Сабақтың тақырыбы : «Жаныңда жүр жақсы адам»



Дата08.06.2016
өлшемі23.46 Kb.
#122968
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылы
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінің 
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Серікқалиева Жаннұр Жұмабайқызы.
Сабақтың тақырыбы : «Жаныңда жүр жақсы адам»

Мақсаты: Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас,жан –жұлуымен жақсылықты сезініп бағалай алуға үйретуді жалғастыру: :

-оқушылардың қоршаған ортаға,айналасындағы .

-оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, шынайлыққа тәрбиелеу:


Көрнекіліктері : интерактивті тақта, слайдтар, дәйексөздер.
Сабақтың барысы :

I . Ұйымдастыру бөлімі

II . Өткен тақырыпты пысықтау

III . Жаңа оқу іс- әрекеті



Жаңа сабақ

Шаттық шеңбері

Әңгімелесу

Мәтінмен жұмыс

Ойын «Әдепті сөздер»

Дәйексөз


Түйіндеме

Тапсырма (дәптермен жұмыс)

Жүректен – жүрекке
Сұраққа жауап алу

1. Аптаның күндерін ата

2 . Бүгін аптаның нешінші күні?

Енді алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіз тілейік .

1- бала : Армысың жыл күн !

2- бала : Армысың асыл жыр !

3 -бала : Армысың көк аспан !

4 -бала : Армысың жан досым !

5 -бала : Күніміз жарық болсын !

6 - бала : Аспанымыз ашық болсын !

7 - бала : Деніміз сау болсын !

8- бала : Нанымыз көп болсын !

9 - бала : Елімізге тыныштық тілеймін !

10 – бала : Көк туымыз биік болсын !

Оқушылар шеңберге тұрып шындық,шынайлық ақиқатқа қатысты сөздер айтып шеңберңмңздң толықтырамыз:
Бүгін біз шындық ақиқат туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Адам ақиқатқа не үшін талпынады?
• Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жеткізеді?
• Ақиқатқа жетудің қандай жолдары бар деп ойлайсындар?
• Шындық-шыны ақиқат дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты

Адамгершілікпен туындап әділдікке ұласқан шындықтан көп нәрсенің ақиқатына көз жеткізуге болады. Ақиқат адам түсінігінің өмір шындығымен сәйкестігі болғандықтан оның көтерер жүгі ауыр.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген мәтінді оқытуда топтық жұмыс жүргізіледі.

«Ақиқат». Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнын қысқаша баяндап береді?

Шәкірттер не туралы пікір таластырып қалды ?

Олар неліктен бір тоқтамаға келе алмады?

Ғұлама ақиқатты қалай түсіндірді ?
Сергіту сәті.

Ойын «Әдепті сөздер»

Балалар жартылай шеңберге тұрып , допты лақтырып қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздер айтады.

-рахмет - Айып етпеңіз.

-сәлем! - Ғафпу етіңіз.

-Амансыз ба ? - Оқасы жоқ

-Қош келдіңіз! - Кешірім өтінем.

-Сізді көргеніме қуаныштымын. - Сау болыңыз!

- Кешіріңіз! - Қош болыңыз!

– Көріскенше!


Шығармашылық жұмыс. «Менің түсінігімдегі ақиқат »туралы шығарма жазындар.

Дәйексөз
«Әділ болсан –қараға –ақ,аққа жақ,

Ұрпақтарың жақсы атынды сақтамақ.» деген Жүсіп Баласағұнұлы мқалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Дәптермен жұмыс

«Сен шындықты мойындай аласынба» тақырыбында тест ұсынылған тапсырма дәптерде орындалады

Қорытындылау


Жүректен - жүрекке

Балалар бір-бірімізге тілек айтамыз тілектерін шындыққа ақиқатқа байланысты болуы керек..

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет