Қарағанды облысы
Шет ауданы
Ақшатау кенті
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі
Негіздер
Химия пәнінің мұғалімі:
Жукенова Назым Тілеубергенқызы
2014-2015 оқу жылы
Күні: 12.02.2015ж
Пәні: Химия
Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың тақырыбы: Негіздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бейорганикалық қосылыстардың түрлерін қайталай отырып, негіздермен тереңінен танысу. Алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылырдың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Көрнекілігі: Д.И.Менделеев кестесі, интерактивті тақта, үлестірме тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Қорытынды жасау,бағалау
Үй тапсырмасын сұрау: (Оксидтер тақырыбы)
-
Бейорганикалық қосылыстар нешеге бөлінеді?
-
Оксидтер дегеніміз не?
-
Оксидтер нешеге жіктеледі?
-
Оксидтердің молекулалық моделін жаса. Оқушыларға интерактивті тақтада бірнеше оксидтер мысалға келтіріледі. демонстрациялық столда берілген молекулалық модельдерден оқушылар берілген оксидтерді құрастырулары қажет.
-
Оксидтерді қалай аламыз? Оқушылар тақтаға реакция теңдеулері арқылы мысал келтіреді.
-
Оксидтерді теріп жазыңдар. Екі-үш оқушыға карточкада бірнеше бейорганикалық қосылыстар беріледі солардың ішінен оксидтерді теріп жазу керек.
-
Интерактивті тақтада кроссворд беріледі:
1) Сілтілік металл
2) Периодтық жүйені жасаған ғалым.
3) Судың агрегаттық күйі
4) Оттек қандай?
5) О3
6) Біреуі оттек болып келетін бейорганикалық қосылыс
7) Алюминий, алтын, темір
8) Өзіміздің кентімізде өндірілген металл
|
|
|
|
|
н
|
а
|
т
|
р
|
и
|
й
|
|
|
|
|
|
|
|
м
|
е
|
н
|
д
|
е
|
л
|
е
|
е
|
в
|
|
|
|
|
|
|
г
|
а
|
з
|
|
|
|
|
|
|
|
т
|
ү
|
с
|
с
|
і
|
з
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о
|
з
|
о
|
н
|
|
|
|
|
|
|
|
о
|
к
|
с
|
и
|
д
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
м
|
е
|
т
|
а
|
л
|
л
|
|
|
|
|
в
|
о
|
л
|
ь
|
ф
|
р
|
а
|
м
|
|
|
|
|
|
|
Ортасында қандай сөз шықты? Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз "Негіздер"
ІІІ. Жаңа сабақ. Негіздер
Сендер судың химиялық қасиетін оқығанда негіздермен таныстыңдар. олар судың белсенді металдармен немесе олардың оксидтермен әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. сондықтан негіздерге мынандай анықтама беріледі:
Негіздер дегеніміз - құрамында бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан металл атомы кіретін күрделі заттар.
Негіздер суда ерігіштігіне қарай былай бөлінеді:
Негіздердің физикалық және химиялық қасиетері: Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.
Сілтілер индикатор түсін өзгертеді. Қызыл лакмус көгереді, метилоранж сары түске өзгереді, ал түссіз фенолфталин таңқурацдық түсін береді.
Негіздерге төрт түрлі химиялық қасиеттер тән.
1. сілтілер қышқылдық оксидетрмен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
2NaOH+SiO2=Na2SiO3+H2O
2NaOH+CO2=Na2CO3+H2O
2. Негіздер мен қышқылдар арасында бейтараптану реакциясы жүреді:
2NaOH+H2SO4=Na2SO4+2H2O
Fe(OH)2+2HNO3=Fe(NO3)2+2H2O
3. Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп, жаңа тұз бен еріиейтін негіз алынады:
3NaOH+FeCl3=Fe(OH)3+3NaCl
4. Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады:
Cu(OH)2=CuO+H2O
2Fe(OH)3=Fe2O3+3H2O
ІҮ.Жаңа сабақты бекту.
1. Негіздердің құрамы мен анықтамасын айтып беріңдер
2. Негіздер нешеге жіктеледі.
3. Әрқайсына мысал келтіріңдер
4. Массасы 28г литий суда ерігенде сутектің қанша көлемі түзілетінін есептеңдер.
5. Массасы 20г натрий сілтісіне көмірқышқыл газын жібергенде, тұзілген тұздың массасын есептеңдер.
Ү. Үй тапсырмасы.
ІҮ.Қорытынды жасау.Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |