Сабақтың тақырыбы: 73-сабақ. Заттың қимылын білдіретін сөздер



бет1/3
Дата25.05.2023
өлшемі2.66 Mb.
#474251
түріСабақ
  1   2   3
Омарова Данагул







ЗАТТЫҢ ҚИМЫЛЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы
М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Данагул Баратбековна

Пәні:

Ана тілі

Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

73-сабақ. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.4.1.1 айтылыуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту,есте сақтау арқылы жазу;

Сабақтың мақсаты

- мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын біледі.
- айтылыуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту,есте сақтау арқылы жазып қолданады.

Бағалау критерийлері

-мәтінде не туралы айтылғанын білді.
-айтылыуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазуды қолданды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
тың басы
3 минут

Өткенді пысықтау
5 минут


Сабақ
тың ортасы
20 минут

Сергіту сәті
2 минут

Сабақты қорыту
10минут


Кері байланыс
5 минут



І.Ұйымдастыру кезеңі:
Ширату жаттығулары арқылы жүреді.
« Біз қандаймыз?» әдісі
Біз қандаймыз? Әдемісің, әдептісің
Біз қандаймыз? Сенімдісің талаптысың
Біз қандаймыз? Ақылдысың тәртіптісің
Мұғалім: Біз бәріміз қандаймыз?
Біз тәртіпті Балалармыз
«Пазл» ойыны. Суреттер арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ «Жел»
2-топ «Найзағай»
3-топ «Жаңбыр»
4-топ «Кемпірқосақ»


«Тізбектеп оқу» әдісі.арқылы өткен сабақты пысықтау. 1-жаттығу. Мәтінді оқы.
Бәсіре
Алты жасар Аңсар атасымен қонаққа келді.
Дастарқан жайылып, қымыз құйылды. Аңсар мен Бекжан далаға ойнауға шықты. Бекжан жуас құнанды Аңсарға көрсетті.
– Мынау Қарақасқа құнан – менің бәсірем. Кел,мін, – деді.
– Мен бұрын атқа мініп көргенім жоқ, – деді.Аңсар – Онда маған мінгесіп ал! – деді. Ол Қарақасқаны тасқа жақын әкелді. Бекжан Аңсарды құнанға мінгізді.
Әдібай Табылды
«Ой ашу» әдісі арқылы тақырыпты анықтау
1.Буын дегеніміз не? (Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады)
2. Сөз дегеніміз не?(Сөз дыбыстан құралады.Ол белгілі бір мағынаны береді.)
3. Сөйлем дегеніміз не?
4.Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтары (кім? кімдер? не? Нелер?) 5.Заттың қимылын білдіретін сөз сұрақтары.
«Тауып көр»
Дәрігер емдейді.
Бие құлындады.
Мұғалім оқытады.
Ешкі лақтайды.
Ұшқыш ұшады.
Түйе боталайды.
Тігінші тігеді.
Сиыр бұзаулайды.
Жазушы жазады.
Жарайсыңдар балалар осылардың бәрін бір сөзбен не деп айтамыз.
Жаңа сабақтың тақырыбы:
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады: ұшты, жүргізді, барды, оқыды.
Оқылым.1-жаттығу.Мұғалімнің көмегімен « Жылдам оқу » әдісін қолданып,оқы.Мәтінді түсініп оқы.
Табиғат құбылыстары Табиғатта әртүрлі өзгерістер болып тұрады. Күн мен түн алмасады. Жаңбыр, қар, бұршақ жауады. Жел соғып, күн күркірейді. Найзағай жарқылдайды. Қар ериді. Су тасиды. Өзендер мен көлдерге мұз қатады. Табиғаттағы мұндай өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
«Дүниетану» анықтамалығынан • Табиғатта қандай өзгерістер болады • Табиғат құбылысына нелер жатады?
Жазылым. Дәптермен жұмыс 2-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз. Күн мен түн алмасады. Жаңбыр, қар жауады . Күн күркірейді. Найзағай жарқылдайды. Керекті сөздер: күркірейді, жауады, алмасады, жарқылдайды. • Жазған сөздеріңе сұрақ қой. Ол сөздер нені білдіреді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет