О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Даубаева Гүлжарқын
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) Үү дыбысын таныстыру, ү дыбысы кездесетін
сөздерді оқыту және үйрету.
2) Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік
қорларын молайту, өз бетінше жұмыс істей білуге
дағдыландыру.
3) Құстарға қамқорлық жасауға, табиғатты қорғайға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ (бейнелеу, математика, дүниетану)
Сабақтың көрнекілігі: «Үү» дыбысына қатысты с уреттер, кеспе әріптер,
кеспе буындар, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1. Таңертеңгілік жиын
Оқушылар бүгінгі күннің сәтті өтуіне байланысты тілектер айту. Әр топ өздері тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ортадлықтардың үй тапсырмасын тексеру.
Оқу орталығы:
Әлди-әлди бөпешім әнін орындау.
Сурет бойынша әңгіме құрап, ауызша айту.
Жазу орталығы:
Өө әрпіне байланысты көркем жазу.
Ө
ө
Бейнелеу орталығы:
Бөрік суретін салып келу. Бөріктің бецнесі неге ұқсайтынын анықтап келу (оның бейнесі киіз үй, шаңыраққа, Астанадағы үкімет үйінің төбесіне ұқсайды).
Математика орталығы:
Сөздердегі дыбыстарды санау. Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін анықтау.
Көже – 4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты, 2 дауыссыз.
Шөже –
Төл –
Көл –
Сергіту сәті: Бала-бала балқан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
Жаңа сабақ
Жұмбақ
-
«Үйрек» десе – бірінші.
«Бүйрек» десе – екінші,
Бұл қайсы әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
2) Ү дыбысын таныстыру. Ү дауысты дыбыс. Ү әрпінің жазба, баспа, үлкен, кіші әріптерімен таныстыру.
3) Сурет бойынша жұмыс.
Суреттегі құстарды атау.
Үкі, үйрек. Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайтын тонына,
Кім білмейді (үйректі)
Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Үкі, үйрек, үйшік.
Кітаппен жұмыс: сөздерді түсіндіру.
Дәптермен жұмыс:
Ү
ү
Сергіту сәті. Ойын
Бұл кемеде нелер тұрады?
СШАҚҚУТ
ҒҮЙРЕКЫ
Бұл ағашта нелер тұрады?
ТҮКІСЕ ҒБҰЛБҰЛЙ
Оқулықпен жұмыс:
Үү әрпіне байланысты өлең.
Үш бала
Бір ауылда үш бала
Олар құрдас үш жаста
Бірақ-бірақ олардың
Қылықтары үш басқа.
Тиіп кетсең жылайды.
- Екіншісі бір қыңыр
Ақыл айтсаң тулайды.
- Үшіншісі елгезек,
Бәрімізге ұнайды.
Жазу орталығы.
Баспалдақ
Ү
Үй
Үкі
Үтік
Үйрек
Сиқырлы дыбыс
-ү- -ү-
-ү- -ү-
-ү-
Бейнелеу орталығы:
«Құстарға қамқорлық» тақырыбында ұя бейнесін таныстыру.
Математика орталығы:
Фигуралардан үй құрастыру және олардың аттарын атату үшбұрыш, төртбұрыш.
Сабақты қорыту: Ү қандай дыбыс.
Ү дыбысына байланысты жаңылтпаш айту.
1. Үмітті түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
2. Жұмбақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |