Cабақ № 1
Күні: ____.____._____
Тобы: ______________
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Патент түсінігі, және пайда болу тарихы
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың оқу әдісі: көрнекілікті түсіндірмелі
Құрал жабдықтар:. Кесте
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау.
2.Өткен тақырыпты тексеру:
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы дамуы негізінен көптеген жағдайларға байланысты соның бірі тапқырлардың ақыл ой байлығы бүкіл әлемнің деңгейіндегі басылымдары. Сондықтан әрбір болашақ жоғары білімді маман респубикамыздағы және бүкіл әлемдегі патентті лицензиялар жұмыстарды негізі таныс болуы шарт. Бұл оқу құралында еліміздегі өнер тапқыштық және патентті лицензияларлық жұмыстардың жалпы сипаттамасы жөнінде мағлұматтар беріледі.
Сонымен қатар мұнда жаналық өнертабыс ұсыныс тауар таңбалары пайданы модель өнертабыс өндірісі көлемде жалпы түсініктер . Инновациялық патент немесе патент беру туралы өтiнiм келесiдей толтырылады:
1) өнертабысқа инновациялық патент немесе өнертабысқа патент беру туралы өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмдi бергенде немесе патент беруге арналған өтiнiм бергенде берiледi және ӨН-1И.П. немесе Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ӨН-1П. нысанында тапсырылады, бұлардағы бағандардың атаулары бiр бiрiне сәйкес болады.
Егер қандай да болмасын мәлiметтердi тиiстi бағандарға сыйғызу мүмкiн болмаса, оларды қосымша парақта өтiнiмнiң тиiстi бағанына мына нысанда келтiредi: "өтiнiмге Қосымшаны қараңыз" ("Тiркелген құжаттар тiзiмi" бағанының тиiстi бөлiгiне "Х" таңбасы қойылады);
2) өтiнiмнiң "Түскен күнi" бағандары, оның жоғары бөлiгiне орналасқан 21, 22, 85 кодтар астындағы бағандарын өтiнiм түскеннен кейiн сараптама жасау ұйымы толтырады, оны өтiнiм берушi толтырмайды;
3) "Өтiнiм" сөзiнiң тiкелей үстiне орналасқан 86 және 87 код астындағы бағандар Қазақстан Республикасының нұсқауын қамтитын халықаралық өтiнiмдер Қазақстан Республикасының ұлттық фазасына ауыстырылған жағдайда, ал 96 және 97-шi код астындағы бағандар Еуразиялық патент конвенциясының 16-бабына сәйкес еуразиялық өтiнiм Қазақстан Республикасының ұлттық өтiнiмiне айналдырылған жағдайда толтырылады.
86-код астындағы бағандағы тиiстi торға "Х" белгiсi қойылады және алатын ведомствомен белгiленген халықаралық өтiнiмнiң тiркеу нөмiрi, халықаралық берiлу күнi келтiрiледi.
87-код астындағы бағанда халықаралық өтiнiмнiң халықаралық жарияланған күнi мен нөмiрi көрсетiледi.
96-код астындағы бағанда еуразиялық өтiнiмнiң тiркеу нөмiрi мен алатын ведомствомен белгiленген беру күнi көрсетiледi;
97-код астындағы бағанда евразиялық өтiнiмнiң жарияланған күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
4) инновациялық патент немесе патент беру туралы өтiнiм бiлдiрiлген 71-кодты бағанда "өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) атына" деген сөзден кейiн алдын ала патент және патент сұратылып отырған өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) туралы мәлiметтер келтiрiледi: жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болса), оның үстiне тегi атының алдында көрсетiледi немесе ресми тiркеу туралы құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резиденттерi үшiн құжаттың көшiрмесi қоса берiледi) заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдiң ресми атауы мен толық пошта мекен-жайын қоса отырып, тиiсiнше олардың тұрғылықты жерi, орналасқан орны туралы мәлiметтер келтiрiледi. Шетелдiк аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi транслитерациямен көрсетiледi. Өнертабыстар авторлары болып табылатын өтiнiм берушiлердiң тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер өтiнiмнiң екiншi бетiндегi 72-кодтың астындағы бағанда келтiрiледi.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттарына инновациялық патент немесе патент сұралатын шетелдiк заңды және жеке тұлғалар үшiн елiнiң коды ДЗМҰ SТ.3 стандарты бойынша (егер ол белгiленсе) көрсетiледi.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Кестемен жұмыс
Кестеде берілген үлгі бойынша толтыру
Үй тапсырмасы:
№ 1,2 Дәріс бойынша дайындалу
Достарыңызбен бөлісу: |