Сабақтың тақырыбы : "Ішкі жұқпалы емес аурулар"пәні туралы түсінік. Пәннің қысқаша даму тарихы және қазақстандық, шетелдік ғалымдардың пәннің дамуына қосқан үлесі.
Сабақтың мақсаты:Ішкі жұқпалы аурулар пәнінің басқа пәндермен байланысын және қысқаша тарихымен танысу.
Тапсырма:Сұрақтарға жауап беріңіз:
Тақырыптың аты мен бүгінгі күнді белгілеп ,өзлеріңізге қысқаша конспект жасап алыңыздар.
Ішкі жұқпалы емес аурулары қандай пәндермен байланысты және нені зерттейді?
Ішкі жұқпалы аурулардың пайда болу себептері қандай?
Қазақстанда пәннің дамуына үлес қосқан ғалымдар мен олардың еңбектерін атаңыз.
Барлық аурудың қандай % - ы ішкі жұқпалы емес ауруларға тиесілі?
Ветеринария ғылымдарының «Малдың ішкі аурулар» бөлімі ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем-әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән. Бұл, жалпы биологиялық, клиникалық диагностика, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық эканомикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей, мамандықты қалыптастыратын пән.
Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология, патологиялық физиология, клиникалық диагностика және эканомика пәндері құрайды. Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындар мен мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсәптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методикалық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып-жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды, түрлі жағдйларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардан, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтандыру, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің (диетотерапия) мағынасы зор. Сапасыз азықтар дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып күтуде, әсіресе қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді. Сондықтан, агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруларды анықтауда ғана емес сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалауда да маңызы зор.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріп келе жатқан әдістерден басқа да, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда. Мысалы, рентгеноскопия (тексеру), рентгенография (суретін түсіру), рентгенофотометрия (мөлшерін өлшеу), зат алмасуы бұзылғанда: электрокардиография (жүректің биотогін жазу), руменография (қарын қимылын жазу), гастрография (асқазан қимылын жазу), биохимиялық тексерістер, люминесцентті талдау - ішек-қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар дерттелінгенде.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй-жайын анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, дұрыс емдеу әдісін таңдау мақсатында аурудың белгілерін тексерудің (семиотика) маңызы өте зор. Малдарды аурудан сақтандыру әрекеттерін дұрыс үйымдастырып, нәтижелі ем қолдану үшін, жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын (синдроматика) анықтау қажет.
Негізгі белгілері болып саналатындар:
1. 1. Соңғы жылдардағы мал өнімдерінің деңгейі;
2. Мал салмағының тұрақсыздығы;
3. Төлдердің ауруларының жиілігі;
4. Ұрғашы мал арасындағы бедеуліктің көбеюі;
5. Малдан алынатын өнімнің сапасының төмендеуі. Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты - организмнің біртүтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.
Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:
1. Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;
2. Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;
3. Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);
4. Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез);
5. Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;
6. Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
7. Аурудың өту барысына сүйене отырып сған болжам жасау (прогноз);
8. Ауруға ем тағайындау (терапия);
9. Аурудан сақтандыру шараларын үйымдастыру (профилактика). Бұл жоспардың ішінде ауруды дұрыс анықтау мен оның себептерін дәл табудың ауруды емдеу және сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |