Қысқа мерзімді жоспар
«Адамды досына қарап таны»
III тоқсан
|
Мектеп: №47
|
Педагоктің аты-жөні
|
Байғалық Д.А
|
Күні:
|
24.01.2023
|
Сынып: 6 а
|
Қатысқандар саны: 24
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Адамды досына қарап таны»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
-Достастық пен татулыққа тәрбиелеу;
-Мейірімді болуға шақыру;
-Бауырмалдыққа үйрету.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Педагоктің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісін пайдалана отырып сабақты ізгі тілектермен бастау.
|
Мұғаліммен амандасу.
Оқушылар жанында отыратын жұптарына жақсы тілектерін айтады.
|
Тілектер:
Күнің қуанышқа толы болсын!
Әр күнің берекелі болсын!
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Дос тақырыбында сұрақтар қою.
Балалар, тағамнан дім татқан кезде не айтар едіңдер? ( дәмді-дәмсіз, пайдалы, тұзсыз т.б)
Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады.Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше,
« ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші.
Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )
« Достық » дегенді қалай түсінесіңдер? « Сиқырлы орындық » жаттығуын орындау.
Сахналау: « Тақтаға қағылған шеге »
- Өткен заманда бір кісінің өте бұзақы, сотқар мінезді баласы болған екен.Баласының бұл мінезіне кейіген әкесі күндердің бір күнінде оны шақырып алып, былай дейді.
Әкесі: -Міне, мұнда тақта мен шеге, балға қойдым.Сен енді күнде қаншама адамды ренжітсең, тақтаға сонша шеге қағып жүр. Апта соңында тағы сөйлесеміз.
Аптаға толмай бала 3 күнде 37 шегені бірден қағып тастайды, апта соңында тақта толып, баланың шегесі таусылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |