиналар суреті,завод фабрикалар,видео клип

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері:Сұрақ –жауап,тәжірибе,түсіндірмелі сөздікпен

жұмыс


Сабақтың барысы

І.Ұйымдасытру кезеңі

А)оқушыларды түгендеу

Ә)сынып тазалығына қарау

Б)оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ.Өткен сабақты сұрау

Балалардан түсінігін сұрау,сұрақтар қою

«Білім баспалдағы»

1.Атмосфера дегеніміз не?

2.Неге атмосфераны қорғаныс қалқаны дейді?

3.Атмосфераның газ құрамы қандай?

4.Тірі организмдер үшін оттегінің ролі қандай?
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

Балалар біз өткен сабақта Атмосфера-жердің ауа қабатын өтіп,жердің қандай қаббаттан тұратынын,адам өміріне оттегінің маңызы қандай екенін білдік.


ІҮ.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)

Тіршіліктің 4 тірегі бар:Күн,су.жер,ауа

Біздер сыныпта отырғанда тақтаны,партаны,терезеден үйлерді,ағаштарды,бұлттарды және т.б көреміз.Ал,біз қоршаған ортаны көруге бола ма?Жоқ біз оны көре алмаймыз,бірақ оны шамалап көруге болады екен.Қалай көреміз?Сендер қабырғаға,ыдысқа,тасқа,сазға жабысып тұрған өте кішкентай көпіршіктерді талай рет көрдіңдер.Міне,осы көпіршіктердің ішінде ауа болады.

Мысалы:

1-тәжірибе



Біз ауаны көре аламыз ба?

Стаканға су құйып аламыз орта есеппен,сосын үстіне шағын стаканмен түбін жоғары қаратып,кішкене қисайтып ұстап стаканды түсіреміз.Не көресіңдер?Стаканнан біртіндеп ауа копіршіктерінің шығып жатқандығын және стаканға құйылып жатқан суды көресіңдер.

2-тәжірибе

Біз ауаның дыбысын ести аламыз ба?

Қолымызға шарды үрлеп алаайық,сосын біртіндеп қысып тұрып ауасын шығарамыз,осы кезде біз ауаның дыбысын ести аламыз

3-тәжірибе

Біз ауаның бар екенін сезіне аламыз ба?

Шарды алып ауасын денемізге жақындатамыз сол кезде денемізге ауа шығып жатқанын сезіне аламыз.

Адам күніне орта есеппен тамақ-1,5 кг,суды-2л,бірнешемың ауа жұтады.

Мына жерлерде ауа таза болады.Ауылдық жерлерде қалаға қарағанда 10 есе таза болады.Ал таулы жерлерде 50 есеге дейін таза болады.,ал теңіз жағалауында тап-таза болады екен.Соынмен ауа көзге көрінбейтін газ тәріздес зат екен.

Ауа қалай ластанады?

Қаланың сыртына шықсаң,тауға көтерілсең,қаланың үстінде қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Кейде бұларды қаланың ішінде орналасқан завод фабрикалардың түтіні,үйлердің моржасынан түтіні,машиналардың түтіні шаңтозаңдар ауаны ластайды екен.Мысалы:Теміртау,Жамбыл,Шымкент,Өскемен қалаларда тұманды –смог деп атайды екен.Бұл улы түтін,яғни бұлар адам денсаулығына зиян келтіреді екен.

Ауаны қалай қорғаймыз?

Ол үшін аулаға коп ағаштар отырғызып,көгалдандыру керек.1 га орман ағашы 1 күнде 280 кг көмір қышқыл газын жұтып,180-200 кг оттегін шығарады екен.Мысалы:Жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүреді екн,ал қалалық жерлерде 50-80 жыл өмір сүреді.


Ү.Өткенді пысықтау


Нені білемін?




Не білгім келеді?




Не білдім?



Балаларға жаңа тақырыпты оқытып,өздерінен түсінгенін сұрау

1.Ауа дегеніміз не?

2.Ауа қалай ластанады?

3.Ауаны ластамаудың қандай жолдарпы бар?
ҮІ.Қорытынды:

1.Бізід қоршаған ортада ауа бар екенін қалай дәлелдейміз?

2.Тірі организдер үшін оттегі не үшін қажет?

3.Атмосфераны әр түрлі ластаушы көздерден сақтау не үшін қажет?Оның қандай түрлері бар?

4.Смог дегеніміз не?Ол қандай қауіп қатер туғызады?

5.Өздерің тұратын елді мекендеріңде ауаны ластанудан қорғайтын қандай іс-шаралар жүргізіледі?

6.Көше бойынан дәрілік өсімдіктеді еруге,мал жаюға болмайды.Себебі....
ҮІІ.Бағалау

ҮІІІ.Үйге тапсырма: «Бізді қоршаған ауа»

Реферат «Ауа»

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Ж.Төреханова



А.Жанпейісов атындағы №105 қазақ орта мектебі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет