Сабақтың тақырыбы : Тарихқа тағзым Сабақ мақсаттары : Тарихқа тағзым оқушылар өз тарихына байланысты жалпылама шолу жасайды



Дата17.02.2024
өлшемі17.31 Kb.
#492268
түріСабақ
Тәрбие сағаты. Тарихқа тағлым-өткенге тағзым ( 2- сынып)


Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Сабақтың тақырыбы :Тарихқа тағзым
Сабақ мақсаттары :Тарихқа тағзым оқушылар өз тарихына байланысты жалпылама шолу жасайды
Тілдік мақсаттар: Тарих, ата-баба, ұлы тұлғалар сөздерін қолдану. Oйлaу дaғдыcының дeңгeйi Бiлу, түciну Алдыңғы меңгерілген білім Тарих туралы түсініктері бар
Сабақ барысы:
Уақыты Тапсырма Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Сабақ басы
Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады. «Гүлмен тілек» әдісі арқылы сыныпқа жағымды ахуал тудырады. Сыныпты топқа фигуралар арқылы бөледі. Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Кезекші жоқ оқушыларды атайды. Бүгінгі сабақ бойынша бір – екі оқушы тілегін білдіреді.
Сабақ ортасы
І.Қызығушылықты ояту «1минуттағы ой» әдісі «Ел» сөзі ұсынылады. Жаңа материалға қызығушылықты арттыру мақсатында «4 сурет, 1сөз» әдісі қолданылады. Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тарих қойнауында». Оқу мақсаттары хабарланады. Тілдік бағдар Көнерген сөздер Оқушылар осы сөзге сәйкес синоним сөздерді 1 минут ішінде жазады. Суреттерде тарихта іздері қалған ұлы ғұламалар мен билер бейнеленген және өткенімізде қалған соғыс уақыттары бейнеленген. Демек, жауабы тарих. Балалар тілдік бағдар бойынша түсінгендерін айтып, сұраққа жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану Қорытынды 1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. - Мәтін не туралы? - Мәтінге қандай ат қоюға болар еді? Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген қанатты сөзі бар. Ендеше, бабаларымыздың жарқын істерін насихаттау бесігіміздің бүтін, жеріміздің тұтас, тіл мен діліміздің, түптеп келгенде, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуының басты кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру елдің тәуелсіздігін қастерлеуді үйрету үдерісінің бастау бұлағы – отбасы. Демек, жас өскінді ұлан-байтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан ата-бабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып қала бермек. Жеті атасын білмеген жетесіз деген мәтел бар халқымызда. Бұрынғы даналарымыз түп тамырымызды білудің дініміздің мықты болуының кепіліне балағаны күмәнсіз. Күні кешегі ұлт шежіресін ұмыттырғысы келгендердің пиғылын нақты ұғынсақ, есігімізден сығалаған жаһандық үдерісінің болуы мүмкін сын-қатерлерін сауапты бағамдай алмақпыз. Т. Дескриптор білім алушы - Мәтінді тыңдайды, тақырып қояды. - Тарих сөзіне кластер құрастырады. Мәтіннен тірек сөздерді табады. – 1 топ - Отбасы сөзіне кластер құрастырады. Мәтін мазмұны бойынша 1 жуан сұрақ құрастырады. - Тәрбие сөзіне кластер құрастырады. Мәтін мазмұны бойынша 1 жіңішке сұрақ құрастырады. Мәтінді тыңдайды. - Біздің алтын тарихымызда көптеген ұлы адамдар соның ішінде ел қорғаған, жер қорғаған батырларымыз, әділдігімен ел басқарған хан-патшаларымыз, орақ тілді би-шешендеріміз тағы да басқа ұлы тұлғаларымыз бар. Біз, жастар және болашақ ұрпақ түп тарихымызды ұмытпауымыз керек. Бұл – парыз.
Тапсырма.
Шығармашылық тапсырма.
Бес жолды өлең. 1. Зат есім 2. Екі сын есім 3. Үш етістік 4. Төрт сөзді сөйлем 5. Синоним
Тапсырма. 1. Хан . 2. Әділ, жоғары. 3. Ел билейді, шешім қабылдайды, халықтың қамын ойлайды. 4. Тарихымызда билеуші хандар көп. 5. Патша.
VІ. Ойтаразы
Кері байланыс. «Табыс сатысы»
Оқушылар өздерінің қай сатыда екендіктерін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет