Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ғылым таппай, мақтанба»



Дата11.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
түріСабақ
Астана қаласы

63 мектеп-гимназиясы



қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Булекпасова Б.Ш


Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ғылым таппай, мақтанба»
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын Абайдың өмір тарихынан алған білімдерін тереңдете ұштастыра отырып, ақын өлеңімен таныстыру және өлеңдегі ой-сезім тереңдігіне бойлату, мазмұнын түсіндіру.

2. Тәрбиелілік: Абай және Абай өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, адамзаттың бейнесі арқылы үлгі-өнеге алуға шақыру.

3. Дамытушылық: Таным- түсініктерін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, жүйелі ой, жүйелі сөз арқылы сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе. Сабақтың мақсаты айтылады.

«Ой шақыру» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Абай кім?

2. Абайдың шын аты кім?

3. Қайда оқыды?

4. Абай шығармалары халықты неге шақырды?

5. Ақын қандай шығармалар жазды?



ІІІ. Негізгі кезең 1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ақын айтқандай, сабағымызды Абай өлеңін мәнерлеп оқудан бастаймыз. Сөздік жұмысы : жаңа сөздермен танысу, мағынасын ашу, түсіндіру.

2. Сөздікті пайдалана өлең мәтінін тағы оқып шығады да, бес асыл іс пен бес дұшпанға байланысты сөздерді екі бағанға ажыратады: Бес асыл іс Бес дұшпан


Бұдан кейін мұғалім толықтырады:

-алдында өмірден үміті бар адам бес жақсылыққа қолы жеткенше асығуы керек

-бес дұшпаннан қашық тұру керек

-жақсылыққа жету, жамандықтан құтылу

-не жақсылыққа жете алмай, не жамандықтан құтыла алмай қалу дүниеден орын таппау

-орын таппаған соң, адамның жайы болмайды

Ақын кітаптан, мектептен алатын біліммен ғана қанағаттанбай, өмірдің өзінен оқу керек, дүниедегі жақсылық пен жамандықтарды түгелдей білу керек , жақсысын қабылдап, жаманынан безіну керек деген өсиет айтады.

ІҮ кезең «Кім жүйрік?» ойыны арқылы

Жақсылыққа не жатады, жамандыққа не жатады? , яғни өздері білетін жағымды, жағымсыз қасиеттерді саралап беру. Екі топтан балалар шығып, тақтада көрсетілген кеспе қағаздың астыңғы тұсына сөздер жазып шығу керек. Одан кейін алдын-ала жазылған кеспелерден сөздер оқып, тиістісін тақтадағы сөздің тұсына іледі, яғни толықтыру. Оны дәптерлеріне түсірту.



Ү кезең Бекіту

Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды немесе карточка бойынша жүреді. Сұрақтардың мазмұны өлең мәтінінен алынады.



Сұрақтар:

1. «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі жастарды неге шақырады ?

2. Адам боламын деген жастарға не айтады?

3. Ол нені ғылым деп санайды? -

4. Кімнен үлгі алуды айтады?

5. Надандарға бой берме, шын сөзбенен өлсеңіз деуінен нені түсіндің?

6. Ақын өсиетінің бірі деп нені атап айта аласың?

Жауаптар:

1.Өнер-ғылым үйренуге шақырады

2. Адам боламын деген жастарға өсиет айтады -

3. Ол азаматтықты, әділеттілікті, адамгершілікті ғылым деп санайды.

4. Бес асыл істі үлгі етуді айтады, жақсылардан үлгі алуды айтады.

5. Әділ сөз, шындық алдында еш нәрсе кедергі бола алмайды

6. Өсиетінің бірі - білім алу, адам болу жолындағы кездесетін кедергілерге қарсы күресу.

Оқушылар өз сөзімен баяндау кезінде жағымды жағымсыз әректтерді таниды



ҮІ кезең өлеңді жаттау, INSERT таблицасын құру

Ү- білемін

- - білгеніме сәйкеспеді

+ - жаңа мәлімет



? - білгім келеді
ҮІІ Бағалау.
Каталог: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1393860334782393
1393860334782393 -> 63 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзахметова Жанна Даулетовна
1393860334782393 -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
1393860334782393 -> Сабақ тақырыбы: Қорықтар 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зейнелова Қ. Т. Астана, 2012
book-catalog -> Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
book-catalog -> Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 Күні: 12. 2015 Тақырыбы
1393860334782393 -> Кожахметова Жанат Кенжебековна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Эссе «Менің педагогикалық қызметім»
1393860334782393 -> Сабақ тақырыбы : Суды қадірлейік (орыс тілінде білім алатын 8 сынып оқушылары үшін)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет