1) «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында балаларға салт-дәстүрімізді ойын арқылы дәріптеу, логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;
2) оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту;
3) жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу;
4) оқушының бойына Отанға деген патриоттық, махаббат сезімдерін сіңіру
Құрал-жабдықтар:
Интербелсенді тақта, activote құрылғысы, сценарий, бағалау парақтары, сыйлықтар, мадақтамалар, арналған парақтар, шарлар
-Құрметті оқушылар,әріптестер бүгінгі «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келдіңіздер!Бұл білім сайысының мақсаты оқушылардың білім деңгейін жетілдіру,дамыту.Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру.Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.Білімді,дарынды,озық болуға тәрбиелеу.
Сайысымызды бастамас бұрын қатысушыларымызбен танысып алсақ.
Оқушылар өздерін таныстырады және алға қойған мақсаттарын айтады.
Ал енді, сайысымыздың кезеңдерімен тасып алсақ.
Ойын жоспары:
Ойынға 9 ойыншы қатысады.
1) 1-КЕЗЕҢ «Бәйге»
15 сұрақтан тұратын тест парақшалары арқылы өз жауаптарын береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Тест соңында екі ойыншы ойыннан шығады. Келесі турға 7 ойыншы өтеді.
2) 2-кезең «Полиглот»
Жұмбақтардың шешімін тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Әр аударған сөз үшін 5 ұпаймен бағаланады. Келесі турға 5 ойыншы өтеді. Бірінші орында келе жатқан ойыншы бірінші таңдайды.
3) 3-кезең «Жорға» Ойыншыларға 4 сұрақтан тұратын 4 тақырып ұсынылады. Әр сұрақтың күрделіленуіне қарай өсу ретімен орналасқан ұпайлары болады (20, 30, 40, 50-ұпайлары). Сұрақты 1 кезеңде бірінші орында келе жатқан ойыншы тандайды. Егер ол сұраққа жауап бере алмаса, оған қарсылас ойыншылар жауап бере алады. Кезең қорытындысында жартылай финалға 3 ойыншы өтеді.
4-кезең «ДОДА» Ойыншыларға 15 сұрақ ұсынылады. Сұрақтарға үшінші турдың жеңімпазы жауап береді, содан кейін екінші орындағы ойыншы, соңында – үшінші. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Олар 1 минут уақыт беріледі. Сол уақытта олар мейлінше көп сұраққа жауап беріп үлгерулері керек. Ойын соңында 1 жеңімпаз анықталады.
5) Қосымша кезең «Чемпион»
Сөз тіркестерінің мағынасын ашу
1Ат ізін салмау (хабарласпау)
2 Дәм-тұзы жараспады ( тату-тәтті тұра алмады)
3 Көз жазып қалу (адасу,жоғалтып алу)
4Терісіне сыймау (ашулану)