«Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.
Келеңсіз жайттарды, ұнамағанды жеңіл, астарлы кекесінмен айту.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз, Артқыға қандай егін еккеніңіз! Жусақ та денемізден кетер емес, Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз»
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды. Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Батырдан барымташы туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!
3-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы ерекше белгіленген сөз тіркестерін
көркемдегіш құралдарға ажыратыңыз.
Дескриптор:
-сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;
-көркемдегіш құралдарды ажырата алады.
Эпитет
Көкірегі сезімді,
тілі орамды. Түбі терең сөз артық.
Метафора яки ауыстыру
Метонимия (алмастыру)
Ирония
Көңілінің көзі ашық.
Қисық-қыңыр, қырын келмей. Құлағың тосаңсиды.
Тасыр ұқпас, талапты ұғар. Туар даңғой. Мисыз бәңгі күлсе.
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Өзіңді тексер!
Бүгінгі сабақта:
- өлеңді мәнерлеп оқи алдым;
- өлең құрылысына талдай алдым;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алдым;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алдым.
Ақын ойын негізге ала отырып, өлең жазып жүрген құрбы-құрдастарымызға өлеңге қандай талап қойылатындығын айтып, сыни хабарлама жазыңыз.
Қосымша тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |