ІХ сынып қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің әңгімелеріндегі аналар – тарихи
кезеңдер тудырған көркем бейнелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі заман сипатын, әділдік пен
адамдық үшін күрескен аналар бейнесін тарих пен әдебиет-
тің үндестінін табу арқылы таныту
Дамытушылық: Әдебиет пен тарихтың үндестігін табуда оқушылардың
зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріндегі негізгі идея арқылы оқушылар-
дың бойына анаға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін
ұялату
Сабақтың типі : Білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: Сараптама жасау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Зерттеу, зерделеу, түйіндеу
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, слайдтар
Сабақтың барысы:
Ескерту. Оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы, ана тақырыбына жазылған әңгімелері туралы мәліметтер жинап, кесте жасауға алдын-ала тапсырмалар берілді.
Ғабит Мүсірепов
( 1902- 1985)
Тарихи кезең
|
Жазушы өмірі мен
шығармашылығы
|
Әдеби мұрасы
|
Ғ. Мүсіреповтің өмір сүрген дәуірі қазақ даласында Ресей патшалағының отарлау саяса-тының кең өріс алған кезеңі-мен сәйкес келеді
- 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс;
- Патшаның тақтан құлауы;
- Алаш қозғалысының өріс алуы;
- Қазан төңкерісі;
-Азамат соғысы;
- Сталиннің Қазақстанда жүргізген теріс саясаты;
- Голощекинің Қазақстанда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізуі;
- Ашаршылық;
- Сталиндік репрессия;
- Ұлы Отан соғысы; т. б.
Ел тағдыры шешілер ірі оқиғаларға араласқан азамат жазушы қиын заман, қилы кезеңде де халқының тағды-рын ойлап, ел басына түскен қасіреттің бел ортасында жүріп қана қойған жоқ, ел үшін, халық үшін сөз сөйлеп,
солардың қайғысын шешкен.
М. Шаханов: «Мен Ғабекеңнің талай ерлік жасағанын білемін. Бірақ солардың ішіндегі екеуін айтып өткім келеді.
Біріншісі, Қазақстандағы ашаршылық туралы Сталинге хат жолдауы болса, екіншісі,
Б. Майлин тұтқындалған кезде: «Егер Бейімбет «халық жауы» болса, онда мен де халық жауы-мын»,- деп партбилетін үстелге қойғаны» деп еске алған
|
1902 ж. Солтүстік Қазақстан
облысы Жамбыл ауданында дүниеге келеді.
1907 ж. Қостанаай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты орыс мектебіне оқуға түседі.
1919 ж. Преногорьковтағы жоғары бастауыш училищеге түсіп, жеті жылдық мектепте білім алады.
1923 ж.- 1926 ж Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде білім алады.
1926 ж. Бір жыл Омбы қаласындағы Ауылшаруашылық академиясында оқиды.
1927-1928 жж. Щучинск қала-
сындағы орман шаруашылығы
техникумында сабақ береді.
1928-1938 жж. Баспасөзде, әр түрлі орындарда жауапты қызметтер істейді.«Қазақстан»
баспасында редактор, «Қазақ
әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» бас редакторы.
1938- 1955 жж, Бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады.
1955-1966 жж. Республикалық
«Ара - Шмель» сатиралық журналдың бас редакторы.
1962 ж. КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланады. Жапония, Мысыр,
Алжир, Италия елдерін аралайды
1974ж. Қазақ әдебиетін дамыту-дағы еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді
1985ж. Дүниеден өтті
|
Әңгімелері:
«Қос Шалқар»
«Көк үйдегі көршілер»
«Талпақ танау»
«Ананың анасы»
«Ашынған ана»
«Ананың арашасы»
«Ер ана»
«Ақлима»
«Айгүл қойшының күндері»
«Айжан қойшының түндері»
«Боранды түнде»
«Әмина»
«Қыран жыры»
«Өмір»
«Жапон балладасы» т.б
Романдары:
«Қазақ солдаты» 1945 ж
«Оянған өлке» 1953 ж.
«Ұлпан» 1974 ж.
«Жат қолында» 1984 ж.
Пьесалары:
«Шабуыл» 1931 ж.
«Қыз Жібек» 1934 ж.
«Амангелді» 1936 ж.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
«Ақан сері - Ақтоқты»1941
«Полковник Чудов» 1943
«Қынаптан қылыш» 1945 «Сен қайтер едің ?» 1959 ж
|
ІІІ Жаңа сабақ
Сараптама жасалатын тақырып: Ғабит Мүсіреповтің ана туралы әңгімелері
Сараптама мақсаты: Ғабит Мүсіреповтің ана туралы әңгімелеріндегі әдебиет пен
тарихтың үндестігін тану мен таныту.
Ғабит Мүсіреповтің әңгімелеріндегі аналар-тарихи кезеңдер
тудырған көркем бейнелер
Сараптамалық жұмыстың бөлімдері
Зерттеу
Зерделеу
Түйіндеу
І Сараптамалық талдау жұмыстары:
І Зерттеу
1. Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Зерттеу
Тарихи сипаты
|
Әдеби сипаты
|
Қоғам. Оқиға .Тұлға.
*Қазақ даласындағы жікшілдік, әлдінің әлсізге, мықтының қорғансызға үстемдік жасаған кезеңі;
*Аңызға негіз болып алынған кезең – шамамен ХҮІІІ-ХІХ ғғ. аралығы адамды бәйгеге тігіп, сыйға беріп жіберу – сол дәуірге тән келеңсіз әрекеттердің бірі
* Елді билеп отырған ел басылары батыр, балуандарды ұстап, көршілес елдің малын айдап, адамын тұтқындап алып келуге жұмсап отырған.
*Алып келген малды өз қалауына жұмсап, жортуылшыларға аз ғана үлес беріп, оларды қолжаулығына айналдырған кезең сипаты ...
|
Мазмұн . Тақырып. Идея.
«Ананың анасы» әңгімесі 1934 жылы жазылған
Әңгіменің мазмұны:
Әйтілес қарт жас күндерін еске алып айтқан әңгімесі:
Бала би Жалпақ балуан бастаған тобырды Ергенекті еліне жылқы алып келуге жібереді. Жортуылшылар жылқыны тонап, жылқышының қызын да ұрлап әкетеді. Қызының артынан арашаға келген жылқышы әкесін соққыға жығады.
Олардың артынан келген анасы өзінің батыл шешімімен, шешен тілімен барым-та шыларға ой тастап, қызын қорлық пен күңдіктен құтқарып қалады. Жалпақ балуан Бала бидің өтірігіне алданып келгеніне өкінеді.
Әңгіменің тақырыбы:
Өз перзенті үшін жанын қиюға да дайын қазақ әйелінің бейнесі
Әңгіменің идеясы:
Ананың балаға, жалпы адамзатқа деген махаббатын сипаттау
|
*1914 жылы Ресей мен Германия мемлекетінің арасындағы соғыста дайындығы нашар патшалық Ресей жеңіліске ұшырай бастайды.
*Ресей патшасы Николай ІІ берген уәдесін бұзып, 1916 жылдың 25 маусымы күні бұратана халықты майданның қара жұмысына алу туралы Жарлық шығарады.
*Жарлықта Түркістан және Дала өлкесінің 19- 43 жас аралығындағы ер кіслерді майданға қара жұмысқа алу туралы бұйрық беріледі.
* Майданнан ел басқарып отырған би, болыс, ауылнай, старшын т.б босатылуы туралы да айтылған.
* Осыны пайдаланған атқамінерлер жарлықты өздігінше өзгертіп, ел ішінде алауыздық тудырады. Пара беру, жағымпаздану, өтірік айту өршіп, байлардың өздері мен туыстарының жасы өзгертіліп, қарапайым халықты тізімге енгізіп, майданға аттандырмақ болады.
*Мұндай әділетсіздікке төзбеген халық көтеріліске шығады.
|
«Ашынған ана» әңгімесі 1934 жылы жазылған
Әңгіменің мазмұны:
Азып, тозған,шаршаған әйел бейтаныс үйге келіп, қонуды сұранады. Отқа жылынып отырып, өз басынан кешке оқиғаны әңгімелеп береді.
Ақ патшаның жарлығанан кейін, Қапия ананың 15 жасар жалғыз ұлы болыстың алаяқтығынан бірден 19 жаста болып, тізімге ілігіп қалады. Әділетсіздік пен мазаққа шыдай алмаған Қапия ана болыс пен қара сақалды пышақтап, тұтқынға түседі. 17 ай тұтқында болған ана жаңа үкіметтің келуімен бостандыққа шығып, ұлын көру үмітімен елге оралып келе жатады.
Әңгіменің тақырыбы:
Өз перзенті үшін жанын қиюға да дайын қазақ әйелінің бейнесі
Әңгіменің идеясы:
Ананың балаға, жалпы адамзатқа деген махаббатын сипаттау
|
*1941 ж. 22 маусымы күні фашистік Германия
КСРО мемлекетіне тұтқиылдан шабуыл жасайды.
* Қазақстаннан майданға 1млн. 200 мың адам, оның ішінде 5 183 әйел- қыздар аттанды.
*Ерлігі үшін 11 мың 695 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, олардың 497-сі қазақстандықтар, ал 97-сі –қазақ ұлты
* Кеңес Одағының орден, медальдармен марапат-талған қазақстандықтар 96 мың 638 адам.
*Ұлы Отан соғысында 27 млн. ұл –қыздар құрбан болған. Оның ішінде қазақстандықтар – 603 мың адам.
*Қазақтың талай боздақтары қасіретті соғыстан мүгедек болып қайтты.
|
«Ақлима» әңгімесі 1944 ж. жазылған.
Әңгіменің мазмұны:
Ақлима ана жалғыз ұлы Қасымнан қара қағаз алған болатын. Бір күні оған майданнан хат келді. Онда Сапар атты жігіттің анасына сағынышы толы сөзі мен басынан кешкен тауқыметі жазылған еді. Екі аяғынан айырылған жауынгердің өз ұлы болмағанын білген ана шүкіршілік етеді.
Бірақ ертесі күні Сапарға оны анасы күтіп отырғанын хабарлаған телеграмма жіберіледі.
Әңгіменің тақырыбы:
Қазақ әйелінің аналық махаббатының
мәңгілігі
Әңгіменің идеясы:
Ананың балаға, адамзатқа деген махаббатын сипаттау
|
Салыстырмалы талдау
Ой үндестігі
Мазмұны:
Жаугершілік кезеңде өз перзен-тін күңдік пен қорлықтан құтқарған ананың ерлігі мен өжеттігі баяндалады.
Тақырыбы:
Өз перзенті үшін жанын қиюға да дайын қазақ әйелінің бейнесі
Идеясы:
Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету
Мазмұны:
Ұлына жасаған әділетсіздікке төзбе-ген ана болыс пен оның жандайша-бын өлтіреді. 17 ай тұтқында болып, жаңа үкіметтің көмегімен бостан-дыққа шығады.
Тақырыбы:
Өз перзенті үшін жаны қиюға да дайын қазақ әйелінің бейнесі
Идеясы:
Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету
Мазмұны:
Жалғыз ұлынан қара қағаз алған ана мүгедек болып қалған жауынгерді өз перзен-тіндей қабыл алады.
Тақырыбы:
Қазақ әйелінің аналық махаббатының мәңгілігі
Идеясы:
Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету
Түйін
Түйін
Өмірде талай қиындық пен қорлықты көрсе де, ананың балаға деген махаббаты -ешқашан солмайтын, ешқашан таусылмайтын, ұшы –қиыры көрінбейтін, шексіз махаббат. Ана өз перзентінің бақыты мен болашағы үшін отқа да түседі, қиын-дыққа да төзеді, қорлыққа да көнеді. Бірақ өз перзентін қорғап қалады.
Салыстырмалы талдау. Ой үндестігі
(Әңгімелердегі ана бейнелеріне салыстырмалы талдау жасау)
Басты кейіпкер – ананың бейнесі
Қайсар, ашынған, мейірімді,
қамқор, төзімді, сезімтал, өжет, батыл, шешен, қиын-шылықты көп көрген, перзентіне деген сезімі шексіз,
құдіретті ұлы жан
Басты кейіпкер –Қапия ананың бейнесі
Қайсар, ашынған, мейірімді,
қамқор, төзімді, қорланған,
сезімтал, өжет, батыл, қиын-шылықты көп көрген, перзентіне деген сезімі шексіз,
құдіретті ұлы жан
Басты кейіпкер – Ақлима ананың бейнесі
Мейірімді, қамқор,сезімтал, өжет, батыл, перзентінен үмітін үзбеген, сезімі шексіз ,
құдіретті ұлы жан
Түйін
Қиындық пен қорлықты көрсе де, перзентіне деген аналық
махаббаты шексіз қазақ әйелдерінің ұлы тұлғасы
Сараптама жасаудың екінші бөлімінің тапсырмасы- зерделеу.
Оқушылар Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ақлима»
әңгімелеріне қатысты пікірлер, деректер мен дәйектерді топтастырып, саралап,
тарихи, әдеби маңызын анықтайды
Зерделеу
Тарихи деректер
|
Әдеби дәйектер
|
1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл М. Дулатұлы айтқандай «жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»
1916 ж 23 тамызда генерал – губернатор
А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық ел басқарғандар, төменгі шенді полиция қызметкерлері, имамдар, молдалар, есепшілер, жеке басы құрметті азаматтар т.б.
Патша өкіметі айла қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін – жергілікті әкім-шілікті, байлар мен мұсылман дінбасы-ларын қорғап, оларды аман алаып қалды да, олар жергілікті әкімшіліктің тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектесті Олардың балалары қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ызасын келтіріп, Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде көтеріліске шықты.
(Қазақстан тарихы. 9- сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» баспасы 2005ж. 8-бет)
|
««Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда»,- деп дұшпанға өктем тіл қатады ана. Жасқанбай сөйлеген әйелдің ер мінезі, қайратты сөзі жүрекке төнген найзаның ұшын жерге қаратады.
... Бұл әйел құр ашынған жан емес, алып қайраттың,үлкен ақылдың, зор махаб-баттың иесі. Жазушы ананың реалистік
образын реалистік жағдайда бейнелейді
(Қазақ әдебиеті.С. Қирабаев. 247- бет)
«Қапия анадан жүректегі қайнаған кекті, бойдағы ірі қуатты танытатын батыл әрекетті көреміз. Сол үшін озбырлар әйелді соққыға жығады, түрмеге қамайды. Қапияға олардың көрсетпеген қорлығы жоқ, бірақ қайсар ана дұшпанына жалын-байды, жаудан рақым тілемейді. Азапқа тістеніп шыдап, зорлықшыларға деген жүректегі ыза –кегі қайнай түседі. Азап та, түрме де оның жігерін жасыта алмайды. «Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған ана»,- деп сипаттайды жазушы»
Қазақ әдебиеті.С. Қирабаев. 247- бет)
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызыл Армия қатарында 1млн. 200 мың қазақстандықтар болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға әрбір бесінші қазақстандық аттанды.
Жау тылында партизан қатарында шайқасқан 3,5 мың қазақстандық болды. Олардың қатарында: Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Ж. Ағаділова,
Е. Воробьева , П.Семенова т.б. болған.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің иегері атағына 142 , Кеңес Одағы батыры атағына 497 қазақстандық ие болды.
(Қазақстан тарихы. ҰБТ тапсырушыларға арналған оқу- әдістемелік құрал, Алматы, «Олжас» баспасы,148- бет)
|
Ұлы Отан соғысы жылдары эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, татар балаларын қазақ-тардың асырап алуы көп болған. Ал қол – аяғы бірдей шөрке болған жауынгер жігітті туған анасындай күту ұлы жүрек-тінің ғана қолынан келетін іс – әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кең-дігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді.
(Қазақ әдебиеті. 11-сыныпқа арн/ған оқулық.
Алматы, «Мектеп»баспасы, 2002 ж.310-бет
|
Тарихи маңызы
Қазақ әйелінің қоғамдағы орны ;
Әділетсіздікке қарсы күреске тек ерлер ғана емес, әйелдердің де араласқанын көреміз;
Қай кезең болмасын Ананың құдіретті болуы;
Қиындықты жеңе білген, қорлыққа төзе білген әйелдердің тарихта болғандығы белгілі;
Әйел- ана атымен аталатын жер атаулары белгілі тарихи оқиғалардың көрінісі;
Жауға шапқан ерлер де ұран етіп аналардың атымен шайқасқаны көпке мәлім.
|
Әдеби маңызы
Қазақ аналары туралы жазылған алғашқы көркем туынды;
Жалпы қазақ әйелдерінің жиынтық бейнесі;
Ана туралы новеллалар идеялық бағыт, пафосы жағынана бірін -бірі толықтырып тұрады;
Олардағы типтік қаһарман- шындық үшін, әділет үшін өмірдің бар қиындығы-на төтеп берген мейірімді, өжет, өршіл, өлімді де жеңе білген жаңа образ- Ананың ұлы образы бейнеленген
|
,
Сараптаманың үшінші бөлімінің тапсырмасы бойынша оқушылар
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ақлима» әңгімелеріне қатысты
пікірлерді, тарихи деректер мен әдеби дәйектерді жүйелейді, қорытындылайды,
ой тұжырымдайды, әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін табады
ІІІ Түйіндеу
Қорытындылау
|
Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы басты мұраты: ана , әйел өмірін , мінез- характерлерін жаңа қырынан таныта білді. Алғашқы әңгімелеріндегі Ана, Қапия, Нағима романтикалық леппен суреттелген,эпикалық бағыттағы кейіпкерлер болса, Ақлима , Натальяларды жазушы реалистік жарқын бояулармен бейнелеп берді.
«Ғ. Мүсірепов өз творчествосындағы үздік туындыларын дүниенің тірегі – ана тақырыбын терең тебіреніспен, асқан шеберлікпен игерген ұлы жазушы. Ананың ұлылығын кемеліне келтіре жырлаған А.М.Горький дәстүрін қазақ әдебиетінде орнықтырған да Ғабит Мүсірепов»
(М. Әуезов)
|
Тұжырымдау
|
Ғабит Мүсіреповтің халық өмірінен алынған, өз перзенті үшін отқа да түскен, суыққа да төзген аналар бейнесі- тарихи шындықты сипаттаған туындылар. Жазушы бұл туындылар арқылы қазақ әйелінің тарихи тұлғасын жаңа қырынан көрсете білді.
|
Үндестік
|
Қазақ әйелі- ұрпақ тәрбиелеп, бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ол- елінің болашағы мен ұрпағының келешегі үшін күрескен, жанын қиған, бірақ намысы мен перзентін қорлатпаған жан. Ғабит Мүсіреповтің аналар тақырыбына жазған шығармалары – бірнеше дәуірді қамтыған, бірнеше ғасырды суреттеген туындылар. Қай кезең болмасын Ана өзінің ұрпағына қамқор болып, шаңырағын тербеткен, отын өшірмеген. Қажет кезінде қолына қару алып қорған болған, елін басқарған ел анасы болған. Бірақ ол ешқашан Ана екенін ұмытпаған. Міне, осының бәрін біз тарихта болып өткен оқиғалар мен жазушы туындыларынан көреміз.
|
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: І Есенберлиннің «Көшпенділер» триологисын оқу, шығармадағы тарихи оқиғалар бойынша мәлімет жинап келу
Астана қаласы Білім басқармасы
№ 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Утепова Салиха Қамбарқызының
Тамыз мәслихатында өткізген сабақ үлгісі
«Ғабит Мүсіреповтің әңгімелеріндегі аналар-
тарихи кезеңдер тудырған көркем бейнелер»
Достарыңызбен бөлісу: |