Сабақтың тақырыбы: 12 сәуір Ғарышкерлер күні Сабақтың мақсаты



Дата23.05.2023
өлшемі0.56 Mb.
#474149
түріСабақ
ғарышкерлер


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің
Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:«Ғарыштағы алғашқы адам»




Орындаған сынып жетекші: Байзахова Г.Р.



2022-2023 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты:

1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар суреттері
Кіріспе: Армысыздар оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарыш алаңының ресми туған күні- 1955 ж 2 маусым.Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол ғарышта 1 сағат 48 минут болды. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.Байқоңыр атауы тарихқа 1961 жылы кірді. 1959 жылы «Луна» ғарыш аппараты айға қонды. әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа
Лайка - ғарышқа сапар шеккен салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Сонымен олар 1960 ж 19 тамызда «Спутник - 1»ғарыш аппаратымен аспанға самғады.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
Аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті топтарының атын өзгерткен де әншілер болды. Ғарыш күніне ойластырып әртүрлі Ашықхаттар әзірленді.
1963ж 16 маусымда ғарышқа тұңғыш әйел адам Валентина Терешкова ұшты. 1965 ж Алексей Леонов ашық ғарышқа шыққан тұңғыш адам.
Ерәділ: Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Оған Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Ол 1934 жылы дүниеге келіп, 1968 жылы ұшақты сынақтан өткізу кезінде дүниеден өтті.
Нұрәли: Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Ол ғарышқа 1991ж 2 қазанда «Союз ТМ -13» ғарыш кемесімен ұшып, 7 күн 22 сағат 13 минут болды.
Дәулет: Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.
Ол ғарышқа үш рет ұшты. 1994ж ұшып – 126 күн, 1998ж 208 күн,2001ж 8 күн болды.
Есенгелді: Айдын Айымбетов – 2015 ж «Союз ТМА -18М»ғарышкемесімен ғарышқа ұшқан үшінші адам. Ол ғарышта 10 тәулік болды.Биыл ғарышқа ұшудың 60 жылдығы тойлануда.
Ұшқыш болғым келедi
Нұрсая:
Көңiлi – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнiмен аспанның
Әзiлдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келедi!
Ақ үміт Күнге күлiп, күй тартқан,
Айға әнiн тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келедi!
Сара Мұздай болат киiнген,
Батпан қару үйiрген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйiлген
Ұшқыш болғым келедi!


Жансая:
Самат Таңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш болғым келедi!
Қуандық Ар, намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған,
Туған елiн - ұясын,
Жан - тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келедi!
Ұшқыш болмай немене,
Куат бiттi денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келедi!

Дария: Қазақстандағы Байқоңыр айлағының құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы пайдалануға берiлдi. Ғарыш айлағын салуға адам сирек орналасқан және өндiрiс орындарынан қашық, Алматы - Мәскеу темiр жолының Кызылқұмнан өтетiн аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзiнің түрлi мемлекеттерінен 150 - ден астам ғарышкерлер ғарышқа сапар шектi. Олар түрлi ғарыш апаттары арқылы ғарышты, шағын планеталарды зерттедi. Осы жерден ”Космос”, ”Протон” т. б. жердiң жасанды серiктeрi ұшырылды. Бейбiт мақсатта ғылыми жұмыстар жүргiзiлдi.
Сания:
Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды..
Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш аймағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан.
Амина:
Тұңғыш ғарышкер
Жазира бар ма мына далама тең!
Ғарышқа сол даламды ала кетем.
Аспанның сәуiрдегi сан жолында
Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.
Осы жол қайқаң етiп
Аспанға бiр
Атылған асқақ шыңдай
Асқанда қыр,
Сақина жасап ұшып
Мұзбалақтар,
Қонады төңiректi басқанда iңiр.
Сұлыухан Ел де - ана,
Тарих та - ана,
Өлең де - ана,
Анамыз - мынау байтақ ғалам - дала.
Есiмi Бостандықтың,
Табиғаттың –
Бәрi ана,
Анаң барда алаңдама!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет