Мұғалімнің аты-жөні
|
№15 гимназия, Сапарғали Р.С.
|
Пән/сынып
|
6 сынып. Қазақ әдебиеті
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
ІІ тоқсан. 2-апта. 1-сабақ.
|
Тарау немесе бөлім атауы
|
ІІ бөлім:
Абайды оқы, таңырқа!
|
Сабақтың тақырыбы
|
1-сабақ. Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
|
Оқу мақсаты
|
Т/Ж4 Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
А/И3 Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
|
Сабақ мақсаты
|
шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;
шығармадан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды
|
Бағалау критерийлері
|
- өлеңді мәнерлеп оқи алады;
- өлең құрылысына талдай алады;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алады;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алады.
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлеметсің бе, жас дос? Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Бүгінгі сабақта білетініміз:
шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;
шығармадан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды
Бағалау критерийлері
- өлеңді мәнерлеп оқи алады;
- өлең құрылысына талдай алады;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алады;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алады.
|
|
8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Ой қозғау.
Бала Абай дана Абайға қалай айналды?
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.
Өлеңнің жазылу тарихы
М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |