Сыныптан тыс іс-шара «Ақпараттық колейдоскоп» информатикалық ойыны



Дата12.07.2016
өлшемі120 Kb.
#193250
Сыныптан тыс іс-шара

«Ақпараттық колейдоскоп» информатикалық ойыны

Қатысушылар: 7 «А», 7 «Ә»

Мақсаты: пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.


Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!

Сіздермен бірлесе отырып «Ақпараттық калейдоскоп» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде жеңілсеңде қалма жасып.

Сайыстар:



  1. Синонимдер

  2. Іздер

  3. Қай сөз артық?

  4. Пантомима

  5. Сиқырлы сөздер

  6. Абай болыңыз, вирус!

  7. Полиглот

  8. Капитандар сайысы

  9. Қиял әлемі

  10. Сөзжұмбақ

  11. Комплимент

Сайыстар бірінен соң бірі өтіледі. Әр кезеңде топ белгілі балдар санын жинайды. Ойын соңында балдар саны саналып, жеңімпаздар марапатталады.

"Синонимдер" сайысы 3 минут 1 сөз – 1 балл

Негізгі сөз

Синоним

8 бит

Байт

Әліппе

Алфавит

Белгі

Символ

Дисплей

Монитор

Винчестер

Қатты диск

Каталог

Қапшық

Лазерлік диск

CD-ROM

Пиктограмма

Белгіше

ЭЕМ

Компьютер

ОЗУ

Оперативті жады

Топтарға кестесі бар карточкалар таратылады. 3 минуттан кейін жиналып, нәтижесі шығарылады.
"Іздер" сайысы 4 минут 1 балл

Сайысты бастайтын топ жеребе арқылы таңдалады.

Әр топтан бір сайыскерден шығады. Сайыскер ізге басып бір қадам аттау үшін сұраққа жауап беруі тиіс. Қатысушы сұраққа жауап беруде қиналса немесе дұрыс жауап бермесе ойын кезегі екінші топқа беріледі.

Мәреге бірінші жеткен топ жеңген болып есептеледі.




  1. Ақпаратты өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Аталған байттар тізбегі (файл)

  3. ДК алфавитінде 33 символ бар. Соған келісесің бе? (жоқ)

  4. 1 байт = 1024 Кбайт (жоқ)

  5. Компьютердің ақыл-ойы (процессор)

  6. Paint қандай редактор? (графикалық)

  7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)

  8. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)

  9. Лазерлік, сия бүріккіш, матрицалық қандай құрылғының түрлері? (принтер)

  10. Ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)

  11. қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

  12. Бит пен байт – бұл ... (информатиканың өлшем бірліктері)

  13. Графикалық редактор ... (Paint)

  14. 1 байт = 8 бит (иә)

Көрермендерімізді де ұмытпайық.



Жұмбақтар:

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (Меңзер)


  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (Монитор)

«Қай сөз артық?» сайысы 1 бөлім – 1 балл 4 минут



Анаграмма__Сөз__2._е_п_т_ь_ю_к_р_о_м'>Анаграмма

Сөз

1. т е р ч е с в и н

Винчестер

т а к е д и с

Дискета

а к т к о м п с к д и

Компакт-диск

с о р е ц п р о с

Процессор

Артық сөз: процессор




Анаграмма

Сөз

2. е п т ь ю к р о м

Компьютер

т а м и к а т е м а

Математика

а з и к и ф

Физика

л и я г о и б о

Биология

Артық сөз: компьютер




Анаграмма

Сөз

3. м а р а м г р о п

Программа

ы ш қ а т н

Тышқан

д а к р о т р е

Редактор

ә р і з м

Мәзір

Артық сөз: тышқан


«Пантомима» сайысы 5 минут

Екі топқа бір-бір тақырыптан беріледі. Олар оның мазмұнын вербалды емес тәсілмен, яғни мимика мен жесттер арқылы ашып берулері тиіс. Дайындалуға 3 минут беріледі. Сайыс үшін 3 балл.

1 топ: Принтер. Компьютер тұрып қалды.

2 топ: Тышқан. Компьютер ойынын ойнап отырған бала.


«Сиқырлы сөздер» сайысы 3 минут 1 сөз – 1 балл

Тіктөртбұрышта жасылыған сөздер беріледі, оларды табу керек. Жауабын бірінші тапқан оқушы қолын көтеріп, сөзді айтады. Дұрыс жауап үшін топқа бір балл беріледі.


«Абай болыңыз, вирус!» сайысы 4 минут

Вирусты Касперский жебелерімен өлтіру керек.1 жебе = 1 балл

Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру.

Әр дұрыс жауап үшін сендер бір Касперский жебесін ұтып аласыңдар.

Әр топқа бірдей 3 блок беріледі. Олар терминдерге дұрыс анықтама сәйкестендірулері керек.






Процессор



Жұмбақтар:

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)
4. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (бит)


«Полиглот» сайысы 5 минут Сайыс үшін 2 балл.
Әр топқа сұрақтар беріледі. Жауаптары үш тілде көрсетілуі тиіс. Жауаптар таратылған карточкаларға жазылады.

Сұрақтары:



  1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук, sound)

  2. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкене күн көзін (шам, лампочка, lamp)

  1. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)

  2. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)

  3. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы ... (тоқ, ток, currnt)

  4. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, language)


"Капитандар" сайысы 3 минут

«Информатика сөздері» ойыны

Кез-келген бастапқы сөз беріледі. Капитан бастапқы сөздің соңғы әрпінен басталатын информатикаға байланысты бір сөз айту керек және т.с.с.

Мысалы: Монитор – рамблер – робот – трафик – компьютер – растр - …

1 балл соңғы сөзді айтқан капитанның тобына беріледі.
Жұмбақтар:

5. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды (бос орын)
6. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті. (Пернелік)


«Қиял әлемі» сайысы 3 минут

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс.



  1. Егер мен робот болсам ...

  2. Егер мен хакер болсам ...

Дайындалуға 5 минут беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады. Сайыс үшін 1 балл.
«Сөзжұмбақ» сайысы 3 минут 1 балл

Сайыскерлер жауаптарды карточкадағы торкөздерге жазады. 3 минуттан кейін карточкалар жиналып, ұпайлар саны айтылады.


Сұрақтары:

  1. Тышқан курсоры (меңзер)

  2. Дербес ЭЕМ аталуы (компьютер)

  3. Қазіргі кездегі көп таралған процессор (пентиум)

  4. Дискет салатын жер (дискжетек)

  5. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)

  6. Компьютердің есептеу құрылғысы (процессор)

  7. Компьютер экраны (монитор)






















1

 

 

 

 

 

 






















2

 

 

 

 

 

 

 

 

 













3

 

 

 

 

 

 

 

























4

 

 

 

 

 

 

 

 

 




5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






















6

 

 

 

 

 

 

 

 

 




7

 

 

 

 

 

 

 
























«Комплимент» сайысы 5 минут

Әр топ жас информатиктер атынан берілген уақыт аралығында әділ-қазылар алқасына арналған комплименттер ойлап тауып айту керек.

Мысалы: Сіздің көздеріңіз ең қымбат сұйық кристалды мониторлар сияқты жарқырап тұр.

Бір комплимент - 1 балл. Егер әділ-қазылар алқасы комплиментті өте жақсы деп санаса, онда 2 балл қоюға болады.


Қорытынды: топтардың ұпайларын санау, жеңімпазды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет