Бірлік негізгі мектебі КММ
Пікірталас
Тақырыбы: Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Өткізген: Кабдулкалыков Ж.М
2022-2023 о.ж
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Студенттердің ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Студенттер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа.
Сабақтың түрі: түсіндіру
Сабақтың барысы:
1.Шаттық шеңбері
Оқушыларды 2 топқа бөлу
2.Қызығушылық ояту видео-ролик көрсету
Мағынаны тану
Топтық жұмыс (пікірталас)
Ой толғаныс
«Алтын қағида» ережесі «сен есіңе сақтап ал»
Ғаламтор туралы кіріспе
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен білімгерлер!
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |