Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері



бет1/9
Дата23.09.2024
өлшемі59.65 Kb.
#503880
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
қарым-қатынас тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы:

Адами қарым-қатынас ізгіліктері

Жалпы мақсаты:

  • Адам өміріндегі қарым - қатынастың мәні туралы алғашқы түсінікті беру. Оқушылардың бір-бірімен жағымды қарым - қатынасын (отбасында, аулада, сыныпта, мектепте, ұжымда) дамыта отырып, көңіл күйін басқара білуге үйрету. Адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу;

  • Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету;

  • Ұжыммен бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың адамгершілік сезімдері оянады, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді. Ұжыммен бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс істеу әрекеттері қалыптасады.

Оқыту нәтижелері

  • Оқушыларға жағымды, ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін, маңызын түсіндіру;

  • Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

  • Жағымды қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу.

Түйінді идеялар:

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде Ж. Баласағұнидың
Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та бақыт та қонбайды. Адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс - әрекеті арқылы жеңіске жетеді. Яғни біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойларымыздан, жағымды қарым - қатынастан, жақсы істерімізден туындайды екен.

Дәйексөз:

«Өмір теңіз. Жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» А.Рудаки.

Негізгі идеялар

Адамдар арасындағы қарым-қатынас өте нәзік дүние. Адами қарым-қатынас әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке негізделеді. Адамдар арасындағы ондай қатынас ілтипатқа, халықтың сүйіспеншілігіне бөлейді деген ұғымды есте сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет